400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

«Ою ойғанның ойы ұшқыр»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ою ойғанның ойы ұшқыр»
Материалдың қысқаша нұсқасы





Дарынды балаларға арналған мамандандырылған

С. Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп- интернат кешені





Сабақтан тыс іс- шара

Тақырыбы:

«Ою ойғанның ойы ұшқыр»













Орал. 2018-19



Сабақтан тыс сайыстың мақсаты: Оқушыларды қазақтың ұлттық ою-өрнек өнерін, салт-дәстүрін, төл мәдениетін қастерлеуге баулу және олардың ұшқыр ой, әсемдік талғам, белсенді біліктілік, шеберліктерін дамытуға ықпал ету.

Көрнекі құралдар: слайд, қолөнер бұйымдары.

Қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, топтық жұмыс,практикалық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: көркемеңбек, ана тілі, ән.

Сайыс барысы:

Кіріспе.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Ою ойғанның ойы ұшқыр» сайысына қош келдіңіздер.

Қазақтың ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды саласының бірі – қолөнері, оның ішінде ою-өрнек өнері болып табылады. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның «Қазақтар ою-өрнек әлемінде өмір сүред3», - деп айтқанындай, қазақ халқын айнала қоршаған зат, бұйымдардың қай-қайсысын алып қарасақ та, кез келгенінен ою-өрнек өнерінің элементтерін көреміз. Сол ою-өрнектер әсемдік пен сәндіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге ол халықтың арман-ойының, тілек-мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда, ою-өрнектердің мазмұндық ерекшеліктері сан алуан.

Сондықтан бүгінгі«Ою ойғанның ойы ұшқыр» атты сайыста екі топ оқушылары өздерінің ою-өрнек жайлы білімі мен біліктілігін, шеберлігін сынға салмақшы.Жүргізуші: Сайысқа қатысушы екі топты ортаға шақырайық.

І- топ «Шеберлер» 

ІІ топ– «Жұлдызша» 



Сайыс бағдарламасы:

1.«Атымда менің сырым бар». Екі топтың таныстыруы.

2.«Кім білгір?». Тест сұрақтарына жауап беру.

3. «Тапқыр». Қиылған өрнекті құрастыру.

4. «Оюшылар». Ою қиып, композиция құрастыру.

5. «Колорит». Түс үйлесімен боя.

6. Ою, өнер туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табу.



Жүргізуші:  Ою-өрнек дегенде, ою-өрнек,

Қошқармүйіз оюы болсын ермек.

Кел, балалар сайысты біз бастайық.

Әділқазы алқасын таныстырып,

Сайыстың бағасын берсін лайық.



1 жүргізуші: Сайысқа қатысушы әділқазы алқасын таныстырып өтейік.

-директор орынбасары



Оразов Қанат Орынтайұлы- көркемсурет класының мұғалімі

Қиматова Асия Мендіханқызы – бейнелеу өнері пәні мұғалім

Әр байқау 5-ке дейін ұпаймен бағаланады.





2 жүргізуші: Сайыстың алғашқы байқауы – «Атымда менің сырым бар» деп аталады. Байқаудың шарты – топ атының мән-мағынасын ашу.



«Шеберлер» тобы:

Топ басшысы: Қазақ халқының қолөнерінің түрі көп. Атап айтсақ, зергерлік, ағаш ұқсату, мүйіз ұқсату, кілем тоқу, киіз басу, ши тоқу, алаша тоқу, кесте тігу, ою-өрнек. Осы ұлттық қолөнерімізді ғасырлардан ғасырларға жалғастырушы, дамытушы – халық шеберлері. Біз де ата мұрасын жалғастыратын шебер боламыз. Сондықтан да біздің топ – «Шеберлер» тобы.

Ұранымыз:

Топ мүшелері:

«Жұлдызша» тобы:

Топ басшысы: Жұлдызша – қазақ халқының байырғы өрнек белгіліерінің бірі. Өйткені ою-өрнектер тек көркемдік, сәндік үшін ғана қолданылмаған, олар шартты бейнелер арқылы халықтың өмірге деген талпыныстарын да танытқан. Біз бүгінгі сайыста аспан биігінен жарқырап көрініп, қарсыластарымызға, қонақтарға жұлдыз нұрын төгейік, қазақ ұлттық ою-өрнек түрлері де сансыз жұлдыздардай көбейіп, түрлене берсін, ешқашанда жарық сөнбесін деген ниетпен тобымызды «Жұлдызша» деп атадық.

Ұранымыз:

Топ мүшелері:



2 жүргізуші: Келесі байқауымыз – «Кім білгір?». Екі топқа тест сұрақтары беріледі. Топ мүшелері бірлесе тест жауаптарын белгілейді.



«Шеберлер» тобы

1. Сынықмүйіз оюы нені білдіреді?

а) мүйіздің бір сыңарын білдіреді.

ә) малдың сынған мүйізіне ұқсайды.

б) бұғының мүйізіне ұқсайды.



2. Иттабан оюы қай өрнек түріне жатады?

а) өсімдіктік

ә) геометриялық

б) жануарлық



3. Геометриялық ою-өрнекке қай ою жатады?

а) қошқармүйіз

ә) тұмарша

б) бүршік



4. Аспан әлеміне байланысты өрнек қайсысы?

а) шұғыла

ә) жіліншік

б) өркеш



5. Құстарға байланысты ою-өрнекті ата.

а) ботакөз

ә) құсқанаты

б) балта



«Жұлдызша» тобы

1. «Қолтықша» оюыненібілдіреді?

а) байлықты

ә) қонақжайлылықты

б) еңбекті



2. Өсімдіктік ою-өрнеккеқайөрнекжатады?

а) айшық

ә) балдақ

б) бүршік



3.Орыс тілінен аударғанда «Ою-өрнек» атауықайсөзденшыққан?

а) композиция

ә) аппликация

б) орнамент



4. Жануартектесою-өрнекқайсысы?

а) ирек

ә) сыңармүйіз

б) айшабибі



5. Жәндіктергебайланыстыөрнектіата.

а) өрмекші

ә) қосдөңгелек

б) өркеш



Жүргізуші: 

Ою-өрнек сәндігі

Көздің жауын алады.

Болмаса зат өрнексіз,

Ешбір мәнсіз қалады.

Ендігі байқау шарты –қиылып қалған ою-өрнек композициясын біріктіріп өрнек құрастыру. Дұрыс және тез жинау керек.



Жүргізуші: 

Тұскиіз төрде ілінген,

Оюы қандай әдемі.

Өрнегі ашық білінген,

Ұлттық бұйым кәделі.

Қию оңай демеңдер,

Оған да өнер, ой керек.

Босқа мақтанып жүрмеңдер,

Қиюғаептіжанкерек.

-Келесі байқау «Оюшылар» деп аталады. Топ мүшелері екі қағазға ою ойып берілген А2форматқа симметриялық композициясын сақтап жапсыру керек. Сайысқа әр топтан екі оқушы қатысады. Берілген ақ қағазға екі өрнекті жапсырасындар.

-«Ою әнмен әсерлі» деп «Шеберлер» тобынан –



Жүргізуші:

Жаны сергек ояудың,

Жүрегіне нұр себер.

Осалы жоқ боядың

Өз орнында тұрса егер!

 -«Колорит» байқауын бастаймыз. Берілген ою-өрнекті түс үйлесімен бояу керек. Ұқыптылықта ескеріледі. Бұл сайысқа әр топтан екі оқушыдан қатысады. Тез аяқтау үшін екі жақтан бояйсындар

«Жұлдызша» тобынан – «Ертегілер елінде» әні айтады



Жүргізуші:Ендігі кезек«Ою, өнер туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табайық».

І-топ

1.Оюды оя алмаған ....(ойланбаған).

2. Үлгісі көптін........көп.(өрнегі) 

3.Шебердің қолы......(алтын),(ортақ).

4.Ою ойған сызу да...... (сызады).

5.Өнерсізден құт...... (қашады).



ІІ-топ

1.Шебер көп жерде.........көп.(өнер)

2.Өрнегі көптің.........көп. (ермегі)

3.Өнерсыры......(өрнекте).

4. .Ойсыздан........шықпайды.(оюшы)

5.Өнерді үйрен де .......(жирен).



Жүргізуші: Осымен«Ою ойғанның ойы ұшқыр» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытындысын айтуға сөз кезегін әділқазы алқасына бермекпіз.

«Шеберлер» тобы –...ұпай

«Жұлдызша» тобы –...ұпай жинады.

Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.

Мұғалімнің қорытынды сөзі. «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де халық даналығы. Бабаларымыздан қалған өнердің бірі – ою-өрнек. Оюларды жоғалтпай үйреніп, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз.

Жүргізуші:«Ою-өрнек, құрау құрау – қазақтың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі» - деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ою оюды үйрену, осы өнерді жалғастыру баршамыздың қолымызда.

Дәулетің ұлым, өнерің,

Өнермен артар беделің.

Өнерің болса бойында,

Халқыңа тиер көмегің- деп Шақшақ шешеннің сөзімен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.Сау болыңыздар!

































№

Сайысбағдарламасы


І-топ

«Шеберлер»

ІІ-топ

«Жұлдызша»

1

«Атымда менің сырым бар». Екі топтың таныстыруы




2

«Кім білгір?». Тест сұрақтарына жауап беру.


1.

2.

3.

4.

5.

1

2

3

4

5

3

«Тапқыр». Қиылған өрнекті құрастыр




4

«Оюшылар». Ою қиып, композиция құрастыру.






5

«Колорит». Түс үйлесімен бояу.




6

Ою, өнер туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5


Қорытынды


























«Шеберлер» тобы:

Топ басшысы: Қазақ халқының қолөнерінің түрі көп. Атап айтсақ, зергерлік, ағаш ұқсату, мүйіз ұқсату, кілем тоқу, киіз басу, ши тоқу, алаша тоқу, кесте тігу, ою-өрнек. Осы ұлттық қолөнерімізді ғасырлардан ғасырларға жалғастырушы, дамытушы – халық шеберлері. Біз де ата мұрасын жалғастыратын шебер боламыз. Сондықтан да біздің топ – «Шеберлер» тобы.

Топ мүшелері: Ғылым Еділхан, Гатауова Нургүл, Қабденов Ануар, Жолдасова Инара, Жайлыбаева Аяулым.







«Жұлдызша» тобы:

Топ басшысы: Жұлдызша – қазақ халқының байырғы өрнек белгіліерінің бірі. Өйткені ою-өрнектер тек көркемдік, сәндік үшін ғана қолданылмаған, олар шартты бейнелер арқылы халықтың өмірге деген талпыныстарын да танытқан. Біз бүгінгі сайыста аспан биігінен жарқырап көрініп, қарсыластарымызға, қонақтарға жұлдыз нұрын төгейік, қазақ ұлттық ою-өрнек түрлері де сансыз жұлдыздардай көбейіп, түрлене берсін, ешқашанда жарық сөнбесін деген ниетпен тобымызды «Жұлдызша» деп атадық.

Топ мүшелері: Алмасұлы Ықылас, Ахатов Ислам, Адилова Мөлдір, Өтеген Дилназ, Бақытжан Нұрбек.































«Шеберлер» тобы

1. Сынықмүйіз оюы нені білдіреді?

а) мүйіздің бір сыңарын білдіреді.

ә) малдың сынған мүйізіне ұқсайды.

б) бұғының мүйізіне ұқсайды.



2. Иттабан оюы қай өрнек түріне жатады?

а) өсімдіктік

ә) геометриялық

б) жануарлық



3. Геометриялық ою-өрнекке қай ою жатады?

а) қошқармүйіз

ә) тұмарша

б) бүршік



4. Аспан әлеміне байланысты өрнек қайсысы?

а) шұғыла

ә) жіліншік

б) өркеш



5. Құстарға байланысты ою-өрнекті ата.

а) ботакөз

ә) құсқанаты

б) балта



























«Жұлдызша» тобы

1. «Қолтықша» оюыненібілдіреді?

а) байлықты

ә) қонақжайлылықты

б) еңбекті



2. Өсімдіктік ою-өрнеккеқайөрнекжатады?

а) айшық

ә) балдақ

б) бүршік



3.Орыс тілінен аударғанда «Ою-өрнек» атауықайсөзденшыққан?

а) композиция

ә) аппликация

б) орнамент



4. Жануартектесою-өрнекқайсысы?

а) ирек

ә) сыңармүйіз

б) айшабибі



5. Жәндіктергебайланыстыөрнектіата.

а) өрмекші

ә) қосдөңгелек

б) өркеш





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 маусым
1144
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі