400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ою-өрнектің шығу тарихы және қолдануы

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім. Мұғалімнің ұстанымының көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ол көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс - әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Архабаева Айсұлу Тұранқызы көркем еңбек пән мұғалімі

Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім. Мұғалімнің ұстанымының көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ол көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс - әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады.

Ол үшін оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп қана қоймай, оқушы білімін бағалауда да тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланған жөн. Сол сабептен мен өз сабақтарымда оқушының жетістіктерін дамыту үшін, сабақ тиімділігін арттыру үшін  7 модульді ықпалдастыра  отырып жоспар құрамын. Сондай сабақтарымның біреуіне толық талдау жасайтын болсам: Бұл сабақтың тақырыбы - «Ою-өрнектің шығу тарихы және қолдануы»  болатын. Сабақтың мақсаты - оқушыларға ою-өрнектің шығу тарихына тоқталып,олардың қолдануы туралы түсінік беру, жаңа сөздерді меңгерту, оларды қолдануға үйрету. Сыни тұрғыдан ойлай отырып, бір - бірін бағалай білуге баулу. Бұл сабақтан оқушыларда ою-өрнектің шығу тарихына тоқталып,олардың қолдануы туралы түсінігі қалыптасады. Тақырыпқа қатысты жаңа ою –өрнек турлерімен танысады,қолдануын,қырқу,сызуын меңгереді және оларды қолдана алады деп нәтиже күтемін.  Сабақтың барысында  жаңа технология элементтерін кірістіруге тырыстым.Сабақта орындалатын тапсырмалар төмендегідей ретпен алынды :

1.     Кіріспе бөлімде - «Менің сүйікті оқушым » айна әдісі.

2.     Екі жақты күнделік» стратегиясы үй тапсырмасын тексеру

3. «Шығармашылық ізденіс» жаңа сабақ

4.     «Идеялар тасқынын» мен «Стикерлер топтамасын» әдісін қолдану арқылы

сабақты қорытындылау

Сабақтың әрбір кезеңіне жеке - жеке тоқталып өтер болсам, ең алдымен сабақта оқушылардың көңіл күй атмосферасын орнату мақсатында «Менің сүйікті оқушым айна» әдісін өткіздім. Сиқырлы қобдишаға салынған айнаға қарап, оқушыларым өздерінің қандай екенін айтып өтті. Осы әдісті пайдаланғанда аңғарғаным оқушылардың сабаққа ынтасы артып,көңіл-күйлері көтерілді, бір - біріне деген мейірімділік, қайырымдылық сезімдері оянды. Осыдан соң оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауы үшін , алдымен оларды топқа бөліп алдым . Оны оқушылардың қолына күні бұрын дайындап қойған «сыйлық әдісі» парақшаларды таратып , сол бойынша топқа бөлдім.  Бұл кезең барысында    оқушыларым  топқа теп-тез бөлініп, шапшаңдық танытты. Топқа бөлінгеннен кейін үй тапсырмасын тиянақтап, өткен сабақ материалдарын еске түсіру үшін ортада шеңбер құрып  «Екі жақты күнделік» ойыны арқылы оқушылар бір-біріне өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, сол сұрақтарға бар ынталарымен тұтастай жауап берді. Оқушылардың барлығы дерлік сұрақтар қойып, сол сұрақтарға дәл жауаптар алынды. Бұл тәсілді жүргізу нәтижесінде оқушылар жүйелі сұрақ қоюға дағдыланды, оқушылардың тіл байлықтары жетіліп, сөйлеуге ашылды. Қабілеті жоғары оқушылар күрделі сұрақтар қойып отырса, қабілеті төмендеу оқушылар сол сұрақтарға басқалардан қалыспай жауап беруге ұмтылыстарын көрсетті.   .

«Екі жақты күнделік» стратегиясы үй тапсырмасын тексеру барысында бір-бірімен неғұрлым жақын пікірлесіп, ой бөліскен сайын оларда ұйымшылдық, ынтымақтастық атмосферасы қалыптасатынына көзім жетті.  Жаңаша оқытудың басты мақсаты – жаңа тақырыпты мұғалімнің түсіндіруі емес, оқушының өзі шығарып алуы . Үй тапсырмасын қорытып және жаңа сабақты бастау үшін, жаңа сабаққа түсу мақсатында, мынадай тапсырма бердім. Сабағымның тұсаукесер бөлімінде әр топқа «Шығармашылық ізденіс» әдісі бойынша ою-өрнектер туралы ізденіп, ұмыт болған ою туралы мағлұмат айтуға тиісті ережелер жасауды ұсындым. Әр топ қағаздан бес саусақ суретін қиып алып әрбір саусаққа сыни тұрғыдан ойлай отырып, топта құрған ережесін орналастырды. Бұл ережелерді бес саусаққа орналастыру себебіміз осы ережелерді «бес саусақтай» жаттап алып өмірде қолдануға тәрбиелеу болатын.

Идеялар тасқынын» мен «Стикерлер топтамасы »әдісін қолдану арқылы сабақты қорытындылап,кері байланыс жасалды.

Қорыта айтсам өзімнің ұстанған ұстанымның дұрыс екеніне көз жеткізе отырып осы сабақ барысында:

- Оқушылардың сыныпта еркін ұстап, өз ойларын ашық білдіруіне қолайлы орта жасай білдім;

- Сабақ мәтіннің мағынасын ашу кезінде, топтастыру жасағанда, бірге қасында отырып, қалай жасау керектігін айта отырып, өздеріне жетекші сұрақтар қойып, ойлануларына мүмкіндік бердім;

- Кері байланыста ойларын бір- біріне тыңдатып, пікірін айтқызып үйреттім деп ойлаймын.

Бұл сабақтың өн бойында не сәтті өтті:  Оқушылармен топта ынтымақтаса жұмыс жасай алды, сыни ойлай отырып, түрлендірілген тапсырмаларды орындай алды, топта суретпен әңгіме құру барысында нәтиже сәтті шықты. 

Нені дамытқым келеді: Оқушылардың қалай оқу керектігін түсіндіре отырып, жауапкершілігі мол, өздігінен білім алуға машықтанған сыни  ойлауы жоғары, ұжымшыл, өз ойын ашық айта алатын оқушы. Алдағы сабақтарымда оқушыларыдың шығармашылықтарын байыту үшін әлі де тынбай жұмыс жасауым керек деп ойлаймын.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.03.2025
157
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі