Материалдар / «Оян,ар мен адалдық»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Оян,ар мен адалдық»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Оян,ар мен адалдық»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2024
157
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Күні

27.11.2023

Класы, жетекші

6 А

Сабақтың тақырыбы

«Оян,арменадалдық»

Мақсаты

Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап,құрметтей білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу. Ар мен адалдық ұғымын түсіндіру.

Оқушы бойына қайырымдылық қасиеттерді сіңіру.

Күтілетін нәтижелер



Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады;

Ар мен адалдық тақырыбын меңгереді.

Өмірмен байланыстыра алады.

Керекті жабдықтар


Интерактивті тақта,флипчарт, фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу.

Құндылықтар

«Еңбегі адал жасөрен» жобасы

Әдеп нормаларын ұстану;

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)



















Тұсаукесер

(10мин.)


1.Оқушылармен амандасу.

- Сәлематсыздар ма, оқушылар?

2. Стикер арқылы 3 топқа бөліп алу. Ең алдымен 3 топқа бөлінейік. Мен сіздерге қазір стикер таратамын, кімде бірдей стикерлер болады солар бір топта жұмыс жасайды. (Оқушылар топқа бөлінеді).

Ол үшін оқушылар стикерге жазылған Адалдық, Ар-намыс, Адамгершілік тақырыптарын таңдап алады.

І топ. «Адалдық»

ІІ топ. «Ар-намыс»

ІІІ топ. «Адамгершілік»

3.Ынтымақтастық атмосферасы.

Үлкенге де “сіз”

Кішіге де “сіз”

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз


Сабақтағы жақсы көңіл күй. Әдемі тілектер айту. 3 топқа парақтар таратылады, олар бір-біріне арнап тілектер айтады..


Ой қозғау.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

Сынып сағатымызды бастамай тұрып, бір ойын ойнайық. Бәріміз ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық. Кубик арқылы бір-бірімізбен сәлемдесейік. Жарайсындар балалар, орнымызға жайғасайық. Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы “Оян, ар мен адалдық”. Кім біледі ар деген не, адалдық деген не? Дұрыс айтасындар балалар.

Сабағымыздың мақсаты: Үлкенді сыйлап,құрметтеу,қайырымды болу деген жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру.

Сабақ барысы айтылады.

- Балалар, қазір назарларыңа шағын слайд ұсынамыз.


Мұғаліммен амандасады.


Стикерлерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.












Оқушылар бір-біріне тілек тілеп,орындарына отырады.


Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына қол көтеру арқылы жауап береді.





Презентация тамашалап, қойылған сұрақтарға жауап берулері қажет.

Оқушылар сабақтың мақсатын төмендегіше анықтайды.




Негізгі бөлім

(15мин)



Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердін бірі. «Адалдық» деген сөз шыншылық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы.

Ар — моральдық сана-сезім ұғымы әрі этика категориясы: жеке адамның өзінің қоғамдағы маңызын сезінуін және қоғамның осы маңыздылықты тану сәттерін қамтиды. Өзінің мазмұны және өзіңде көрініс табатын моральдық көзқарастың табиғаты жөнінен Ар-ұждан ұғымы "намыс" ұғымымен теңдес.

Ар мен адалдық тақырыбы бойынша қазақтың небір ғалымдары өз ойларын жазып, келешек ұрпаққа қалдырып кеткен.

Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.”- Шоқан Уалиханов

Адалдық: өзі алданса алданар, өзі ешкімді алдамас.” – Ғабит Мүсрепов

Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі – ел бастар.”– Жамбыл Жабаев

Досқа адалдық - рухқа адалдықпен бірдей. – Тоқсары

Адалдық сөзін естіген кезде адал досымыз есімізге келеді. Адамда екі дос болады, бірі адал дос, екіншісі амал дос.

Адал дос - өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі.

Амал дос - тек өзіне қажет уақытта дос кейпін танытып, басыңа қиындық түскен кезде сені жалғыз қалдырып кетеді, тіпті "сатып" та кетіп жатады.

Сондықтанда балалар досты дұрыс тандау керек. Балалар сендердін адал достарын бар ма? (Балалар өз жауаптарын аитады).

Адал дос пен амал досты ажырата білу үшін бір ойын ойнайық.

Ойын ережесі: Балалар экранда шыққан сөздерді сәйкестендіріп адал дос пен амал достын қаблетін ажырату қажет.

Өте керемет!

Сынып сағатымызды әрі қарай жалғастырайық. Адалдық, ар-намыс сияқты қасиет әр адмның бойында болу керек. Бұл қасиеттер өмірде өз орнынды тауып, адал еңбекпен нан табуға көмектеседі.

Балалар назарымызды кішігірім видиороиликке аудараиық:

Мұрат Кенжебаевтың «Кісі ақысы» әңгімесін тыңдайық.

Балалар бұл жағдаяттан не түсіндіндер?

(Оқушылыр өз түсінгендерін аитады)

Дұрыс аитасындар, керемет!

Ал енді сынып сағатымыз қызықты өту үшін “Мақал-мәтел тапқыры” атты тағы бір ойын ойнайық.

Ойын шарты:Сіздер ар және адалдық туралы мақал-мітел тауып жарысасыздар. Сіздерге 3 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде қай топ көп мақал-мәтел тапса, сол топ жеңіске жетеді.


Әр топ біріге отырып,берілген тапсырманы өзара талқылап, топ алдында баяндайды(диалог немесе көрініс көрсетуге болады.)





Топта өзара талқылап,ауызша баяндайды.





































Мұрат Кенжебаевтың «Кісі ақысы» аудио әңгімесі

Қорытынды

(10мин.)




Қорытындылау.

Бүгінгі сынып сағатымыз соңына келіп жетті. Сіздерге таратылған қызыл және жасыл түсті қағаздар арқылы өз алған әсерлерінді білдіре аласындар. Сынып сағаты ұнаса жасыл қағазды көтерініздер, сынып сағаты жалықтырарлық болса қызыл қағазды көтерініздер.

Сынып сағатымызды қорытындылай келе әрқашан адал болуымыз керек. Қандай жағдай болмасын адал жолмен жасау керек. Қазақта «Адалдық – ардын ісі» деген сөз бар. Ар-намысымыз жерге тапталмас үшін адалынан нан тауып білуіміз керек. Адал дос пен амал досты ажырата білуіміз керек. Өмірімзде ең маңызды тандаулардын бірі - дос тандау. Сол себепті досты дұрыс тандай білейік.


Сау болыңыздар!


Карточка бойынша өз қорытындыларын жасайды.


Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.








.



















«Адалдық»









«Ар-намыс»









«Адамгершілік»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!