400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Оюлар сыр шертеді

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық оқу қызметі

Тақырыбы : «Оюлар сыр шертеді»

Мақсаты:
Сабақты қазақтың ұлттық бұйымдары, тұрмыстық қолданбалы заттар туралы түсінік беру. Ою - өрнек туралы мағлұмат беру. Дәстүрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, ою - өрнекті бастырып
,фетр матасына қиып алып жапсыру.Түскиізді әшекелейміз.
Баланың есте сақтау қабілетін, елесін дамыту. Балаларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Қолданатын әдіс - тәсілдер:
Көрсету, түсіндіру, көркем сөз, жұмбақ шешу, ойын ойнату, қайталау, мадақтау.
Көрнекіліктер:
Киіз үй, үй жабдықтары әже суреттері;
Сабақ барысы:
Амандасу

Тәрбиеші:

-Бүгінгі күніміз сәтті, көңілді өтсін деп, балалар сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.

Шаттық шеңбері
Сәлем деймін құстарға,
Сәлем деймін достарға,
Сәлем деймін ұстазға.
Ашық болсын айымыз,
Тату болсын халқымыз
Аман болсын балалар!


Кіріспе әңгіме:

Слайд корсету «Киіз үй»
Жаңа сабақ:
Бұрынғы кезде біздің ата - бабаларымыз киіз үйде өмір сүрген. Сол киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарын ұстаған. Қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарына сандық, көрпе, жастық, киіз, торсық,; киім-кешектерге - кимешек, кажекей, мәсі, сырмақ жатады.
Қазақтың қай ұлттық бұйымы болмасын, ою - өрнексіз болмаған. Бүгін біздер ою - өрнектің
«Қошқар мүйіз» деген түрімен танысамыз.
«қошқар мүйіз» - ата бабаларымыздың отар - отар қойы болсын деген арман тілегін, молшылықты білдіреді.

Тақпақ

Қазақта бір ою бар -«Қошқар мүйіз»
Орын алар тұрағы, көрпе - киіз.
Шеберлер осы өрнекпен сәндегенде
Көз тартып құбылады оюымыз.


Жұмбақ.
Кіруге адам батпайды
Затыңды аман сақтайды.(сандық)
Текшелеп төрге
Жиғаным не? (көрпе, жастық)


«Балта» , « Ботамойын» - түрлерімен таныстыру, көрсету.

Слайд « Ою түрлері»


Геометриялық ою – үй жиһазының жиектерінде, бүйірлерінде, қапталдарында нақышталып, кебеже, әбдіренің орта тұсында шеңбер, бұрыш, үшбұрыш сызық түрінде бедерленген жұмыс. 


  • Космогониялық өрнек - дөңгелек, ирек, шимай, торкөз түрінде бедерленген жұмыс. 


  • Зооморфты өрнек(Жануарлардың бейнесінен алынған)- жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері өрнектелген бейне. 


  • Барельеф - жазықтық бетінде аз мөлшерде шығып тұратын жазық бейне. 


  • Горельеф - жазықтық бетінен аз көлемінің жартысынан көп бөлігі шығып тұратын бейне. 

  • Көк түс –аспан, жасару, өмір, өсу; 


  • Қызыл түс – оттың, күннің белгісі; 


  • Қара түс – жердің түсі, берекенің белгісі; 


  • Сары түс – ақыл, парасат, байлықтың белгісі; 


  • Ақ түс – қуаныштың, бақыттың, тазалықтың белгісі; 


  • Жасыл түс – жастықтың, көктемнің белгісі. 


Қазақ халқы ұлттық киімді әшекейлеуге барынша ықылас аударған. 
Қыз балалардың бешпетіне, көйлегіне гүл тәрізді немесе қанатты қарлығаш секілді өрнектер бейнеленген. Ал ер баланың киіміне найзаның ұшы, бүркіт, қошқар мүйіз секілді өрнектер батыр, алғыр болсын деген ырыммен жиі қолданған. “Итқұйрық” аталатын өрнек ешқашан бас киімдерге қолданылмаған. Бұл өрнек “дұшпаның төмен болсын” деген ырыммен ер адамдардың шалбарының жырық балағына өрнектелген. “Аққу қанаты” өрнегі бақыттың, адалдықтың, сұлулықтың, тазалықтың белгісі, “қошқар мүйіз” – байлық пен молшылықтың белгісі, “ирек ”оюы –адамның өмір жолы, судың белгі дегеннен сыр шертеді. 




Негізгі кезең

Ортаға әр топтың (төрттіктін) көшбасшылары оюларды таңдап алуға шақырылады.
Тәрбиеші алдымен өзі үлгі
сін көрсетеді. Балалар оюды оя бастайды. Жұмыс барысында қайшымен жұмыс істегенде техникалық қауіпсіздікті қатан сақтау керегін ескертемін. Жұмыс кезінде музыка қосамын –күй.

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қылқаламды қояйық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Бір тынығып алайық.
Тынығып біз болған соң
Әсем сурет салайық

Балалар түрлі - түсті фетр матадан қиылған оюларды
тақтаға апарып жапсырады. Жапсыруды шетінен бастаймыз.

Қорытындылау, сұрақтар қою, мақал- мәтел айтқызу.. Балаларды мадақтау.


Ою-өрнек туралы мақал-мәтелдер

Ою ойған сызу да сызады.

Ою ойғанның ойы ұшқыр.

Қорытындылау:

Бүгінде бөбектердің туған жер,отан туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыра отырып,адам өміріндегі ең қымбат құндылықты қастерлеуге,құрметтеуге баулу арқылы туған өлкеге деген баланың сезімінің үлкен махаббатқа ұласуына жағдай жасау маңызды.

Сонымен қатар туған өлкенің табиғатын аялауға,қиянат жасамай қастерлеуге тәрбиелеу арқылы мектепке дейінгі балдырғандарды өлкені тануға жол ашу.

Туған жердің тарихын оқытуда , өлке тарихының деректерін жинақтап, күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-қызметтерінде ,тәрбиелік шараларды пайдаланудағы тәуелсіз еліміздің болашағы кейінгі жас балдырғандардың туған өлкеге ,жерге деген перзентік сезімдерін қалыптастыру. Біз мектепке дейінгі ұйымдарда балдырғандардың туған өлкені тануға білім үрдісінде немесе тәрбиелеу мақсатында көптеген жұмыстарды ұймдастыра аламыз. Тек қана балабақша қабырғасында ұйымдастырылған оқу іс-қызметтерінде ғана жүзеге асырмай,сонымен қатар қаламыздың Ы.Алтынсариннің және өлкетану тарихи-мұражайларына саяхат жасай отырып бөбектердің туып өскен өлкелерінің тарихи құндылықтарымен таныстыра аламыз. Серуен барысында қаламызда қандай ағаштардың өсетінің сонымен қатар, қандай құстар мекен ететіндігін,оларға қалай қамқор болу керек екендігін ұғындырып қана қоймай әрі қарай жүзеге асыруға бағдар беру. Туған өлкесін тани алмаған азамат,өз елінің перзенті бола алмайды. Сондықтан да біз болашақ еліміздің жастарын өз туып өскен өлкесін тануға мектепке дейінгі жастан бастау алуымыз керек.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек?

Ою ұғымын және қазақ оюларының атауларын.

Нені игереді?

Фетр матасымен жұмыс істеуді.

Нені біледі?

Қазақ оюын қайшымен қиып, онымен бұйымды әшекелей алуды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
1854
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі