|
Ұйымдастыру–
іздестіру
|
Әңгімелесу.
-Балалар бүгінгі біздің
ашық оқу іс-әрекетіміз «Сөйлеуді
дамыту»
және бүгінгі танысатын
тақырыбымыз «Ою-өрнек»
Балалар, айтыңдаршы, біз қай
елде тұрамыз?
-Әр ұлттың өз мәдениеті мен
салт-дәстүрі бар.
Бүгін біз қазақтың ұлттық
ою-өрнектер түрлерімен танысамыз. Ою-өрнектер латынның орнамент –
әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан. Қазақтың ою-өрнектерінің
түрлері де, атаулары да көп, 360-қа тарта түрлері бар. Ою-өрнек
өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі
болып келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық
киімдерді, бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданған. Ою-өрнектерді –
жануарлар, өсімдіктер, геометриялық пішіндерге ұқсап келеді. Бүгін
біз ою-өрнектің осындай түрлерін өтеміз: «Қошқар мүйіз», «Сынық
мүйіз», «Итқұйрық», «Ботакөз», «Таңдай», «Қос дөңгелек». Осы
ою-өрнектермен біз бүгін жұмыс
істейміз.
Ою — өрнек деген сөзіміз латын тілінен
алынған, “Орнамент” (әшекей) деген ұғымды білдіреді. Мағынасы
сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан. Ұлттық киімнің негізгі
сәндеушісі – ою — өрнек.
Ғажайып сәт: Әже
кіреді
Балалармен
амандасады
балалардың жұмысын
тамашалайды.
Шығармашылық жұмыс:
Қыздар киіз басу жұмысына
отырады
Ер балалар кесеге ою
жапсырады,
« оюлы кілемше» оюларды
түстерді сәйкестендіреді .
және ою
тігеді.
Тақпақ
айтқызу
Қазақта бір ою бар «Қошқар
мүйіз»
Орын алар тұрағы көрпе
киіз
шеберлер осы өрнекпен
сәндегенде
Көз тартып құбылады
оюымыз.
Сергіту сәті: Ретмикалық
жаттығу «Ерке сылқым»
Мен сендерді бір ойын ойнауға
шақырамын
Ойын:
«Шанырақ»
|
Мұқият, қызыға
тыңдайды.
Тыңдап, ойланып, жауап
береді.
Тыңдап, бірнеше рет
қайталайды. Есте сақтауға тырысады.
Қызыға
тыңдайды.
Тәрбиешінің көмегімен
шығармашылық жұмыстарды орындайды.
сергіту сәтін қуанып
орындайды
|
|
Рефлексивті–
түзетушілік
|
Қорытынды:
Сұрақ-жауап
-Балалар,
біз бүгін сендермен не туралы
өттік?
-Қандай ою-өрнектер естеріңде
бар?
-Бүгінгі іс-әрекетінде қандай жұмыстар орындадындар?
-Балалар, бүгін іс-әрекетке қатысқандарын үшін
мен сендерге сыйлық жасап әкелдім, бояу-кітапшалары. Бұл
бояу-кітапшасында, ою-өрнектер салынған, оны бояп, атауы жаттауға
болады. Және де сандық, кілемше, киім-кешек, ыдыс-аяқта ою-өрнегі
бар суреттер де бар. Рахмет сендерге балалар. Сау
болыңдар!
мадақтау.
|
|