400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

О.Турманжанов-Карлыгаш

Материал туралы қысқаша түсінік
УСТАЗДАРГА
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы:  «Қарлығаш»  Ө.Тұрманжанов

Сабақтың мақсаты:

          Өлеңнің мазмұнын  меңгерте отырып, табиғат пен адам баласының арасындағы байланысты меңгеру

        Ойлау  дағдыларын қалыптастыра  отырып,  өлеңді мәнерлеп оқуға, өз сөздерімен әңгімелесуге, ауызекі сөйлеуге машықтандыру

       табиғаттың адам өміріне, жан- жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми  түсінік беру, қоршаған ортаны сақтауға  тәрбиелеу.

         Сабақтың типі: Жаңа білім енгізу

         Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

         Қолданылатын әдіс- тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ- жауап, шығармашылық жұмыс, жұптық жұмыс.

         Сабақтың барысы:

         І.Ұйымдастыру  кезеңі.

         Психологиялық тренинг: Оқушылар шаттық шеңберге шығады. -Кел,жаныма тұр сыныптас, Өз алақаныңды маған аш. Міне,менің қолым бос, Жылуыма жылу қос!

  • 1-барлық

  • 2-істе

  • 3-саған

  • 4-сәттілік

  • 5-тілеймін.

  • 6-алақандарын қосады. РАХМЕТ!

  ІІ. Үй тапсырмасын  сұрау

Өтебай Тұрманжанов “Жаралы торғай”

І топ Өлеңді жатқа айту ІІ топ Ұяны бұзған балаға хат жазу ІІІ топ “Торғайға көмек” жаралы торғайға кезіксең не істер едің? Бекіту  сұрақтары: -Торғайдың  не үшін ән  салуға зауқы болмады? -Торғайдың қасына  жақындаған  кезде, ол не істеді? -Автордың айтайын деген негізгі ойы қандай? Қызығушылықты ояту: Шашылған әріптер мен суреттерді құрастыру. ІІІ. Жаңа тақырып. Ендеше, Ө.Тұрманжановтың  «Қарлығаш» деген өлеңімен  танысайық.   1)Автор туралы түсінік беріледі. Ө.Тұрманжанов- 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы Жалғызағаш  ауылында дүниеге келген. Жастай жетім қалып, жетімдер үйінде тәрбиеленген. Ө.Тұрманжанов- қырыққа  жуық кітаптың авторы. Ол балаларға  арнап көптеген шығармалыр жазған, оның тақырыптары да әр  түрлі. Соның бірі- «Қарлығаш» өлеңі. Қарлығаш – айыр құйрықты қанаттары ұзын, әрі үшкір келетін, шағын денелі қара ала құс.Қарлығаш сөзі “қара”, “ала”, “құс” деген сөздердің бірігуінен шыққан Басқа құстардан бір айырмашылығы-жемін ұшып жүріп ұстайды, суды да ұшып жүріп ішеді Қазақстанда 5 түрі кездеседі. Олар: 1) Жар қарлығашы 2) Құз қарлығашы



3) Қос реңді қарлығаш 4) Сепкілтөс қарлығашы 5) Кент қарлығашы кездеседі. Қарлығаш пен дәуіт туралы ертегісін видеороликтен көрсету. Оқулықпен жұмыс: Оқушылар шумақ бойынша тізбектей оқиды. Жұптық жұмыс: 1-жұп Қазақстанда қарлығаштың неше түрі бар? 2-жұп Ұяда қанша балапан бар? 3-жұп Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді? 4-жұп Қарлығаш жыланнан қалай құтылды? 5- жұп Қарлығаш ұясын қалай салады? 6 - жұп Құстар туралы мақал айт 7-жұп Қарлығаш туралы аңыз білесің бе? 8-жұп Қарлығаш ананың бар арманы не еді? 9-жұп Дәуіт жыланға не істеді? 10-жұп Қарлығаш жемтігін қалай ұстайды? Сергіту сәті: Шиыршық (Сұрақтарды ақ қағазға жазып,бірінің сыртына бірін орап допқа ұқсатып,сазды әуен ырғағымен билеп тұрып жалғап бере береді.Әуен тоқтағанда доп кімнің қолында қалды, сол сыртқы қағазды алып сұраққа жауап береді. ) 1.Өлеңнің авторы кім? 2.Қарлығаш жемтігін қалай аулайды? 3. Дәуіт жыланды қалай жеңді? 4. Өлеңдегі кейіпкерлерді ата. Топтық жұмыс: Ермексаздан әр топ өз кейіпкерін жасап сипаттама беру. І топ Дәуіт ІІ топ Жылан ІІІ топ Қарлығаш Қорытынды: “Сұрақ-жауап” әдісі Қарлығаш қандай құс? Ол қарманып не жасады? Ұяны неден жасады? Қарлығаштың балапандарына не жауыздық жасамақшы болды? Не көмекке келді? Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту. Өлең мазмұнына сәйкес сурет салу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
1001
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі