400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Отынның жануы және энергияның бөлінуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Отынның жануы және энергияның бөлінуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні:


Пән/Сынып:

Химия, 8-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

22- сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

VI тарау. Химиялық реакциялардағы энергиямен танысу

Сабақтың тақырыбы:

Отынның жануы және энергияның бөлінуі

Оқу мақсаты:

8.3.1.1 -заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну

8.3.1.2 -парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну

Бағалау критериі:

  • заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіндіреді

  • парниктік эффекттің себептерін түсіндіреді және шешу жолдарын ұсынады

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі. Бүгінгі жұмыс мақсатымен таныстыру. Бейнематериалды көре отырып, сабақты түсіндіру. Бекіту тапсырмалары және оқу тапсырмалары беріледі. Сабақты қорытындылау


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Бекіту тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

1 тапсырма

Отынның алыну жолдарына анықтама беріңіз, мысалдар келтіріңіз

2 тапсырма

Парниктік әсердің пайда болуына және бұл құбылысқа қарсы тұруға көмектесетін адамзат іс-әрекеттерін анықта

Жеке жұмыс

Оқу тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындайды

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме! Сіздер заттардың жанған кезде жылу бөлінетінін жақсы білесіздер. Жылу бөлінген заттардан түзілген химиялық реакцияларды оқып-үйренесіңдер..

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Отынның жануы және энергияның бөлінуі

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

  • жану процесі

Сенің меңгеретінің:

  • оксид – заттың жану реакциясының өнімі;

  • құрамында көміртек бар отын оттекте жанғанда көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртектің түзілуі;

  • парниктік эффектінің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну

Сабақтың мақсатымен таныстыру



Презентация





Слайд 1




Слайд 2







8 минут















Жаңа сабақ

Жанғанда жылу бөлетін заттарды отын деп атайды.

Отын табиғи және жасанды отын деп екіге бөлінеді. Табиғи отын: Таза күйінде алынған: тас және қоңыр көмір, табиғи газдар, ағашкөмірі, жанғыш сланец, шымтезек.

Жасанды отын: Мұнай өнімдерінен алынған бензин, керосин, мазут жатады.

Барлық отындардың түрлері белгілі бір элементтерден, әртүрлі құрамда болады. Отын негізінен екі элемент топтарынан тұрады.

1.Бірінші топ элементтеріне жақсы

жанатын, жануды қолдайтындар кіреді. Олар: көміртек, сутек, күкірт, оттек.

2.Екінші топқа жанбайтын және жануды қолдамайтын азот элементі жатады.

С + O2 = СО2 + Q

СО2 + C = 2CO + Q

Агрегаттық күйіне байланысты:

қатты отындар: Тас көмірді ауаның қатысынсыз 1000-1100С –да өңдеу арқылы кокс алынады, оның құрамында 87% көміртек бар.

сұйық отындар: Мұнайда айдау тәсілі арқылы алатын бензинде болатын көмірсутектер.

газ күйіндегі отындар: Қатты отындарды генераторларда өңдегенде түзіледі.

Сутегі болашақтың өнімі:

Тиімділігі:

  • сутегі қалдақсыз жанады, зиянды

қосымша өнімдер түзілмейді

  • сутектің табиғи көзі су болғандықтан,

оны өндіру мүмкіндігі шексіз.

Қолданысқа енбеу себебі:

  • өндіру технологиясы бойынша суды

айыруға электр энергиясы көп жұмсалады.

  • сақтау тәсілі, оның үлкен көлем

алуында;

  • Сутегінің ауадағы оттегімен қопарылғыш

қоспасын түзуінде

Парниктік эффект жылулық газдардың әсерінен жылудың артуымен және қайтадан жан-жақа шағылысуымен сипатталады. Жылудың шағылысқан бөлігі жердің жоғары қабаты мен төменгі атмосферасына бағытталады.

Парниктік газдар әсері нәтижесінде ауаның орташа температурасы көтеріледі. Көмірқышқыл газы мен метанның шамадан тыс бөлінуі жер бетінде жылудың ұзақ тұруына әкеліп, парниктік эффектіні күшейтеді. Бұл жағдай климаттың жылынуына алып келеді.

Мәселені шешу жолдары:

  • Атмосфераға шығарылатын газдардың

мөлшерін экологиялық құрылғыларды қолдану арқылы төмендету, сонымен қатар фильтрлер мен катализатор қолдану;

  • Энергия көздерінің құрылымын өзгерту.

Балама энергия (күн, жел, су, топырақтың температурасы) үлесін арттыру. Энергетикалық ресурстар көздерінің қолданылуын азайту;

  • Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте

экологиялық таза және төмен көміртекті технологияларды қолдану;

  • Шикізатты қайта өңдеуді арттыру;

  • Ормандарды қалпына келтіру, орман

өрттерімен күресу, жасыл көшеттер ауданын ұлғайту;

Жаңа тақырыпты меңгеру



Презентация

Слайд 3







Слайд 4

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/otynnyng-zhanuyu





Слайд 5









Слайд 6











Слайд 7

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/otynnyng-zhanuy



Слайд 8

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/otynnyng-zhanuy










9 минут


















1 тапсырма

Отынның алыну жолдарына анықтама беріңіз, мысалдар келтіріңіз

Кестеге толтырыңыз.

түсінік

анықтама

мысалдар

табиғи отын



жасанды отын



Жауабы:

түсінік

анықтама

мысалдар

табиғи отын

табиғаттан сол күйінде алынған отындар


тас және қоңыр көмір, табиғи газдар, ағашкөмірі, жанғыш сланец, шымтезек


жасанды отын

мұнай өнімдерінен алынған отындар


бензин, керосин, мазут




2 тапсырма

Парниктік әсердің пайда болуына және бұл құбылысқа қарсы тұруға көмектесетін адамзат іс-әрекеттерін анықта


Өсу

Кему

Үй жылыту үшін күн панельдерін пайдалану



Электр энергиясын өндіру үшін көмірді пайдалану



Ағаштар отырғызу арқылы бүлінген жерлерді қалпына келтіру



Ұшақпен саяхаттау





Жауабы:


Өсу

Кему

Үй жылыту үшін күн панельдерін пайдалану


+

Электр энергиясын өндіру үшін көмірді пайдалану

+


Ағаштар отырғызу арқылы бүлінген жерлерді қалпына келтіру


+

Ұшақпен саяхаттау

+




Жаңа тақырыпты меңгеру


Дескриптор:

Отынның алыну жолдарының анықтамасын біледі және мысалдар келтіреді
























Дескриптор:

парниктік әсердің пайда болуына және бұл құбылысқа қарсы тұруға көмектесетін адамзат іс-әрекеттерін анықтайды






Слайд 9











Слайд 10

















Слайд 11



















Слайд 12












2 минут








Бекіту

Сабағымызды қорытындылайық.

Оқу тапсырмасы:

  1. Металдар мен бейметалдардың жануы

кезінде түзілетін заттарды атаңыз, реакция теңдеуін жазыңыз.

  1. Парниктік эффектіні тудыратын газдарды

жазыңыздар


Бүгінгі сабақта:

  • заттың жану реакциясының өнімі

көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіндірдім

  • парниктік эффекттің себептерін түсіндім

және шешу жолдарын ұсындым

Тақырыпты меңгергенін анықтау



Слайд 13







Слайд 14




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26.11.2025
33
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі