400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өз білімін көтеру жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Мектеп директоры

А.Е.Онгаров

DrawObject1

Келісемін

Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

Е.Т. Саржигитов


ӘБ отырысында қаралды

Хаттама №

ӘБ жетекш

О.Б. Абишева



DrawObject4 DrawObject2







Алматы облысы, Талдықорған қаласы

«№ 4 орта мектеп» КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бейсенбинова Сауле Толендиновнаның

өзіндік білім көтеру жоспары



Теориялық білім деңгейін көтеру

№

Жұмыс мазмұны

мерзімі

Ресурс

Есеп беру түрі

1

Жаңартылған білім бағдарламасын зерделеу

Жыл бойы

Бағдарлама

ӘБ отырысында баяндама

2

Әдістемелік нұсқау хатпен танысу, талқылау, зерделеу

Қыркүйек

ӘНХ

ӘБ отырысындағы талқылауға қатысу

3

ОМЖ, ҚМЖ құрастырудың әдіс-тәсілдерін оқу

Жыл бойы

МАБ

ӘБ отырысында баяндама

4

Ә.Әлімов «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» еңбегін оқу

Жыл бойы

Электронды оқулық

Ашық сабақ

5

«Қазақ тілі мен әдебиеті»журналына және «Қазақстан мұғалімі» газетіне жарияланған озық тәжірибемен бөлісу туралы теориялық мақалалармен танысу

Жыл бойы

«Қазақ тілі мен әдебиеті»журналы, «Қазақстан мұғалімі» газеті

Мақала жариялау

6

Дебат технологиясын жетілдіру мақсатында интернетпен жұмыс жүргізуді жетілдіру

Қаңтар, ақпан

«Ustaz.kz», «Bilimdiler.kz»

Дебат өткізу

7

«Нұрлы жол» Жолдауын қайталап оқу

Наурыз

«Нұрлы жол» Жолдауы

ӘБ отырысы дөңгелек үстел

8

Әдебиет пәнін оқытудағы психологиялық жағдайлар, мектеп психологымен кеңесу

Желтоқсан

«Ustaz.kz», «Bilimdiler.kz»

ӘБ отырысы дөңгелек үстел



Ғылыми -әдістемелік деңгейді көтеру

№

Жұмыс мазмүны

мерзімі

Ресурс

Есеп беру түрі

1

9-11 сыныптарға арналған дидактикалық материялдар даярлау

Жыл бойы

«Ustaz alemi», «Bilimdiler.kz», «Cpm»

Дидактикалық материалдар көрмесі

2

5 сыныптарға арналған жаңартылған білім бағдарламасына негізделген ОМЖ құрастыру

Қыркүйек

«Ustaz.kz», «Bilimdiler.kz», «Cpm»

ӘБ отырысы

3

5 сыныптарға арналған жаңартылған білім бағдарламсына негізделген ҚМЖ құрастыру

Жыл бойы

«Ustaz.kz», «Bilimdiler.kz», «Cpm»

Әкімшілік тексеру

4

Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы ашық сабақтар жүргізу

Қазан, наурыз

А.Әлімов «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер

Ашық сабақ

5

Әр түрлі технологиялардың қолданылуы мен іс-тәжірибеге алмасу мақсатында қалалық, облыстық, мектепшілік семинарға қатысу

Жыл бойы

«Ustaz alemi», «Bilimdiler.kz», «Cpm»

Ашық сабақ, баяндама, семинар

6

Мультимедиялық кабинетте жұмыс жүргізу машығын жетілдіру

Ақпан,наурыз

«Ustaz alemi», «Bilimdiler.kz», «Cpm»

Ашық сабақ

7

Слайтар құрастыру

Мамыр, маусым

Элекронды оқулық

Дидактикалық материалдар көрмесі

8

Шығармашылық тапсырмалар мен тест тапсырмалар жинағын шығару

Маусым

«Ustaz alemi», «Bilimdiler.kz», «Cpm»

Дидактикалық материалдар көрмесі

9

ОЖСБ және ҰБТ бойынша әр түрлі әдістемелік сайттардың мерзімдік жаңалықтарын оқу

Жыл бойы

Ғаламтор: «Ustaz.kz», «Bilimdiler.kz»

Баяндама

10

ҰБТ-ның жаңа сұрақтарымен жұмыс

Жыл бойы

Ғаламтор: «Ustaz.kz», «Bilimdiler.kz»

Пед. Кеңесте баяндама

11

«E.edu.kz» сайтының материалдармен танысып отыру

Жыл бойы


Е.edu.kz

ӘБ отырысында баяндама




Мәдени деңгейді көтеру

№

Жұмыс мазмұны

мерзімі

Ресурс

Есеп беру түрі

1

Көркем шығарма оқу

Жыл бойы

«Kitap.kz»

ӘБ отырысы баяндама

2

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шараларға белсене қатысу

Қыркүйек-желтоқсан

NUR.kz

Фотосуреттер

3

ЭКСПО көрмесіне арналған жаңалықтармен танысып отыру, көрмеге арналған шараларға белсене қатысу

Сәуір-мамыр

NUR.kz

Фотосуреттер

4

Қалалық , облыстық, республикалық мерзімдік басылым материалдарымен танысып отыру

Жыл бойы

Мектеп кітапханасы

Фотосуреттер

5

Мектепішілік, қалалық, облыстық мәдени іс шараларға қатысу

Жыл бойы

Ғаламтор

Фотосуреттер

6

Әр түрлі көрмелерге кино, спектакльдерге, концерттерге, мұражайларға бару

Жыл бойы

Мәдени орындар

Фотосуреттер


Нормативтік-құқықтық деңгейді көтеру

№

Жұмыс мазмүны

Мерзімі

Ресурс

Есеп беру түрі

1

«Тіл туралы» Заң қайталау

Қазан

«Тіл туралы» Заң

ӘБ отырысында талқылауға қатысу


2

«Білім туралы» Заң қайталау

Қараша

«Білім туралы» Заң

3

«Еңбек кодексі»

Желтоқсан

«Еңбек кодексі»

4

«Балалар құқығын қорғау» Заң қайталау

Қаңтар

«БҚҚ» Заңы

5

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»

Ақпан

ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»

6

«Қазақстан -2050» стратегиясы

Наурыз

«Қазақстан -2050» стратегиясы

№ 4 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бейсенбинова Сауле Толендиновнаның 2016-2017 оқу жылындағы шығармашылық есебі:

Мұғалім туралы қысқаша ақпарат

Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенбинова Сауле Толендиновна

Туған күні, айы, жылы: 21.03. 1979

Туған жері: Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған обл.), Сарқан ауданы, Қарабөгет ауылы

Ұлты: қазақ

Отбасылық жағдайы: тұрмыста, екі баланың анасы

Қазіргі мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Затаевич көшесі № 39 үй

Байланыс телефоны: 21-54-08; ұялы телефон: 87776138285, 87079138285

Жұмыс орны: Талдықорған қаласы, № 4 орта мектебі

Білімі: жоғары; мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бітірген оқу орны: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 2000 жыл

Біліктілігі: І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Еңбек өтілі: 17 жыл; осы білім мекемесінде: 17 жыл

2015-2016 оқу жылына сағат жүктемесі: 27 сағат

Сабақ жүргізетін сыныптары: 5 а, 5 ә, 10 а, 10 б, 11 а, 11 ә

Жетекшілік жасайтын сыныбы: 11 а

Марапаттары: ҚББ «Құрмет грамотасы» – наурыз 2014, желтоқсан 2014; желтоқсан 2015, Қала әкімінің «Құрмет грамотасы» - қазан 2016

Жалпы білім сапасы: білім сапасының орташа көрсеткіші: қазақ тілі пәнінен –82 %; қазақ әдебиеті –91 %.


№ 4 орта мектепте 2000 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Қазір І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Мектептің барлық іс-шараларына белсене қатысамын, өзіме тапсырылған істерді уақытылы, тиянақты орындаймын.

Мектептің өзекті мәселесіне сәйкес алған жеке білім көтеру тақырыбым: «Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың құзыреттілігін арттыру». Тақырыппен жұмысты 2016 жылдың қыркүйегінен бастадым. Тақырыппен жұмысты 3 жыл жүргізіледі, осы аралықта оқушылардың бәсекеге қабілетті құзыретті тұлға болып қалыптасуына бағытталған жұмыстарды және функцианалдық сауаттылықты дамытуды жүйелі жүзеге асыратын боламын. 2014 жылы білім жетілдіру курсынан өтіп, PISA бағдарламасы бойынша оқушылардың функцианалдық сауаттылығын жетілдіруді үйрендім. 2016 жылы «Жаңартылған білім бағдарламасы» бойынша білім жетілдіру курсынан өттім, онда оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін меңгердім. Осы меңгерген әдіс-тәсілдерімді қолданып, сабақтарымды қызықты, заманауи түрде өткізуге бағыттаймын.

2 016 жылы қараша айында облыстық әдістемелік әдістемелік кабинет ұйымдастырған «Эссе жазу әдістерін меңгерту жолдары» атты облыстық семинарға қатысып, ашық сабақ беріп 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау тәжірибеммен бөлістім. 2017 жылы қаңтар айында «Диологтік оқыту» атты қалалық семинарға қатысып, «Жыр алыбы - Жамбыл» атты ашық сабақ өткіздім.

2016-2017 оқу жылында оқушыларды түрлі байқаулар мен олимпиадаларға дайындап, жетістіктерге қол жеткіздім.

  1. Қалалық пән олимпиадасында Еркін Халидан 1-орынға, Болат Самал 3 - орынға ие болды














  1. «Абай және Шәкәрім» оқуларында Бидахметов Диас қалалық кезеңде – ІІ орын (2017жыл) (2015) жүлдегері атанды.

  2. Еркінқызы Калидан «Жарқын болашақ» КАТЕV олимпиадасының қалалық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде «Тілші-әдебиетшілер» номинациясында ІІ орынды иеленді.

  3. Ким Ир-Сен жалпықазақстандық «Ашық диктант» байқауының грамотасына ие болды.

2016-2017 оқу жылында жарық көрген мақалаларым:

  1. 2017 жылы қаңтар айында «Болашағың ана тілің» республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналының № 2 (01) санында «Құлагер поэмасының кейіпкерлер әлемі» сабақ жоспары;

  2. 2017 жылы ақпан айында «Білімді әріптестер» журналының № 1 (02) санында «Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі» сабақ жоспары;

  3. 2017 жылы ақпан айында «Болашағың ана тілің» республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналының № 1 (02) санында «Жыр алыбы - Жамбыл» сабақ

жоспары;

  1. 2017 жылы республикалық қоғамдық-педагогикалық «Білім шапағаты» газетінің 3.03.2017 жылғы № 8 санында «Дарынды шәкірт – ұстаз бақыты» мақаласы;

  2. 2 017 жылы республикалық қоғамдық-педагогикалық «Білім шапағаты» газетінің 3.03.2017 жылғы № 9 санында «М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы» атты сабақ жоспары.

Мен өз шығармашылығымды бұдан әрі шыңдай түсу үшін менің ұстаздық ұстанымым:

Жекірудің орнына әзілдеу,

Кінәлаудың орнына кеңес беру,

Бұйрық беріп тексерудің орнына

Кәсіби көмек көрсетіп, қолдау жасау.

2016-2017 жылы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша түрлі әдістемелік газет-журнал материалдарымен, ғаламтор материалдарын оқып, сараладым. Сол себепті алдыма төмендегі мақсат міндеттерді жүктеп отырмын.

2 016-2017 оқу жылына арналған мақсатым:

Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ұлттық рухы жоғары, жан-жақты дамыған, сөйлеу әдебін, сөз мәдениетін жетік меңгерген белсенді, ізденгіш, шығармашыл, ақпарат көздерімен жұмыс жасай алатын, оқушының функцияналдық сауаттылығы жоғары, құзыретті жеке тұлға дайындап шығару.

Осы мақсатқа сәйкес міндеттер:

  1. Сөйлеу үлгілерін қалыптастыру (диалог, монолог);

  2. Халық дәстүрін құрметтеуге, ұлттық салт-дәстүрлердің жалғастырушы буыны болуға дайындау;

  3. Тіл тазалығын сақтайтын, ана тіліне құрметпен қарайтын, бағалайтын ұлтжанды азамат қалыптастыру;

  4. Заман ағымымен бір лекте жүретін озық ойлы тұлғаның өмірден өз орнын табатын жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

Түрлі дереккөздерден және білім жетілдіру курсында алынған білімімді қолданып, жоғарыдағы мақсат-міндеттерді орындай отырып, 2016-2017 оқу жылында жұмысымды нәтижелі аяқтап отырмын.

Есеп беруші С.Т. Бейсенбинова






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
874
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі