Тәрбие
сағатының тақырыбы:
«Оян, ар мен
адалдық»
Мақсаты:
1. Оқушыларға адам
бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып адамгершілікке
тәрбиелеу.Оқушыларға адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай
білуге,адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға
баулу.
2. Оқушыларға адамдардың
өмірінде әділдік пен адалдықтың алатын орны ерекше екені туралы
ой-пікірлерін кеңейту.
Құндылық : ар-ұят, ұлттық
мүдде.
Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: «Ғажайып айна»
әдісі арқылы оқушылар
өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерін айтып
береді.
Топқа
бөлу. «Шар» әдісі арқылы топқа бөлу.Оқушылар өздері ұнаған түсті
таңдап , сол түсті топқа барады.
1-ші топ
Адалдық ( көк түсті шар )
2-ші топ Шыншылдық (
сары түсті
шар )
3-нші
топ Адамгершілік (
жасыл түсті
шар)
Тапсырма №1.
Әр топ
мүшелері өздерінің топ атауларына байланысты ақын - жазушылардың
өлең жолдарын айтып беру .
Тапсырма № 2.
Проблемалық жағдаяттарды
шешу:
1-ші
топқа -*Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені
көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?
2-нші
топқа -
*Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не
істейсің?
3-нші
топқа -
*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып
жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не
айтар едің?
Тапсырма № 3.Мақал – мәтелдің жалғасын
табу.
1-ші
топқа –
«Адамгершілік болмай,
............ » . (Әділдік болмас).
«Адамның ұяты бетінде,
…………………..» . (Адамгершілігі
ниетінде).
2-нші
топқа –
«Кең
болсаң, …………….. » (кем болмайсың).
«Қолы ашықтың,
…………….
»
(жолы ашық).
3-нші
топқа –
«Қайырымдылық жасасаң, ……………» (Қайырын өзің
көресің)
«Өзіңді өзің сыйламасаң,
............... » (Өзгеден сый
күтпе)
Тапсырма №4 . Қанатты сөздердің мән-мағынасын
ашу.
1-ші
топқа :
«Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе
байланысты» . Әл –
Фараби
2-нші
топқа: «Шындық – суреткердің ұлы міндеті». Бауыржан
Момышұлы
3-нші
топқа : «Кішіпейілділік — адамгершілік көркі».
Бауыржан
Момышұлы
Тапсырма № 5. Пікірталас (Мысалдар мен дәйексөздермен берілген
тақырыпқа шолу жасау)
1-ші
топқа : Адалдық қағидасы дегеніміз не
?
2-нші
топқа: Шыншылдық қағидасы дегеніміз
не?
3-нші
топқа: Адамгершілік қағидасы дегеніміз
не?
Рефлексия.
«Жүректен
жүрекке».
Сабақтан не түсіндік? Не
ұнады? Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; АДАЛДЫҚ
— адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана — сезімі
мен ар — ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық — этикалық
жиынтығы.
Жүректен — жүрекке
шеңберімен аяқталады. Оқушылар бір біріне жүрек жарды тілектерін
айтып стикерге жазады.
Қорытынды