жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өз -өзіне қол жұмсаудың психологиялық сипаттамасы және алдын алу жолдары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы
Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі
«БЕКІТЕМІН»
Анвар Исмаилов атындағы
кәсіптік колледждің әдіскері
______ Содикова Ч.Ж
«___» _______ 2018 ж.
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Тақырыбы : Суицидтік мінез-құлықтың психофизиологиялық және жас шамасына байланысты себептері.
Жетекші: Психология пәнінің
оқытушысы Г.Р. Мавланова
Студент :
Ақсукент
2019ж
Түйіндеме
Жазылған мәліметтерге сүйене отырып, облысымыздағы суицид фактілерінің көбейгені, шын мәнінде қоғамдық және әлеуметтік проблемаға айналып отыр. Осы мәселеге сәйкес, суицидальді әрекеттің алдын алу шараларына барлық мамандар мен барлық тұрғындар қатысуы керек. Ұлттың болашағы -жастардың қолында дей отыра ,ұлттық тәлім-тәрбие ,рухани –адамгершілікті білім негіздерін жүйелі түрде жүргізілуі керек.
Резюме
В связи с ростом суицида в Южно-Казахстанской области данная проблема становится не только медицинской, но и социальной проблемой, для решения которой необходимо участие специалистов различного профиля и общества в целом.
Summary
In connection with growing suicids in South-Kazakhstan region given problem becomes not only medical, but also social problem, for decision which necessary participation specialist different profile and society in celom.
Жоспары.
І. Кіріспе:
1.1. Суицидтік мінез-құлықтың психофизиологиялық және жас шамасына байланысты себептері.
ІІ. Негізгі бөлім :
2.1. Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының ерекшеліктері .
2.2. Балалар мен жастардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің ерекшеліктері.
2.3. Қазақстанда суицидтің дамуы.
III. Қорытынды.
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Қазіргі бүкіл елді алаңдататын жайттардың бірі жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау немесе суицид. Соңғы бес жылда 15-19 жас шамасы арасындағы суицид 7 пайызға өскенің көрсетеді. Ал статистикалық мәліметтерге жүгінсек қазіргі таңда 2\3 бөлігі депрессияның себебінен көз жұмады екен. Депрессияға ұшыраған адам өзін ешкімге керегі жоқ екенің сезінеді, сонымен қатар оларда жалғыздық сезім пайда болады. Осылардың салдарынан өзінің өмірімен қош айтысуға тура келеді. Тығырықтан шығудың жолын осылай шешеді.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Кез-келген адам сәтсіздікке , қиын жағдайларға ұшырап жатады. Бірақ олардың ешқайсысы текке кетпейді. Оған біз төзе білуіміз қажет. Өзіне-өзі қол жұмсау ісі, көбінесе, үмітсіздіктен, мақсатсыздықтан, келешекке сенімсіздіктен, жан тынымсыздығынан туындайды. Қиналған сәтте адам өз-өзіне деген сенміз болу керек.
.
Ғылыми жұмыстың міндеті : Психологиялық айғақтар және заңдылықтармен қатар, психикалық әрекеттің механизмдерін орнықтыру да кіреді.
Зерттеу пәні : Психология
Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Кіріспе.
1.1. Суицидтік мінез-құлықтың психофизиологиялық және жас шамасына байланысты себептері.
Суицид (лат.: sui caedere — өзін өлтіру) — адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Жыл сайын 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жақыны жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда, көрші алпауыт мемлекеттер - Ресей мен Қытай, Қазақстанды атауға болады.
Қазіргі таңда, Қазақстанды алаңдатып отырған жәйт бұл, жеткіншек балалардың суицид ауруына көптеп душар болуы. Суицид - қатты қажыған, шарасыздықтан, шаршағанда, немесе бір жағдайда шешімін таба алмай тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған жеткіншектік ұл - қыздардың арасында кездеседі.
Жеткіншек кезеңде суициалдық мінез-құлықтың кейбір өзгешеліктері болады. Жеткіншектер арасында ересектерге қарағанда өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Бірақ олардың азғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына жетеді. Суициалдық мінез-құлық бұл жаста көп жағдайда демонстративтік сипат, сонымен бірге байбаламдық сипат алады. Психолог-ғалым А.Е.Личконың көрсеткеніндей, тек қана жеткіншектердің 10 пайызы шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке шақырған жан-айқайы болып есептелінеді.
Өзін-өзі өлтіру — өзін өмірден қасақана айыру (суицид). Өзін-өзі өлтірудің себептері әр түрлі. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу. Депрессивті жағдайлар «жиналып» соның салдарынан өзін-өзі өлтіру болуы мүмкін. Өзін-өзі өлтіру қарттарға, нашақорларға, жазылмайтын аурумен ауыратындарға, қылмыскерлерге тән әрекет. Балалардың өзін-өзі өлтіруі ашық қарсылық білдіру түрінде, көбінесе ата-аналарына қатысты жасалады. Криминалистикада өзін-өзі өлтіру әр түрлі негіздер бойынша сараналады.
Суицидтің түрлері.
Нағыз суицид қашан да жабырқау, дағдарыстық жағдай немесе өмірден бас тарту жайлы ой, күйзелу жатады. Сол себепті екі түрлі суицид жағдайын ажыратуға болады. Нағыз суицидалды әрекетте басқаларына қарағанда өзін-өзі асу жиі кездеседі. Әрекетті таңдауда достарына, естігені немесе кинода көргендеріне еліктеу реакциясы маңызды орын алады. Жасөспірімде бұл жағдайлар әр түрлі деңгейде көрініс береді. Егер адам өзін өмірден айыратын болса - бұл оның санасында фундаменталды этикалық категория қиын өзгерулерді басынан кешіретін өмірдің мағынасын білдіреді.
Демонсративті суицид- өлуге деген ниетпен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аудартудың әдіс құралы болады, көмекке шақырады. Демонстративті - қауіп төндіру суицидалды жүріс-тұрыс кезінде мақсат өмірден кету емес, осы ниетті жариялау. Суицидалды жүріс-тұрысқа қарағанда, өзіне қастандық жасау немесе дене мүшелеріне зиян жасау мұнда ешқандай да өлімге бағытталу ниеті болмайды. Мұндай әрекеттердің мақсаты тек жекелеген дене мүшелеріне зақым келтірумен шектеледі.
Демонстративті суицидалды мінез-құлықта ешқандай өзін-өзі өлтіруге ниеті жоқ, тек уақытында құтқарып алады деген есеппен болатын әрекет. Барлық әрекет басқалардың назарын өзіне аудару, қалағанына қол жеткізу, өзгелердің өзіне көңіл аударуын туғызу мақсатында жасалады. Демонстративті мінез-құлықта көбінесе тамырларын кесу, дәрілермен улану жиі кездеседі. Демонстративтілер аңдаусыз әрекетінің салдарынан кездейсоқ болған айықпас зардаптарға ұшырауы мүмкін.
Жасырын суицид – өзіне- өзі қолсалу мінез- қылығының бір түрі. Бірақ, қатаң мағынада оның жағдайларына мән бермейтін, сонда да сол бағытпен қорытындыға ие болады. Бұл іс- әрекет көп жағдайда қауіп- қатер деңгейінің жоғарғы ықтималдылығымен ұштасып жатады. Көп жағдайда бұл адам тәуекелге негізделіп өмірден өтуден гөрі өліммен ойнауға көбірек ұқсайды. Бұндай адамдар өмірден өтудің ашық түрін таңдамай суицидтік сипаттағы әрекеттерге бой ұрады. Барлық өмірде болып жағдайлар адамның сезімдері арқылы реттеліп отырылады.
Жеткіншектің өзіне- өзі қол жұмсауының себептері:
Депрессиялық көңіл күй. Жеткіншектің жанының жараланғыштығы, психикалық ауруларға шалдығуы да әсерін тигізеді.
Отбасындағы шиеленіскен қарым- қатынастар әсерін тигізеді;
Оқудағы қиындықтар (мұғаліммен ортақ тіл табыса алмауы да әсерін тигізеді);
Ол әдетте сәтсіздіктің белгісі, басқа адамдармен қарым- қатынасындағы сәтсіздіктер, жақын адамынан айырылу;
Қоғамдық орындардағы эмоционалдық, психикалық көңіл күйге назар аудармай, ауыр дөрекі сөздермен кемсіту, ар ождан, намысқа тию;
Дене бітімінде физиологиялық кемшіліктер (адамның өзіне- өзі қанағаттанбауы).
Өз-өзіне қол жұмсаудың себептері өзгелерге нені түсіндіреді:
Шарасыздықты.
Жағымсыз қарым - қатынас жасағанына өкіндіру үшін .
Өзгені қаншалықты сүйетіндігін немесе өзгелер бұған қаншалықты сүйіспеншілікпен қарайтынын анықтау үшін.
Қатаң шешімді өзгертсіз үшін.
Жан айқайын .
Өз - өзіне қол жұмсаудың психологиялық мағынасы, көп жағдайда аффективті қысымды жойып, өмірдің қиын жағдайынан кету жолы екенін білдіреді.
Мектеп психологының негізгі міндеттері болып, төмендегі шараларды қамтитын суицидтік әрекеттердің алдын алу жұмыстары жатады. Олар:
Психологиялық жарақат тудыратын психологиялық қысымды жеңілдету
Эмоционалды тәуелділікті төмендету;
Өмірге және өмірді қойуға деген адекватты көзқарасты қалыптастыру.
Ғалымдардың айтуынша, жас өспірімдердің өз - өзіне қол жұмсауына үрейшілігінің жоғарылығы, бос әурешілігі, қоршаған ортаны бұрыс қабылдауы, өмірін өзгерткісі келуі және өз бетінше түрлі жағдайдан шығуға икемсіздік ерекшелігі жетелейді дейді.
Суицидтік әрекеттерге ұшыруадың мынадай факторлары бар:
1. Болашаққа шарасыздықпен қарау, мақсат-армандардың болмауы, өмірге деген құштарлықтың төмендігі;
2. Әлеуметтік қолайсыздық. Яғни, әлеуметтік шеттілуі, оқшаулану;
• Оқшаулану, қоршаған ортамен қарым-қатынастан қашу;
• Келешекке деген жоспардың болмауы;
• Өз күйзеліс жөнінде дәрігер, психолог, педагогтарға шағымдану.
1. Отбасындағы жағымсыз ахуал, жайсыз психологиялық атмосфера
• Жұмыссыздық, кедейшілік ( материалдық жағдайдың жетіспеуі);
• Жанұядағы берекесіздік немесе бақытсыздық;
• Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында үйлесімлікдің болмауы (өзара жиі конфликт, ұрыс-керіс);
• Отбасында елеусіз қалуы (жалғыздықты сезіну) т.б.
Өзіндік «менінің» төмендегі немесе жоғарлы, сыртқы ортаның қысымы және т.б.
«Вертер синдромы»
Жеткіншектің суицид жасауға итермелейтін жағдайдың бірі ғашықтық сезім немесе махаббат. Қазіргі кезде бәрімізге белгілі Шекспирдің кейіпкерлері Ромео мен Джульетта оқиғасы. Ғашықтық жолында өз өмірін қиюға дейін барады. Көбіне махаббаттың құрбаны болып жатқан суицид өз ізін қалдырып кетеді екен. Міне осындай жолдармен өмірден өтуі жөн көрген жеткіншектеріміз сан қилы оқиғаларды қағаз бетіне ойластырып тастап кетуге тырысады. Көбіне мұндай өлер алдындағы соңғы тілек немесе хат тастап кету бұлардың барлығы да кинофильмдерден алынады. Мұны психологияда «Вертер синдромы» деп атайды.
Өмірлік проблема басты себеп емес
Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтірудің
800-дей себебін анықтап отыр. Олардың ең
негізгілері мыналар: жеке өмірдегі
кикілжіңдер, үмітсіздік, махаббаттағы
ыза, айналасындағылармен түсініспеушілік,
жұмыстағы келеңсіздіктер, түртпекке
тап болу, қорлық-зомбылық, кемсітушілікке
ұшырау, кедейлік, қаражат тапшылығы,
жазылмайтын ауру не мүгедектік, секталарда
кездесетін фанатизм, психикалық аурулар,
рухани азғындық, өзін ешкімге керексіз
сезіну, өмірден түңілу, жақын адамынан
айрылу, оқшаулану, жалғыздық, жазадан
қорқу, жақындарымен сыйыса алмау, торығу,
өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы,
үнемі жолы болмаушылық т.б. Ал, дінге
сенетін адам үшін бұл аталғандар өлімге
себеп емес, пәни дүниеде әр адамға
кезігетін әдепкі жағдай ғана.
Ислам
діні өзін-өзі өлтіруді ең үлкен күнә
қатарына жатқызады. Өйткені, жан –
Құдайдың адам баласына берген ең қасиетті
аманаты. Өз өмірін қию – сол аманатқа
жасалған қиянат. Дінге сенімі бар адам
өмірдің қиындықтарын сынақ деп біледі,
өткінші деп қарайды. Әрбір қиындықтан
кейін жеңілдіктің келетініне сенеді.
Құдайдан үмітін еш үзбейді. Сабыр етеді.
Ең қиын сәттерде де өзін өлтіруге
бармайды. Ендеше, өзін-өзі өлтірудің
себептерін өмірдің қиындықтарынан
іздеу дұрыс емес. Мұндағы басты себеп
– сенім болып тұр. Иманы толық адамдарда
қандай да бір қайғыны жабыла көтеру,
қиыншылыққа ортақтасу бар. Ал, өзімшіл
адамдарда бауырмалдық пен жанашырлық
атымен болмайды. Сол себепті, қиналған
кезде қайғысы еселеніп, бұл дүниеден
безуден басқа жолы қалмайды. Өйткені,
о дүниеге деген сенім жоқ. Сөйтіп, онсыз
да қызығы қашқан өмірден өліп құтыла
салғанды жөн көреді.
Суицидтің алдын алуға бола ма?
Алланың берген өлшеулі өмірін өз қолымен қиып қысқарта түсуді ойлаудың өзі қорқынышты. Алайда, осындай қадамға дәті жетіп баратын жандар да кездесіп жатады.
Қ
азақстанда
әйелдерге қарағанда ерлер арасында
өзіне өзі қол салу көбірек орын алады.
Бұл
психологтардың пікірі және еліміздегі
жақсылық пен жамандық атаулыны жіпке
тізіп, санамалап отыратын Статистика
агенттігінің жақында жария еткен
көрсеткішіне көңіл аударсаңыз да осыған
көз жеткізе түсесіз. Өткен жылы «өз
еркімен» өмірден озғандардың дерегін
келтірген аталмыш агенттіктің ақпарына
сүйенсек, былтыр 3 433 адам өзін-өзі
өлтірген. Оның 2 822 ер адам да, 611 әйел
адам екенін ескерсек, жоғарыдағы
сөзіміздің дәлелі болмақ. Статистика
агенттігі мұның ішіндегі ауыл мен
қалалықтардың да үлесін бөліп көрсеткен.
Яғни, былтыр 1 783 ауыл адамы мен 1 650
қала тұрғыны өз қалауымен тіршіліктен
қол үзген. Экономикалық, әлеуметтік
немесе тағы басқа дүниелермен деңгейін
салыстырып жататын аймақтарды өзін-өзі
өлтіру көрсеткішімен де таразыға
тартыпты агенттік. Соның ішінде Шығыс
Қазақстан облысында былтыр өз өміріне
балта шапқандардың саны өзге өңірлерден
алға шығып, 513-ке жеткен. Ең аз көрсеткіш
Қызылорданың (52) еншісінде көрінеді.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының ерекшеліктері.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға өлім туралы ойлану тін емесе, алайда бұл тақырып олардың назарынан тыс қалмайды (ертегілер, өмірдегі оқиғалар).
5 жасқа дейінгі балалардың суицидтік мінез-құлығы өте сирек кездесетін жайт.
Төмен сыныптардағы оқушылар арасында, негізінен 9 жастан кейін, суицидтік белсенділік орын алған. Ең төменгі жас шамасына жалпы балалар суицидінің тек 2,5% ғана келеді. Балалардың суицидтік мінез-құлқының ауыр психикалық ауруға немесе реактивтік торығуға сирек байланысты болады. Жағдайлардың басым көпшілігінде ситуацияға қарай жауап әрекеті, көбінесе наразылық әрекеті орын алған. Жағдайлардың 80%-нда олардың себебі болып отбасы ішіндегі шиеленістер табылады. 10-12 жаста өлім уақытша құбылыс ретінде бағаланады. Өмір мен өлім ұғымдары ажыратылады, алайда, өлімге деген эмоциялық көзқарассыз тұлғасынан абстракцияланады. Өз өліміне басқаналардың жауапта әрекетін көруге ұмтылыс немесе «екінші рет туылуға» деген үміт балалар мен жасөспірімдер арасындағы суициденттерге тән. Өлім туралы ойлар балалық шақ бойы бірнеше кезеңнен өтеді: бала санасында өлім туралы түсініктің мүлдем болмауынан ол туралы өмірден кетудің атрибуттары қосылған (траур, жерлеу және т.б. түсініктер) формалдық білім алуға дейін.
Өлім туралы білімді бала не өзінің жеке тұлғасы, не жақындары арасындағы ешкімнің тұлғасымен арақатынасқа қоймайды; өлімнің кері айналмасатынғы туралы түсінік қалыптаспаған, ол әлі адамның ұзақ уақыт болмауы немесе басқа түрде тірлік ету ретінде түсініледі. Бала екі жақты болмыс мүмкіндігін мойындайды: айналасындағылар үшін өлді деп есептеліп және өле отырып, сонымен қатар өзінің олардың қапалануына куә болып, өзінің жерленуі мен өзін ренжіткендердің өкінуін бақылау. Қорқыныштың болмауы балалар психологиясының ерекше қасиеті болып табылады. Өмірлік тәжірибесі болмағандықтан және хабардар болмауынан, олар таңдау әдісін қолдана алмайды.
Жасөспірімдің жас шамасының түрлі кезеңдерінде - ерте (12–14 жас), орта (15–16 жас) және жоғары (17–18 жас) – девианттық мінез-құлықтың қалыптасуы мен көрініс алуының физиологиялық, психологиялық, тұлғалық және жеке қасиеттеріне байланысты өзіндік ерекшеліктері болады.
2.2. Балалар мен жастардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің ерекшеліктері.
Жас жасөспірім кезінде өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері, алдын ала жоспарланбайды. Жазалау қаупі төніп тұрған кезде өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері қолға түскен алғашқы нәрселердің көмегімен жүзеге асырылады. Осы топтағы жасөспірімдерде ө өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің ауыр медициналық салдары болмайды. Бұл – өлімге бас тігудің шынайы талпынысы емес, тек жанжалдан қашу, қиын жағдайдан басын алып қашу ниеті. Орташа жастағы топта өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері қоршаған адамдарды жазалау, өкпелетушіден кек алу мақсатымен жасалған демонстартивті сипатқа ие. Көбіне өз-өзіне қол жұмсау талпыныстары жанжал ушығып тұрған кезде, аффект жағдайында жасалады. Мұндай әрекеттердің медициналық салдары да ауыр болады. Осы топтағы жасөспірімдерге қызығушылықтарының жұтандығы, ой-өрісінің шектеулігі, өтірік алдау, үміттерінің қирауы, сәтсіздіктерге түсініксіз әрекет етумен ұштасатын ашуланшақтық, қызбалық, эмоциялық тұрақсыздық тән. Мұндай жасөспірімдер стресске тұрақсыз болып, өз-өзіне ие болу машығынан хабардар болады.
Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау себептері:
Өз-өзіне қол жұмсаудың жалпы себебі тұлға мен оны қоршаған жақын ортаның өзара әрекеттесуі бұзылу, психикасын жаралайтын өткір жағдайлардың әсері салдарынан әлеуметтік-психологиялық бейімделмеушілік болып табылады. Алайда жасөспірімдер үшін бұл жан-жақты бұзушылықтан бұрын жақындарымен, отбасымен қарым-қатынастың бұзылуы болып табылады. Өз-өзіне қол жұмсау арқылы тұлға өз жағдайларын өзгертуге талпынады: адам шыдамғысыз қайғыдан құтылу, жарақаттайтын жағдайдан қашып кету, аяушылық сезімін туғызу, көмек алу, өз проблемаларына назар аударту. Өз-өзіне қол жұмсау оны ренжіткен адамдардың «өкінуі үшін» кек алу сезімінен туындауы не мақсатына кез келген жолмен жету үшін қырсықтық танытуы мүмкін. Осындай қамығу жағыдайға өз әсерін тигізеді.
Ересектер тарапынан шынайы тілектестіктің болмауы
Жалпы өмір ағымының шапшаң өзгеруі
Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық
Ата-аналардың ішімдікке және нашақорлыққа салынуы
Жасөспірімге қатыгез қарым-қатынас, психологиялық, физикалық және сексуалды зорлық
Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық және маскүнемдік
Ертеңгі күнге деген сенімсіздік
адамгершілік, этикалық құндылықтардың болмауы
Өмірдің мәнін жоғалту
Өз-өзін төмен бағалау, өз-өзін анықтаудағы қиындықтар
Эмоционалды және интеллектуалды өмірінің жұтандығы
Жауапсыз махаббат
Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің қауіп факторлары:
Ата-аналардың ішімдікке салынуы және психикалық жағдайының нашарлығы;
ата-аналары мен туысқандарының өз-өзіне қол жұмсауы;
жетімдік;
Толық емес отбасы;
Дұрыс емес тәрбие — авторитарлық, үлкен кісілерді сөзсіз тыңдау, тыйым салу, қатыгез қарым-қатынас, жеткіліксіз немесе шамадан тыс қамқорлық;
Психикалық жарақаттар— мектептегі және басқа;
Қатарластары арасында беделінің жойылуы;
Психобелсенді заттарды пайдалану;
Туа біткен физикалық кемшіліктер және осыған байланысты ауыр қамығу;
Туа біткен психикалық аурулар (ақыл-ойы кемістігі, эпилепсия, шизофрения және т.б.).
Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау қаупі туралы хабар беретін белгілер.
Эмоционалды
Дәрменсіздік, күдер үзу, елеусіздік сезімі. Қайғыру. Торығу (көңіл-күйінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы). Жеңілу, сәтсіздікке ұшырау, өзін кінәлі сезіну. Шамадан тыс қорқыныш пен уайымдау. Өзінің сыртқы түріне қалай болса, солай қарау. Жалғыздық, ешкімге керек болмау сезімдері. Күнделікті ортада уақыт өткізгенде, бұрын қуаныш сыйлайтын жұмысты орындау барысында ішінің пысуы. Өлім туралы ойлану. Болашаққа жоспарының болмауы. Түкке тұрғысыз нәрселерге ашулану.
Ауызша
Өз-өзін кінәлау. Өзінің дәрменсіздігі, өмірмен қош айтысқысы келетіндігін айту. Қоштасу. Нақты өз-өзіне қол жұмсау жоспары туралы хабарлама.
2.3. Қазақстанда суицидтің дамуы.
2009 жыл Қазақстанның ішіндегі жағдайға назар аударсақ: соңғы бірнеше жылда осындай қаза бойынша көш басында Оңтүстік Қазақстан облысы (72 оқиға), Ақтау (64-67 оқиға) және Солтүстік Қазақстан облысы (100 мың тұрғынға шаққанда 57 адам өз-өзіне қол жұмсаған). Бір атап өтерлігі – елде адам өлтіргендерге қарағанда өз-өзін өлтіргендер саны әлдеқайда көп екен.
Жалпы әлемде жыл сайын шамамен миллионға жуық адам өз-өзіне қол салып көз жұмады. Олардың 8 мыңы – қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады.
Мамандардың айтуынша, Қазақстанда 2007 жылы 352 суицид фактісі тіркелген. Оның 2/3-і ер азаматтар. Мамандар жыл сайын Қазақстанда 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 6-8 суицид фактісі тіркелетіндігін айтады. Елде 2005-2007 жылдары кәмелетке толмағандар арасында 1364 өз-өзіне қол салу фактісі анықталып, оның – 887-і қазамен аяқталған. 2005 жылы – 261, 2006 – 274, ал 2007 – 352 суицид тіркелген.
Мамандар жыл сайын Қазақстанда 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 6-8 суицид фактісі тіркелетіндігін айтады. Елде 2005-2007 жылдары кәмелетке толмағандар арасында 1364 өз-өзіне қол салу фактісі анықталып, оның – 887-і қазамен аяқталған. 2005 жылы – 261, 2006 – 274, ал 2007 – 352 суицид тіркелген.
Жасөспірімдер арасындағы өзіне қол жұмсау әрекеттерінің жиі себептері: 1. Отбасындағы ұрыс–керіс; 2. Жастар арасындағы тұлғааралық қарым–қатынастың бұзылуы; 3. Жазалану алдындағы қорқыныш; 4. Махаббат проблемалары; 5. Кедейлік. Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер арасындағы суицид фактілері соңғы 5 жылда күрт өскен, олар 14–17 жас аралығындағы жастар. 2010 жылы облыста кәмелетке толмағандар арасында 91 өзіне қол жұмсау әрекеті тіркеліп, барлық әрекеттер қайғылы аяқталған.
Қазақстан бұл есепте 70-орынды иеленіп, Орталық Азиядағы көршілерінен (Түркіменстан – 103, Өзбекстан – 116, Қырғызстан – 125, Тәжікстан 133-орында) озған. Басқа постсоветтік елдерден Беларусь – 53, Ресей – 57, Әзербайжан – 76, Грузия – 79, Украина – 83, Армения – 87, Молдова 114-орында тұр.
III. Қорытынды.
Суицидтік үрдісті басынан кешіргендер үшін имам, молла сияқты діни адамдар нағыз қолдаушы ретінде көмекке келе алады. Көптеген дінге қызмет ететін адамдар түсіне білетін, елгезек және сенімге лайық тамаша кеңесшілер болып келеді. Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.
Дәрменсіздік, күдер үзу, елеусіздік сезімі. Қайғыру. Торығу (көңіл-күйінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы). Жеңілу, сәтсіздікке ұшырау, өзін кінәлі сезіну. Шамадан тыс қорқыныш пен уайымдау. Өзінің сыртқы түріне қалай болса, солай қарау. Жалғыздық, ешкімге керек болмау сезімдері. Күнделікті ортада уақыт өткізгенде, бұрын қуаныш сыйлайтын жұмысты орындау барысында ішінің пысуы. Өлім туралы ойлану. Болашаққа жоспарының болмауы. Түкке тұрғысыз нәрселерге ашулан
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1. Абрамова Г.С Возрастная психология. /Г.С. Абрамова – Екатеринбург.1999 – 86 бет
2. Андреева Г.М. Социальная психология. /Г.М. Андреева - Москва 1988 - 428 бет
3. Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия./Д. Ричардсон, Р. Берон - СПб.: Изд-во «Питер».1997-8-18 бет.
4. Бандура А., Уолтерс Р. Подростковая агрессия. Изучение влияния воспитания и семейных отношений /А. Бандура., Р. Уолтерс – М.: Изд-ова «Эксмопресс» 2000.- 43 бет.
5. Бютнер К. Жить с агрессивными детьми./К. Бютнер – Москва.: - 1991.
6. Берковиц Л.Агрессия. Причины, последствия и контроль.СПб.2002. 14-22 бет
7. Дроздов А.Ю. Агрессивное поведение молодежи в контексте социальной ситуации. /Соц.Исслед. – 2005/.
8. Морозова, Бурлачук. Справочник по психодиагностике – Спб.: Питер,
2003. – 351б.
9. Современными подростками ситуаций насилия / Вестник КазНУ. Серия психология и социологии. № 2 (15)/ /
10 . Жанғабылова А. /Психология в школе. – Алматы, 2006 № 5/

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген