Материалдар / Өз денсаулығымызды сақтаймыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өз денсаулығымызды сақтаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Цифрлық сауаттылық сабағы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру ұйымының атауы

Подстепный ЖОББмектебі

Пәні:

Цифрлық сауаттылық

Бөлім:

Компьютер және программалар

Педагогтің аты-жөні

Хабибуллина А.М.

Күні:


Сынып:

1

Сабақтың тақырыбы

Өз денсаyлығымызды сақтаймыз

Оқу мақсаты:

1.1.3.1 Компьютермен жұмыс істеу барысында тәртіп ережелерін ұстанып өз денсаулығын сақтау.

1.1.1.1 Компьютердің қолданылуына қарай негізгі құрылғыларын атау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысу;

Оқушылардың көбі үшін:

тәртіп ережелерін ұстанып өз денсаулығын сақтау.

Кейбір оқушылар үшін:

Компьютердің қолданылуына қарай негізгі құрылғыларын атау



Сабақтың кезеңі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Тақырып: Қауіпсіздік техникасы

Сабақтың мақсатымен таныстыру.


Жаңа тақырыпқа шолу. Сұрақтарға жауап беру.

  • Компьютер деген не?

  • Компьютермен қалай жұмыс істейміз?

- Негізгі ұғымдармен танысу.

Сабақтың мақсаттары-мен танысады.


Сұрақтарға жауап береді


Интерактивті тақта

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты түсіндіру

Компьютер орналасқан орындарда ток соғу қаупі бар! Сондақтан абай болу керек.

Компьютермен жұмыс кезінде есте сақтайтын қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерімен таныстыру.

Көзімізді шаршатпау үшін сақтау қажет талаптарды атап өту және компьютер алдында дұрыс отыру ережін айту.

Компьютер тұрған бөлменің температурасы 22С (Цельсий градус) болуы керек.

Компьютерде жұмыс жасап болғаннан кейін, жұмыс орнын реттеп, бөлмені желдету керек.

Жаңа тақырыпты меңгеру



Талдау

1 тапсырма

Төмендегі суреттерді қарастыр және әрекеттерді информатика кабинетінде «РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ» және «РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ» топтарына жинақта және түсіндір.

РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ



Дескриптор

Білім алушы

  • қауіпсіздік техникасы ережесін дұрыс ұстаған оқушыны белгілейді;

  • компьютермен жұмыс жасау кезінде қалай дұрыс отыруды түсіндіреді;

  • компьютер алдында дұрыс отырмау салдарларын түсіндіреді;

  • компьютердің электр өткізгіш құралдарын ұстау салдарларын түсіндіреді.


2 тапсырма

Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын анықта.

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинетке кіруге

  • Болады

  • Болмайды

  1. Сыныпқа тыныш кіріп, өз орнына отыруға

  • Болады

  • Болмайды

  1. Кабинетте құрылғыларды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға

  • Болады

  • Болмайды

  1. Компьютер ақауларын анықтаған кезде мұғалімге хабарлауға

  • Болады

  • Болмайды

  1. Компьютерде лас немесе дымқыл қолмен жұмыс жасауға

  • Болады

  • Болмайды

  1. Сабаққа қатысы жоқ ойындар мен басқа бағдарламаларды қосуға

  • Болады

  • Болмайды

Дескриптор

Білім алушы

  • қауіпсіздік техникасы ережесі дұрыс көрсетілген жауаптарды анықтайды;

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Бағалау критерийлерін ұсыну



















Интерактивті тақта

Бекіту

Сұрақтарға жауап берейік!

  1. Компьютермен жұмыс жасағанда қандай негізгі ережелерді қолданамыз?

  2. Мониторға дейінгі арақашықтық қанша болуы керек?

Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау

Әр сұраққа жеке жауап береді.


Қорытынды

Сабақты қорытындылау, рефлексия







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!