№46 «Балбұлақ» бөбекжай
МКҚК
«Келісілді»
Әдіскер________Кобланова
А.Р
25.11.2024ж
Сөйлеуді
дамытудан
Ұйымдастырылған
оқу-қызметі
Тақырыбы: «Ою – өрнек
сәніміз»
(№10 «Тұлпар» ересек
тобы)
Өткізген: Каракаева
А.К
Тәрбиеші
Ақтау
қаласы
«Ою
өрнек - сәніміз»
Білім
саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»,
«Таным».
Бөлімі: Тіл дамыту,
жапсыру, құрастыру.
Білімділігі: Балаларды
халық мәдениетіне үйрету. Балаларды ою – өрнек түрлерімен
таныстыру. Ою - өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып балалардың
шеберлігін ұштау.
Дамытушылығы: Балалардың
есте сақтауын, жылдамдық, шапшаңдық қасиеттерін дамыту. Тәрбиелігі:
Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Жұмыс үстінде ұқыптылыққа, сұлулыққа
жинақылыққа назар аудара отырып, эстетикалық тәрбие
беру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,
сұрақ – жауап, сызу, қию, жапсыру.
Дидактикалық материал: ою
-өрнектер, желім, трафарет, сурет құралдары, асықтар, манка,
сүзгі.
Ұйымдастыру оқу-қызметі барысы:
Балалар музыка әуенімен ортаға шығып шеңбер
құрады.
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметіміз
қызықты болайын деп тұр. Алдымен менің сұрақтарыма жауап
беріңіздерші.
-
қазір жылдың қай мезгілі?
-
Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-
Күз мезгілінің неше айы бар?
-
Қандай атай қояйық?
-
Кім күз мезгілі туралы тақпақ айтып береді?
Жания: Айла:
Толы менде витамин Берекесін сыйлауға
Қызғылт сары апельсин Өлкемізге күз
келді
Пайдалымын, тәттімін Жемістерін
жинауға
Достарыңмен бөліс сен. Шақырады
біздерді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Қандай керемет. Осы күз айында қандай
мереке болды 25 Қазанда? (Республика күні, Алтын күз)
- Балалар, біздің Республикамыз қалай
аталады?
- Біз қай ұлттың баласымыз?
- Иә, біз қазақпыз, біздің өз рәміздеріміз,
тіліміз, салт - дәстүріміз бар. Бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің
тақырыбы «Ою - өрнектер сәніміз».
- Балалар, әр халықтың өзіне тән ұлттық
белгілері бар. Қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі –
ұлттық ою - өрнектері. Ертеде ою - өрнек арқылы бір нәрсені біліп,
үйренуге болған, ол бір мағына ұғымды берген. (видео)
- ал, енді осы ою-өрнектеріміздің суреттерін
салып, мүсіндеп, асықтармен ойнап көрейік, келісесіздер ме?
(ия)
-Ендеше қолымыздағы асықтардың түсіне қарай
үстел жанына орналасамыз.
(балалар қолдарына қарап орналасады)
1 ойын алаңы «Суретшілер»
-балалар трафарет бойынша қошқар мүйіз оюын
салады.
2 ойын алаңы: «Асықтар әлемі»
Балалар фетрге салынған оюды асықтармен
бастырады.
3 ойын алаңы: «Қол өнер»
Балалар трафарет бойынша платилинмен жаю әдісін
пайдаланып ою мүсіндейді және ұнды ою үстіне себелейді.
(балалар жұмыстарын бітіргесін бір-біріне
көрсетеді.)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар
балалар! Жұмыстарыңыз керемет екен.
Ал енді
билеп көрейік
Қане
қанат қағайық
Құсқанатқа ұқсайық
Ұшып-ұшып алайық\
Орынымызға қонайық.
- Қане,
балалар ою өрнек дегеніміз не?
Айқын
айта ғой. Ою - өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған,
“Орнамент” (әшекей) деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу,
әсемдеу деген сөзден шыққан.
Тәрбиеші: Ою - өрнектің
қандай түрлерін білесіңдер? (түйетабан, қошқармүйіз,
гүл)
Тәрбиеші: Бұл оюлар не
үшін бұлай аталған?
Балалар: Түйетабан -
түйенің табанына ұқсайды. Қошқармүйіз – қошқардың мүйізіне ұқсайды.
Гүл – гүл шоқтарына ұқсайды
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Балалар осы ою-өрнекті
ата-бабамыз өздерін қоршаған табиғаттан, жан-жануарлардан алған
екен.
Балалар: « Ою ойғанның –
ойы шұқыр»
«Ою
ойғанның ойы ұшқыр»
«Ою
ойған сызу да сызады.»
Тәрбиеші: енді ою туралы тақпақтар кім біледі.
Әдемі:
Тұмарша, қошқар мүйізі Әміржан: Омыртқа, гүл, жапырақ
Түйетабан қой ізі Толқын, қайнар, тарақ
Өрнектеп
киіз, алаша Өрнегін салсаң киімге
Сызайық
ою тамаша Тұрады кәдеңе жарап.
Қорытындылау және талдау.
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, бүгінгі біздің ойындарымыз
ұнады ма?
Бүгін
сабақта не жайлы өттік.Сабақ сендерге ұнадыма? Сабаққа барлығың
жақсы қатыстыңдар. Сендерге рахмет.
-
Кімге не ұнады?
-
Барлығымыз көзімізді жұмамыз, мен сіздерге сый
дайындап қойдым, қанекей.
-
Балаларға құрт таратылады. Бұл біздің ұлттық
тағамдардың бірі.
Балалар: Рахмет
Осымен сабағымыз
аяқталды.
Күтілетін
нәтиже:
Нені білу керек: Ұлттық ою
- өрнек туралы білу.
Нені игеру керек: Берілген
жұмыстарды дұрыс орындау.
Нені жасай білу керек: Ою –
өрнектерді.