Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ою ойғанның ойы ұшқыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты ою -өрнек жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектеп:

«Таутүрген негізгі орта мектебі» КММ

Педагогтің Т.А.Ә.

Майлыбаева А.Б.

Күні:

13.05.2026 ж.

Сынып: 2

Қатысушылар саны: 9

Қатыспағандар саны: жоқ

Сабақ тақырыбы:

«Ою ойғанның ойы ұшқыр»

Сабақтың мақсаты:

Қазақтың ою - өрнегінің шығу тарихы жайында жалпы түсінік беру
ою-өрнек түрлерімен таныстыру;

Халқымыздың салт дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой – өрісін дамыту;

Ұлттық ою-өрнек үлгілерін орынды қолдана білуге үйрету.

Құндылық

Бірлік пен ынтымақ.

Апта дәйексөзі

Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы















Сабақтың ортасы




























































































Сергіту сәті







Сабақтың соңы


Сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Тақырыпты ашу.

Пазлды құрастыру арқылы сабақ тақырыбын ашу.

- Не құрастырдыңдар?

- Ою-өрнек

- Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз ұлттық құндылықтың бірі ою- өрнек жайлы болмақ.

«Ою ойғанның ойы ұшқыр» тақырыбында тәрбие сағатын өтеміз.

Мақсатымен таныстыру:

Қазақтың ою - өрнегінің шығу тарихы жайында жалпы түсінік беру;
- ою - өрнек түрлерімен таныстыру;

- ұлттық ою - өрнек үлгілерін орынды қолдана білуге үйрету.

  1. Ою-өрнектің шығу тарихы жайлы бейнежазба.

Ою-өрнек сөзі қосарлана айтылып, латынның «орнамент» деген ұғымын білдіреді. Оның мағынасы – «сәндеу», «әсемдеу». Сәндеу мен әсемдеу – өнердің бір түрі. Яғни хайуанаттар, жан-жануарлар, өсімдік белгілері мен мүшелері немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің ырғақты қайталанып, симметриялы орналасқан көркем құрылымын ою деп атаймыз. Ою белгілі бір затты ою (тас, темір, ағаш), кесу (ағаш, сүйек), тілу (былғары, тері), қию (қағаз) арқылы жасалады. Сонымен қатар қиылған оюды екінші бір затқа жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді. Ою-өрнектер күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын, сырмақ, текемет, көрпеше, сандық, аяқ киім, киім-кешек және қабырғаларды безендіруге кеңінен қолданылады.

Ою-өрнектің төрт түрі бар:

өсімдік тектес;

геометриялық;

аспан әлеміне байланысты;

жануарлар әлеміне байланысты.

Ою-өрнек композициялық құрылымына қарай үшке бөлінеді:

жиектік өрнектер – жолақ түріндегі ою-өрнектер;

гүлді өрнектер – шеңбер түріндегі ою-өрнектер;

торлы ою-өрнектер – заттың бетін тұтас жауып тұратын өрнектер.

Ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті кесу арқылы жасау. Ал композиция дегеніміз – өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру, жүйелеу. Ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі ритм деп аталады. Симметрия – ою-өрнектің екі жағының тең болуы. Бұйымға салынатын ою-өрнек бояуларының бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы колорит деп аталады. Ертеде халқымыз тұтынған заттарының бәрін оюмен әшекейлеп, безендірген. Мысалы: төсеніштер, ұлттық киімдер, үй мүліктері. Ою-өрнектерде халықтың дүниетанымы, қоршаған орта мен сұлулық туралы түсінігі бейнеленген. Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Ол атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып жалғасып, үнемі дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған бұйымдардың орны ерекше. Жазы-қысы пайдаланылатын «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй – киіз бен ағаштың күрделі үйлесімінен құралған ұлттық баспана.

Мұғалім сөзі: Қазақ халқы ежелден бірлік пен ынтымақты жоғары бағалаған. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген нақыл сөз – татулық пен ауызбіршіліктің белгісі. Адамдар бір-біріне қолдау көрсетіп, ортақ іске бірге атсалысса, алынбайтын асу болмайды. Бұрын қазақ ауылындағы әйелдер де киіз басу, сырмақ сыру, текемет жасау сияқты жұмыстарды бірлесе атқарған. Олар ақылдасып, ән айтып отырып еңбек еткен. Осындай ауызбіршілік пен татулықтың арқасында әсем ою-өрнекпен безендірілген ұлттық бұйымдар дүниеге келген.

Көрініс: «Ою хан мен Жою хан» ертегісін сахналау.



  1. Ою-өрнек түрлерімен таныстыру.

«Арқар мүйіз», «Түйетабан», «Ботагөз», «Құсқанаты», «Күн»,«Төртқұлақ», «Су» өрнегі.


  1. Өрнектердің түстері мен бояулары туралы бейнежазба.

Ою - өрнектің бояулары.



  1. Ою - өрнекті композициялық құрылымына қарай сәйкестендіру.



  1. Сергіту сәті «Оюлар» биі



  1. Шығармашылық жұмыс

«Қошқармүйіз» оюын үлгі бойынша ою.



Қорытынды:

  1. «Оюды таңда?» ойыны

- Ою дегеніміз не? Бұйымға түсірілген өрнекті кесу арқылы жасау)

- Қазақ оюының кең тараған түрі (Мүйіз оюы)

- Қыз есімімен аталған өрнек (Ботакөз)

- «Гүл» оюы нені бейнелейді? (Қуаныш)

- Қай ою ұшуға байланысты? (Құсқанаты)

- Түйетабан оюы нені білдіреді? (Төзімділік пен күшті)

- Сынық мүйіз оюы қандай пішінге ұқсайды? (Сынған сызық)

- Су өрнегі нені білдіреді? (Тазалықты, қозғалысты)


Кері байланыс «Оюлар»


Оқушылар гүлді таңдай отырып жылы лебіздерін оқиды.

Оқушылар пазлдарды құрастырады.










Оқушылар бейнежазбаны көреді.









































































Ертегіні сахналайды.



Ою түрлерін айтады.




Оқушылар бейнежазбаны көреді.

Бояу түстерінің мағынасын айтады.


Оюларды сәйкестендіреді.


Оюды қимылмен көрсетеді.


Үлгі бойынша бастырып ояды, қатты қағазға желімдейді.


Сұрақтарға жауап береді.














Оюды таңдау арқылы кері байланыс жасайды.








Пазл








Бейнежазба






























































Бейнежазба


https://wordwall.net/resource/113064004

Бейнежазба

https://youtu.be/H_79bjsDwDM?si=-u884aR23HoBrabl


Оюлар үлгісі


Ою-өрнекті ұяшықтар.














Кері байланыс












«Таутүрген негізгі орта мектеб» КММ

«Бекітемін»

Мектеп директоры

___________ И.А. Ескелдиева





Аудандық семинар

«Ұлттық құндылықтар тәрбие негізі»





Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ою ойғанның ойы ұшқыр»























2 - cынып

Мұғалім: А.Б. Майлыбаева

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12