400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ою-өрнектерді қашаумен бедерлеп ою әдісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ою туралы мағлұмат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектерді қашаумен бедерлеп ою әдісі

Сабақтың мақсаты: Берілген қағаз ою нұсқамен тақтайша бетіне ою түсіріп, қашау мен бедерлеп ою әдістерін меңгерту.

Тәрбиелік: Қағазға ою түсіру арқылы оқушыларды ұлттық ою-өрнек түрлерімен таныстыру және ою атауларын дұрыс айта білуге баула.

Дамыту: ою-өрнектерді бедерлеп ою әдістерін үйрену арқылы ұүрал саймандармен материалды дұрыс өңдеу дағдысын дамыту. Сөздерді дүрыс айтуға меңгерту.

Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай білуге дағдыландыру.

Сабақтың құрал – саймандары мен көрнекіліктері:

Плакаттар, ағаш тақтайша, қашау, қайшы, қалам, қағаз, ою-өрнек нұсқалары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім: Бүгін кім кезекші?

Оқушы: Бүгін кезекші....

Мұғалім: Бүгінгі сабаққа дайынсыңдар ма?

Оқушылар: Ия, дайынбыз.

ІІ.Өткен сабақты қайталау,

Мұғалім:Қандай ою түрлерін білесіңдер?

Оқушы:Қошқар мүйіз

Оқушы: Түйе табан,

М:Қағаз бен картоннның айырмашылығы неде?

О:Қағаз жұқа, картон қалың.

М:Қағаз бен картон немен өңдейміз?

О:Қайшы, пышықпен.

2.Сөздік жаттығу (хормен)

Ағаш тақтайшы, пышық, қайшы, қырқу ою, кесу, қашау.

ІІІ.Жаңа сабақ. Біз бүгін ою-өрнектердіқауіпсіздік ережесін сақтай отырып бедерлеп ою және өңдеу әдістерін үйренеміз.

М:Мына сызық қандай сызық?

О:Түзу сызық.

М:Ал мыны сызық қандай сызық?

О:Доғал сызық.

М:Ою өрнекті ою барысында қашауды дұрыс ұстау қажет.

М:Қашаудың қандай түрлері бар?

О:Доғал, қиғаш, тік.

М:Қашауды оң қолмен ұстап сызық бойымен ояр алдында ойылатын сызық алдынан ағашты сол қолмен ұстау қажет.

М:Ою-өрнекті ою барысында қашауды бір қалыпты сызық бойымен артып отыру қажет.

Техникалық қауіпсіздік ережесі:

1.Қашауды дүрыс ұстау.

2.Ойылатын ағаш тақтайшаны екінші қолмен дүрыс ұстау.

3.Ойылатын ағаш тақтайшаны дүрыс бекіту.

4.Жұмыс барысында оқушылардың ара қашықтығы қауіпсіз жерде отыруы. (плакат)

IV. Практикалық жұмыс.

Оұушылар салынған нұсқа бетіндегі оюды сызық бойымен ою әдістерін көрсетеді. Әр оқушыға әр түрлі ою-өрнектер түскен 10х10 см шаршы (квадарт) бетін ою қажет.

V. Тақырыпты пысықтау.

М:Мынау қандай ою?

О:Бұл қошқар мүйіз оюы.

М:Мына ойылып жатқан оюдың атауы қандай?

О:Бұл жапырақ оюы.

М:Біз бүгін не істедік?

О:Біз бүгін ою-өрнектерді қашаумен бедерлеп ойдық.

М:Оюлар қайдан алынады?

О:Оюлардың барлығы табиғат пен жануарлардың түріне қарап алынады.

VI.Қорытынды.

Сабақты қорытындылып, оқушылардың сабақ барысында істеген жұмыстары жайлы сұрақ – жауап өткізу:

М:Сонымен біз бүгін қандай тақырыпта сабақ өттік?

О:Біз бүгін «Ою-өрнектерді қашаумен бедеерлеп ою» тақырыбында өттік.

М:Біз бұл сабақта не істеді?

О:Ою өрнектерді ұашаумен бедерлеп ою әдістерін үйрендік.

VII.Үйге тапсырма. Ою өрнек түрлерін қарап, өздеріңе ұнайтын ою түрін түсті қағаздан қиып келу.

VIII.Бағалау.

Оқушылардың сабақ барысында сұрақтарға жауап қайтарғанына байланысты және практикалық жұмысына қарап бағаланады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
698
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі