Ою ойғанның ойы ұшқыр

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ою ойғанның ойы ұшқыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ сайыс сабақ,5-6 сынып оқушыларына арналған. Балалар ою-өрнек түрлерін , оларға байланысты мақал- мәтелдер айтып жарысады. Оқушылардың ой ұшқырлығын, есте сақтау қабілетін дамытады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Ою ойғанның ойы ұшқыр.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: технология сабағынан алған білімдерін қорыту, бекіту.

Дамытушылық: оқушылардың іскерлігін, ізденушілігін, ой- қиялын, көркемдік қабілеттерін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: ұқыптылыққа, жинақылыққа, тез ойлап, шешім қабылдай алуға, іскерлігін қалыптастыруға тәрбиелеу.Ұжыммен бірігіп әрекет жасауға ұйымдастыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: логикалық, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, орыс тілі, ағылшын, музыка, сызу.

Көрнекілігі: ою-өрнектерге арналған плакат, мақал- мәтелдер, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

- Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақ сайыс түрінде өтеді. Дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.

  • Shape1 - «5» -тік баға


  • Shape2 - «4» -тік баға


Shape3 - «3» -тік баға

Сабағымыз алты кезеңнен тұрады.

І- кезең. Топтың атын қорғау.

  • «Бәйшешек» - бәйшешек гүлі сияқты бейбіт те, қуанышты әсем болайық деп, бәйшешекті таңдадық. Бәйшешек өсімдік тектес оюға жатады.

  • «Қарлығаш» -қарлығаш сияқты биіктен көрінсек деп қарлығаш атын таңдадық. Қарлығаш құстарға байланысты оюға жатады.

ІІ- кезең. Миға шабуыл / деңгейлік тапсырмалар/

Shape4

1. Ою- өрнек латынның қай сөзінен шыққан?

2. Композиция дегеніміз не?







Жауабы: 1.Ою- өрнек латынның « орнамент» сөзінен шыққан,

мағынасы- әсемдеу, әшекейлеу дегенді білдіреді.

2. Өрнекті заттың, қағаздың бетіне реттеп орналастыру.

Shape5

3. Көбіне қолданылатын ою- өрнектің элементі?

4. Симметрия дегеніміз не?







Жауабы: 3. Көбіне қолданылатын ою- өрнек элементі- қошқармүйіз.

4.Ою- өрнектің екі жағынан тең болуы.

ІІІ- кезең. «Тапқыр болсаң тауып көр»

Конвертте бір мақал-мәтел мен бір жұмбақ жасырынған.

Тапсырма: Бірінші- мақал- мәтелдің жалғасын, жұмбақтың шешімін табамыз.

Екінші- сол жауаптарды орыс және ағылшын тілдеріне аударамыз (тақтаға жазып көрсетулеріңе де болады).

Shape6

1.Асыл тастан, .

.................................................

2.Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеде жап-жалаңаш өзі безді.

(Бұл не?)

2. Бар



(Бұл не?)













Shape8 Shape7

1.Ұл атадан үйренбей сапар шекпес,

..........................................................

2. Тұмсығы мықты,

Қыр мен ойды тегістеп шықты.

(Бұл не?)












Мақалдың жалғасы: Ақыл жастан

(Ақыл- ум,wit )

Жұмбақтың жауабы: (ине,игла ,needle )


Мақалдың жалғасы: Қыз анадан үйренбей кесте тікпес

(Қыз- девочка, girl )

Жұмбақтың жауабы: (үтік, утюг, flatiron)

Дұрыс жауаптар фишкамен бағаланады.



ІV- кезең. Тауып сөйлесең- күміссің...

/ Анаграмма шешу/

Сөзді дұрыс жазып, артық сөздің астын сызыңдар.

ҚАЖАУЗЫН НЫҚМҮЙІЗСЫ

МОЙТҮЙЕЫН ҒЫЛАШҰ

ҢЫРАҚША ҚАРҒАШЛЫ

КӨЗТАБО ЗАНТАЙҚА


V- кезең. Кім шапшаң?

  1. Конвертте бірнеше ою- өрнектердің аты бар, соларды ою- өрнектің түрлеріне қарай жіктейміз .

Өсімдік тектес өрнектер: гүл, жапырақ, шырмауық, жауқазын, үш жапырақ, шиыршық, ағаш, бүршік.

Аспан әлеміне байланысты өрнектер: дөңгелек, крес, шимай, тұйық ою, бітпес, төртқұбыла, жұлдыз, төртүшкіл, күн, су,тау.

Құстарға байланысты өрнектер: бүркіт, қазтабан, қарғатұяқ, құс жолы, құстұмсық, құс мойын, құсқанаты, аққу, қарлығаш.

Малдың дене мүшелеріне байланысты өрнектер: түйе табан, қошқар мүйіз, ботакөз, түйе, таңдай, арқар мүйіз.

VІ - кезең. «Көреген көз -қырағы»

Салыстырмалы тест / сол бағандағы оюлардың реттік санын дұрыс салу керек/.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2018
734
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі