отырған «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» атты патриоттық әндер сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

отырған «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» атты патриоттық әндер сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
отырған «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» атты патриоттық әндер сайысына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балалардың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Залда музыка ойнап тұрады:

Көрініс- Би: «Рухани жаңғыру»

Ән: «Домбырасыз сән қайда» әні орындалады.

(Әннен кейін жүргізуші шығады):

Гаухар: Тәуелсіздік таңын сүйем,
Таңмен бірге келді ме өлең
Көк туына басымды ием
Көгімізде желбіреген.
Аласармас аспанымда
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында
Бостандықтың желі еседі- деп.... Құрметті балалар, әріптестер, «Рухани жаңғыру» аясында өткелі отырған «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» атты патриоттық әндер сайысына қош келдіңіздер! Биыл  еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 27жыл толып отыр.
 - Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген құрметті балалар, мереке құтты болсын! 

(Күй ойналады . Ортаға Қазбек би келеді.)

Қазыбек би: Ассалаумағалейкум , халайық! Амансыңдар, балаларым! Мен  Қазыбек би боламын. Бұнда не жиналыс?

Гаухар, балалар: сәлеметсізбе , Қазыбек би, бүгін бізде тәуелсіздік күні үлкен той!

Қазыбек би:  Құтты болсын! Ал, қазір елді кім басқарады?

Балалар:  Елбасы, Президент Н.Ә.Назарбаев.

Қазыбек би: Балалар, сендер қандай Мемлекетте тұрасыңдар?

Балалар: Қазақстан Мемлекетінде тұрамыз.

Қазыбек би : Қазақстан қандай Мемлекет?

Балалар: Егеменді, Тәуелсіз Мемлекет-!

Қазыбек би : Дұрыс балалар, сендер бәрін біледі екенсіңдер.

Гаухар: - Құрметті ,Қазыбек би, бүгін бізде Тәуелсіздік мерекесіне арналған сайыс өткелі жатыр, сол сайысымызға төрелік етіңіз!

  1. Балабақша директоры: Жулдыз Жумакановна

  2. Балабақша психологі: Меруерт Ерлановна

  3. Қазбек би

Патриоттық әндер сайысы 2-кезеңнен тұрады:

1-ші кезеніміз: «Ән орындау»

2-ші кезеңіміз: «Өлең жолдарын мәнерлеп оқу»

Сонымен,сайысымызға қатысушылар дайынсыңдар ма? Сендерге бір кішкентай құпия ашайын:әр бір сайысқа қатысушы жеңу үшін келіп отыр, әділ-қазылар мұқият қарап отырады. Көрермендер тындауға, қарсылас топтарға қолдау көрсете аламыз ба? Олай болса сайысымызды бастайық!

Гаухар:

Астана əсем қаласың

Көркейіп жылда барасың

Бауырына тарта бер

Қазақтың əр баласын – деп «Болашақ» тобының «Астанам-Астана» әніне кезек берейік.

Гаухар: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
– дей келе «Керуен» тобының «Сәлем,Қазақстан» әнін тыңдап көрейік.

Гаухар: - Рақмет, кішкентай ботақандар! Өнерлерің үстем болсын!

Сайысымызды ары қарай жалғастырайық!

«БАЛАУСА» тобының «Отаным» әнімен қарсы алайық!

(Балалардың шығуы: )

Қазыбек би : Бәрекелді , балалар, сендерге ризамын, жауаптарың да, өнерлерің де тамаша. (отырып айта береді)

(Осы кезде атымен шауып Алдар Көсе кіреді) –

Тұлпары биік тулаған,

Тулары биік самғаған.

Жауға қатты қасарып,

Шындықпен елін қорғаған,

Алдар Көсе мен болам!


Ассалаумағалейкум, балаларым менің! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Отан деген сөздің мәні 21 ғасырда да жойылмаған екен. Мен сендерге ризамын. Отанды үлкен де, кіші де сыйлайды екенсіңдер. Сендерге мен өзіммен бірге асықтар ала келдім. Оларды жай әкелген жоқпын, сендермен бірге ойын ойнасам деп ала келдім. Сендерді білімді, өнерлі балалар деп естігенмін, соны өзім көргелі келдім.

Гаухар: Балалар, ән шырқадық, би биледік, ендеше, бір  ойын ойнайық!

Ұлттық ойын: «Ханталапай»

Гаухар: - Рақмет, саған Алдар! Балаларымыздың ойын ойнап көңілдерін бір көтеріп тастадың. Біздің мерекеміздің қонағы бол! Жоғары шық!

Алдар Көсе, Тәуелсіздігімізді алғанымызға 27-жыл толды. Аспанымыз ашық, шаттық -қуанышымыз көп болсын деген тілекпен Сағындық Санжардың орындауында «Аспаным» әнін қабыл ал!

Гаухар: - Рақмет, Санжар! Өнерің үстем болсын!








Гаухар:

Тәуелсіздік таңы атты  біз  аңсаған,

Туған елім жайында  мен  ән салам

Еркіндікті арман етіп ата-бабам,

Ерлігімен  өз жерін қорғай алған.

Тебіренді тауың, желпінді далаң,
           Көтерді көкке туларды ғалам.
           Мереке күнімен сені,
            Құттықтау үшін келіп тұр балаң! – сайысымыздың екінші кезеңі
«Өлең жолдарын мәнерлеп оқу»

Олай болса, «Балауса» тобын ортаға шақырайық!

(Балауса тобының тақпары айтылады)

Гаухар: - Рақмет айтамыз, бүлдіршіндерімізге!

Гаухар: келесі кезекте «Керуен» тобын тыңдайық!

(Керуен тобының тақпары айтылады)

Гаухар: - Рақмет ,балалар!

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан

Шырқатып ән салған күн- деп сонғы «Болашақ» тобынның өнерің тамашалайық!

Гаухар: - Рақмет ,балалар!

Гаухар: - осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Ендеше, әділ-қазыларымыз шешімдерін шығарғанша сахнамызда «Батырлар» биін тамашалайық!

Гаухар: - Рақмет ,батырларымызға!

Әділ-қазылар алқасы Жулдыз Жумакановнаны ортаға шақырайық.

Мараппатау.

Қазбек би:  Сендермен біраз көңілім көтеріліп, бой жазып қалдым ғой! Шыныңда да 21 – ші ғасырдың балалары  өнерлі, білімді, алғыр екен. Енді менің сендермен қоштасатын кезім келді. Елімізде әрқашан тыныштық болсын, бейбітшілік заман болсын! Еліміздің іргесі аман болсын, ертеңгі жол ашатын бүлдіршіндер аман болсын! Барлық тілектер қабыл болсын! Аумин! Балаларым сау болыңдар!

(Алдар-Көсе шығып кетеді)


Гаухар: -  Балалар және қонақтар, еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған сайысымыз өз мәресіне жетті. Еліміздің Тәуелсіздігі құтты болсын! Ортаға «Керуен» тобының бүлдіршіндерін шақырамыз.

(балалар жалаушаларды жоғары көтеріп желбіретеді. Музыка әуенімен шығып кетеді.)







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі