400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ою-өрнек стилизациясы 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабақ жоспарлау үшін, оқушылар ұлттық ою-өрнектерді пайдалану мен түрлерін анықтау, халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық мәдениетке мән беру, басқа халықтың ою-өрнектерінен ерекшеліктерін зерттеу; стилизация ұғымы туралы түсінік қалыптастыру үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ербасова Асылзат Бегимбаевна

№266 мектеп-лицейдің көркем еңбек пәні мұғалімі

Әйтеке би кенті Қазалы ауданы Қызылорда облысы


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек стилизациясы

-Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)

Сабақ мақсаттары:

 - ұлттық ою-өрнектерді пайдалану мен түрлерін анықтау;

- халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық мәдениетке мән беру, басқа халықтың ою-өрнектерінен ерекшеліктерін зерттеу;

- стилизация ұғымы туралы түсінік қалыптастыру

Жетістік критерийі:

- Ою -өрнектердің шығу тарихын, жіктелуін, түстердің мағнасын, қолдану әдістерін біледі.

- Кейбір халықтардың ою-өрнектерін ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ажыратады.

- Ою – өрнекті стилизациялау тәсілдерін біледі.

Тілдік мақсат:

Стилизация – стилизация – stylized design

Пәндік терминологияны қолданып, зерттеу жүргізілген халықтардың ұлттық ою-өрнектерінің ерекшеліктеріне тоқталып, толыққанды жауап береді.

Құндылықтарды дарыту: Өзіне және өзгелерге құрмет

Негізгі ұғымдарды талдау кезінде мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың бір-бірінің пікірімен санысып құрмет көрсетуі

Еңбек пен шығармашылық

Жұптық және топтық жұмыс жасауда бірігіп еңбек етеді, оқушылар жаңа идея ұсынады.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, география,технология

АКТ қолдану дағдылары: Оқушыларды ақпаратты қолдана отырып, өз бетімен жұмыс жасауға баулу, ақпарат ішінен құнды деректерді табу, қолдану.

Бастапқы білім: Өткен сыныптарда қазақ халқының ою-өрнектері қарастырылды.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

5 мин




(М) Оқушыларды сабақ тақырыбымен таныстырып, олардың өмір тәжірибесінен білімдерін еске түсіру үшін сабақтың басын презентацияда түрлі ұлттардың ою-өрнектерімен бейнеленген фотосуреттер ұсынылады.

(С)Презентацияда ұсынылған суреттерге негізделіп, сұрақтарға жауап бер.

  • Суреттерде не бейнеленген?

  • Айырмашылығы неде?

  • Қай ою-өрнектің ұқсастығы бар?

Презентация


Сабақтың ортасы





(Т) Тапсырма: Өзге ұлттардың ою-өрнектерін зертте.


Ерекшеліктері

Ұқсастықтары

Оюлардың түрлері



Оюлардың пішіні



Түстік гаммасы



(М)Оқушылар қазақ, орыс, белорусь және татар т.б халықтарының ою-өрнектерін таблица күйінде берілген критерийлер бойынша зерттейді.Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға ою-өрнектің топтамалары таратылады..

(С)Сұрақтарға жауап бер.

  • Өзге халықтардың өрнектері өзара қалай ерекшеленеді?

  • Өзге халықтардың ою-өрнектерінде түрінде түсінде ұқсастықтар бар ма?

  • Стилизация дегеніміз не?

(М)Оқушылар сұрақтарға жауап берген соң, қазақ халқының ою-өрнегінің шығу тарихы, түстердің өзара үйлесімділігі, мағнасы, жіктелуіне, қолданылуына сипаттама береді.(мына сурет арқылы төрт топқа аталып бөлінеді).

(Т) Тапсырма. Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектері. Оқушылар өз ұлтының мәдениетін сипаттау.( әрбір топ зооморфты, өсімдіктектес, космоногониялық, геометриялық ою-өрнектің шығу тарихын айтып, бояу мағнасын түсіндіреді).

Мысалы: көк түс – аспанды, жасару, өмір, өсу деген мағынаны білдіреді, қызыл түс – оттың, күннің белгісі, қара түс – жердің түсі, берекенің белгісі, сары түс – ақыл, парасат, байлықтың белгісі, ақ түс – қуаныштың, бақыттың, тазалықтың белгісі, жасыл түс – жастықтың, көктемнің белгісін білдіреді.

Әр топ өз жұмысын қорғайды

  • ? сұрақ қой;

  • + қосымша ақпартпен толықтыр;

(Т) Сарамандық жұмыс. Өрнекті стилизациялау (топтық жұмыс)

Шынайы пішінді өрнекке айналдыру, түрлендіру.

(С)Сұрақтарға жауап бер.

- Жұмысты орындау барысында не сәтті шықты, қандай қиындықтар болды?

- бұйымдарыңды сәндеген кезде қандай идеяны пайдаланасыңдар?

Жұппен жұмыс

Ою-өрнек топтамалары













Топпен жұмыс













Өз ұлтының ою-өрнектерін

Білу, түсіну, қолдану тәсілдерін анықтайды










Қайшы, қалам, үлгі, парақ т.б



Қауіпсіздік ережелері есте сақталады


Өздерін бағалау ой-пікірлерін ортаға салады.







Сабақтың соңы

5 мин




Рефлексия

Өз көзқарасымды ..........................өзгерттім.

Мен білімімді ..................толықтырдым.

Мен.............. таңқалдым.

Мен .................сезіндім.

Мен өзге пікірде .......................болдым.

стикерлер



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілетті жоғары қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлаусыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар топтағы жұмысқа жетекшілік етеді.

Топтағы жұмысты рөлдерге бөлу ұсынылады.

Оқушылар бір-бірлерінің топтық жұмысын карточка бойынша бағалайды.

  • ? сұраққа жауап бер;

  • +қосымша ақпаратпен толықтыр;

Қоңырауда кабинетті желдетіп отыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі