400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өз білімін жетілдіру. «Дәстүрлі емес сурет салу техникасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге дайын жоспар қолдана беруге болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өз білімін жетілдіру.

«Дәстүрлі емес сурет салу техникасы»

тақырыбына перспективтік жоспар

Айы

Жұмыс формасы


Балалармен

Педагогтермен

Ата-аналармен

Қыркүйек

«Көркем шығармашылық» білім саласының оқу жылының басынадағы балалардың білімінің және ұсталығының диагностикасы.

Кеңес:

«Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйретуде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы бейнелеу өнеріне баулу»

Кеңес:

«Мектеп жасына жетпеген балалармен сурет

салудың дәстүрден тыс әдісін дамыту»


Қазан

«Алтын күз»

(Пейзаждық монотипия әдісі)

Кеңес:

«Дәстүрден тыс сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»




Ата-аналарды дәстүрлі емес сурет салу материалдарын жасауға тарту.


Қараша

«Мұртты –жолақты »

(Саусақпен сурет салу әдісі)

«Тәрбиешілер үшін топқа танымдық экскурсиясы»


Кеңес:

« Сурет салудың дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерінің ерекшелігі»

Желтоқсан

«Қыс»

(Бүркіп сурет салу әдісі)

Кеңес:

«Бейнелеу өнерінде қолданылатын дәстүрлі емес техникалары»

Сурет салу бұрышын дәстүрлі емес сурет салу материалдармен толықтыру.



Қаңтар

«Менің жеке сапты аяғым»

(Умаждалған қағазға сурет салу әдісі)






Балалардың суреттер көрмесі

Ақпан


Шеберлік уақыты

«Алтын балық»

«Алтын балық» тақырыбына орындалған балалардың жұмыстарының көрмесі

Наурыз

«Құмырадағы гүлдер»

(Алақанмен сурет салу әдісі)


Семинар-практикум:

«Бейнелеудегі дәстүрлі емес тәсілдермен таныстыру және мектепке дейінгі балалардың дамуындағы маңызы»


Презентация:

«Дәстүрлі емес сурет салу материалдары.»


Сәуір

«Көктемге қонаққа» .

(Түртіп сурет салу)

Кеңес:

«Балабақшадағы дәстүрлі емес сурет салу техникасымен танысу және мектепке дейінгі жастағы даму рөлі»


Кеңес:

«Сурет салу сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту»

Мамыр

«Түрлі көбелектер».

(Монотипия сурет салу әдісі)





«Көркем шығармашылық» білім саласының оқу жылының аяғындағы балалардың білімінің және ұсталығының диагностикасы

Өз білімін жетілдіру тақырыбына есеп беру.

Топтық ата-аналар жиналысын өткізу.










































КМКҚ №22 «Құлыншақ» бөбекжай-балабақшасы











Турсынова Куралай Кажмуханбетовна

(Педагогтің аты-жөні)



10 жыл ,санатсыз

(жұмыс өтілі ,санаты)



Тақырыбы: «Дәстүрлі емес сурет салу техникасы»

(Тақырыптың атауы)



Ересек «Жұлдыздар» тобы

(топ)











2017-2018 оқу жылы

Мақсаты:

Мектепке дейінгі жастағы балалардың дәстүрлі емес сурет салу тәсілдерін қолдану арқылы шығармашылықтарын дамыту.



Міндеттері:

1.Балаларға дәстүрлі емес сурет салу техникасы туралы білім беру.Түрлі материалдар мен суреттер техникасын ажырата білу,өздігінен ойды түсіну ,тәсілдерін мен формалар орындалуы.

2.Балалардың шығармашылықтарын және шығармашылық қабілеттерін шығармашылық жағдаяттар туғызу арқылы көркемдік сурет салу іс-әрекетін дамыту.Ақ параққа сурет салуды үйрету.

3.Қоршаған ортаға эстетикалық қарым –қатынаспен қарауға тәрбиелеу.

.













. Сабақтың тақырыбы: Қар суретін салайық
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: қар қиыршығын балауыз және акварель бояумен салу тәсілін меңгерту; түрлі тәсілдерді, бейнелеу құралдарын қолданып сурет салуға үйрету.
ә) дамытушылық: өмір шындығына эстетикалық қатынасын қалыптастыру; шығармашылық қиялын ұштау; көркемдік талғамын дамыту; аралас техника бойынша білігі мен дағдысын дамыту.
б) тәрбиелік: табиғат сұлулығын, әсемдігін көре білуге, сезінуге үйрету; эстетикалық тәрбие беру.

ІІІ. Сабақ типі: жаңа оқу материалын меңгерту.
IV. Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
V. Сабақ көрнекілігі: қар қиыршықтары бейнеленген суреттер мен фотосуреттер, қысқы табиғат бейнеленген суреттердің көшірмелері, слайд-шоу.

VI. Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру сәті.
2. Сабақтың тақырыбы бойынша ұйымдастырушылық-танымдық әңгіме өткізу.
3. Сурет салу тәсілдерін көрсету.
4. Оқушылардың өз бетінше жұмысы.
5. Сабақты қорытындылау.
V. Сабақтың барысы:

Жаңа сабақтың тақырыбын баяндау.
Қар қиыршығын алақаныңа салып, оған жақсылап қарашы.
Иә, олар тез еріп кетеді, себебі олар бар болғаны мұзға айналған су түйіршіктері ғана ғой. Дегенмен, сенің көріп үлгергеніңді ғажайып деуге болады. Бірде-бір қиыршығы бір-біріне ұқсамайды және олар өте әдемі!
Қар қиыршығының үлкейтілген көрінісі

Балаларға суреттер мен фотосуреттерді көруді ұсыну. Балаларды жаттықтыру үшін оларға жай қарындашпен салуды ұсыну. 6 және 8 ұшы бар қар қиыршығын салу тәсілін түсіндіру.

Оқушыларға альбом парағында қар қиыршығын бейнелеуді ұсыну. Бұл үшін балауыз бор мен акварельді пайдалану қажет. Аралас техника оқушыларға әрдайым қызық. Қар қиыршығының суретін ақ параққа балауыз бормен саламыз. 6 және 8 ұшы бар түрлі қар қиыршығының суреттерін бейнелейміз.

Қылқаламды пайдалана отырып, параққа көк және көгілдір акварельмен өң береміз. Бормен салынған сурет пайда болады.

Оқушылардың әрқайсысымен жеке жұмыс істеген кезде оларға берілетін кеңестер:
1. Қар қиыршығының суретін салу барысында ұсақ бөлшектерге айналып, алданып қалмау, олар акварельмен өңдегеннен кейін нашар көрінеді.
2. Суретті тиянақты әрі жан-жақты ойластырып салу керек, өйткені майлы бормен салынған суретті түзетуге болмайды.
3. Суреттің өңін кіргізу үшін тек суық түстерді таңдау керек.

VI. Өзіндік жұмыс
Тапсырма: Қар суретін балауызбен салу
Жұмыс барысында оқушыларға жалпы және жеке көмек беру. Ұқыпты, таза жұмыс істеуге назар аударту.
VII. Сабақты қорытындылау
Балалар біз бүгінгі сабақта қар қиыршықтарын бейнеледік. Дайын жұмыстарды талқылап, үздік орындалған суреттерді бағалау.
VIII. Үйге тапсырма беру
Қар қиыршықтарын фломастер, түсті қаламмен салып келу.



 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
1734
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі