Отырар кітапханасы 6-сынып

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Отырар кітапханасы 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау. 6.3.5.1 -оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Отырар кітапханасы

6-сабақ.

Бөлім:

9-бөлім: Əлемдегі ірі кітапханалар. Морфология

Үстеу. Үстеудің мағыналық түрлер

Педагогтің аты-жөні:

Габбасова Б.З.

Күні:


Сыныбы: 6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Отырар кітапханасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау.

6.3.5.1 -оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Тыңдалған мәтіннің мазмұнынан детальді ақпаратты анықтайды, негізгі ойды іріктеп, жинақы мәтін жазады;

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Балаларға арналған кітапханаларға бардың ба?

2.Онда қандай талаптар бар?

3. Өзіңнің жеке кітапханаң бар ма?

-Халқымыз неге кітапты қазынаға балаған?

-Кітап қорын сақтап қалу үшін не істеу керек?

-Қандай ірі кітапханаларды білесіңдер?

- Соңғы рет кітапханаға қащан бардың және қандай кітап оқыдың?

-Әлемдегі екінші кітапхана-Отырар кітапханасы қайда орналасқан?

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Оқулық

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

1-тапсырма.

Интербелсенді тақтадан «Отырар кітапханасы» туралы аудиожазба ұсынылады. Оқушы бойында таным түсінігін қалыптастыру мақсатында «Түртіп алу» әдісін пайдаланамын.


1-топқа

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, детальді ақпаратты анықтаңдар.

2-топқа

Тыңдалған мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеңдер.

3-топқа

Мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі ойларды талқылап, тұжырымдаңдар.


Дескриптор:

-аудиожазбаны мұқият тыңдайды,мазмұнын түсінеді;

-детальді ақпараттарды анықтайды;

- негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді;

-негізгі ойларды талқылайды;

-мәтіннің мазмұнын тұжырымдайды;

https://www.youtube.com/watch?v=0u4ICe4Qj3g



2-тапсырма.

«Сканерлеу» әдісімен мәтін мазмұнымен танысады. Тапсырмалар сараланып беріледі.

Проблема «Отырар кітапханасының күйреуі»

Себебі...

Салдары...

Проблемның шешілу түйіні немесе қорытынды.


«Фишбоун» әдісі арқылы «Отырар кітапханасы» мәтінін талқылайды. Мәтіннен алған түсінігін қорыту, өмірмен байланыстыру, дәлелдеуді қажет ететін «Фишбоун» әдісімен жұмыс жасауда оқушылар  берілген балық қаңқасына проблеманы, оның туындау себептерін анықтайды,  дәлелдерін келтіреді, қорытынды жасайды. Негізгі проблема мен қорытындыны оқушылар топта бірлесіп анықтайды. 


Дескриптор:

-мәтін бойынша «Отырар кітапханасының күйреуі» туралы мәлімет жазады;

-Күйреудің себебі мен салдарын анықтай алады;

-өз ойын жүйелі түрде қорытындылап, түйінін шеше алады.


Оқулық

жұмыс дәптерлері, «Балық қаңқасы» сызбасы



3-тапсырма:

«Артығын тап» әдісі. Мәтіннің ішінен қажет емес сөздер мен сөз тіркестерін анықтап, мәтінді жинақтайды.

Отырар кітапханасы

Жібек жолы бойымен кіре тартқан көпестер мен қала тұрғындары ең құнды сыйлық ретінде Отырар әкіміне қала макеті, кітап, суретті альбом сыйлауды дәстүрге айналдырды, тіпті бұл мемлекеттік рәсім ретінде қабылданып, ресми сипат алды, міндетті еді. Бұқаралық ғұлама Рузбехан: «Отырар кітапханасындағы қолжазба кітаптарды, оқулықтарды тек қала тұрғындары емес, шалғайдағы Сығанақ қаласының тұрғындары да пайдаланып отырды»,-деп жазады.

Әлемнің екінші үлкен білім бұлағы - Отырар кітапханасы Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде өртке оранды, жоғалып кетті. Бұрын Фараб аталған бұл қаладан тек ислам әлеміне емес, күллі дүниежүзіне аты мәшһүр, әлемдік ғылымға сүбелі үлес қосқан оқымыстылар шыққан-ды.Солардың ішіндегі ең атақтысы-біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби мен Мәшһүр Жүсіп. Ол әлемнің екінші ірі кітапханасынан білім нәрімен сусындап өсті, білімін жетілдірді. .Мұнда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап, ортағасырлық еуропа, араб және қытай ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған. Міне, осындай кітап қоры бай кітапхана мен қала шапқыншылардың аяғына тапталады. Бұл-1218 жылдың күзі болатын.

(қою қарамен жазылған сөздер мен сөз тіркестері қажетсіз сөздер)

Дескриптор:

  • мәтіндегі негізгі ақпараттарға сүйеніп, жинақы мәтін жазады.

  • негізгі ойға қатысты сөйлемдерді іріктейді.

  • Мәтін бөліктерін ретімен біріктіреді.

  • негізгі ақпараттарға өз көзқарасын білдіреді.


Оқулық

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.




Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!

Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.



Үй тапсырмасы:

Әлемде Мысырдағы Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орынды иемденетін Отырар кітапханасы туралы не білесіңдер?








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.07.2025
108
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі