Өз астанам-өз ордам.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өз астанам-өз ордам.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие жұмысына арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы : «Өз Астанам- өз ордам»

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыпарды Н. Айтовтың «Өз Астанам-өз ордам» өпеңімен таныстыру.Тасымал туралы ұғым беру.

2.Мәнерлеп оқу дағдыларын,сөздерді буынға бөлу,оқу машықтарын жетілдіре түсу,каллиграфия қалыптастыру,қызығушылығын,сабаққа белсенділігін арттыру.

3.Отанына мақтаныш сезімін ояту,елін жерін құрметтейтін азамат тәрбиелеу .

Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,баспа буындар,слайдттар.

Сабақтың әдісі:Түсіндіру,ойын

Сабақтың түрі:Саяхат сабағы

Сабақтың типі:Жаңа білімді игеру

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Шаттық шеңбері:Сәлем бердік алтын күн

Сәлем бердік көк аспан.

Сәлем бердік Астана

Сәлем бердік баршаға.

2.Сабақтың мақсатымен таныстыру:

-Бүгін сабақта Н.Айтовтың «Өз Астанам-өз ордам» өлеңін оқимыз,сөздерді буынға бөліп,және жолға сыймаған сөзді тасымалдап үйренеміз.ол үшін біз бүгін Астанаға сырттай саяхат жасаймыз.

II.Өткен сабақты қайталау «Алдар көсе» қоржынынан сөздерді алып оқу(Ата-ана,бауыр,өлке,Астана,аудан,ауыл,дос,халық,ел,Отан),осы сөздерден күннің көзін құрастыру

III.Негізгі бөлім: 1.«Жолдама алу»,орындары ауысқан буындарды реттеп қою(Ас-та-на,О-тан,А-та-ме-кен,А-уыл)

2. «Көлік таңдау»,кеспе суреттердегі сөздерді оқып буынға бөлу

3.Саяхатқа аттану,Астана жайлы слайдтар көрсетіледі.

-туған жер,отан,Атамекен...Осы сөздерді естігенде көз алдымызға жазира дала,асқар таулар,мөлдір көл,көгілдір аспан,самалға тербелген жасыл жер елестейді.

Шетсіз даламызды болашаққа жетелейтін елордамыз-Астана.

Астана жылдан-жылға гүлденіп келеді.биік –биік зәулім ғимараттар,кең.түзу көшелері көздің жауын алады.

Астанамыз сүйкімді,

Гүлдей жайнап құлпырды.

Әлемдегі дара бір,

Әсем, сәнді қала бұл.

I аялдама «Бәйтерек»

  • «Бәйтерек»-биіктігі 97 метрлік Астананың символы.Қонақтар ең бірінші осында келеді.Ендеше біз де осында аялдайық.

«Өз Астанам- оз ордам» өлеңін оқу,оқушыларға тізбектеп оқыту,сөздік жұмысын жүргізу.

II аялдама «Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы»

Бұл пирамада келбетінде жасалған,ғажайып туынды.Пирамиданың төбесі ішкі жағынан нұр шашып жарқырап тұрады.Автор жайлы мағлұмат беру.

Н.Айтов 1950 жылы 22 қыркүйекте ҚХР Шыңжаң өлкесі,Шәуешек ауданы,теректі-Қақпалы елді мекенінде туған,ақын,1974 жылы ҚазҰУ-ды бітірген.

III аялдама «Думан ойын-сауық орталығы».Сергіту сәті.Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан «Думан» ойын-сауық орталығы балдырғандардың сүйікті орны.Мұндағы «Мұхит аралы»(Океанариум)Қазақстандағы тұңғыш әрі бірден-бір нысан. «Думанда» киноатракцион бар.

IV аялдама «Ақорда».Дәптермен жұмыс1.(Алматы,қарағай,шеберхана сөздерінің тасымалдану жолдарын көрсету)Президент ақордасының төбесінде ұлттық жалауымыз желбіреген киіз үй сипатты көк күмбез жарқырайды.

2.Тазша бала қоржынынан алынған сөздерді жүйелеу,бір буынды сөздерді бір қатарға,екі буынды сөздерді екінші қатарға жазу.

V аялдама «Нұр-Астана» мешіті. «Қожанасырдың қоржынынан тапсырмалар алу. Қорытынды.«Нұр-Астана» шығыстың сыры мен құпиясы мол нәзі нақышымен өрілген ғимарат алыстан көз тартады.

Астанамыз көрікті

Қонақ таң боп көріпті.

Астанам-менің мақтаным

Шамдар нұрын төгіпті.

Ассоциация құру.

Оқушыларды бағалау

Үй тапсырмасын беру. «Өз Астанам-өз ордам»өлеңін мәнерлеп оқу.





















































Шал ақын ауданы

Жалтыр негізгі мектебі



Shape1



Бастауыш сынып мұғалімі:

Тұяқова Қ.Ж

2011 ж









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2019
775
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі