400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өз денсаулығымызды сақтаймыз 1 сынып цифрлық сауаттылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз денсаулығымызды сақтаймыз 1 сынып цифрлық сауаттылық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі:

1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат»)

Педагогтің аты-жөні:

Аманжол Қарақат Аманжолқызы

Күні:

19-20.01

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тың тақырыбы:

Өз денсаулығымызды сақтаймыз.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін: Информатика кабинетінде тәртіп және қауіпсізді

техника ережелерін сақтауды үйренеді.

Оқушылардың көбі үшін:

Информатика кабинетіндегі техникалық құралдарды пайдалануды біледі.

Кейбір оқушылар үшін:

Информатика кабинетіндегі құралдардың қызметін біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.



1. Сәлемдесу.

2.Оқушыларды түгендеу.


Ширату тапсырмасы. «Айна» ойыны.

Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды солға, солды оңға қарай жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады/.

Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

қағаз қиындылары.


(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.

Интерактивті тақтадан төмендегі сурет көрсетіліп, суреттегі қалаға саяхат жасау тапсырмасы беріледі.

Балалар суретке саяхат жасап біткен соң, келесі сұрақтарға жауап береді.

  • Қалаға саяхаттан қандай әсер алдың?

  • Бұл қалаға қандай атау бересің?

  • Суретте мектептің қай кабинеті бейнеленген?




Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»


Жұмыс дәптеріндегі №1тапсырманы орында.

Төмендегі суреттерден информатика кабинетін тауып, оны белгіле. Қысқаша сипаттап жаз.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

4-бет

Жаңа сабаққа дайындық.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі.

Мұғалімнің сөзі: Балалар, бұл суретте информатика кабинеті бейнеленген. Ол жерде АКТ сабағы өтеді. Кабинетте компьютерлер бар. Кабинетті пайдаланудың өз ережесі бар. Мұғалім балаларды өздері оқып жатқан информатика кабинетімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі

1- тапсырма:

Суреттерге назар аудар! Информатика кабинетінде не істеуге болмайды? Себебін түсіндіріп көр.



ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!».

Интерактивті тақта



Оқулықпен

Жұмыс


1-тапсырма:

Компьютердің алдында отырудың ережесі бар. Кім компьютер алдында дұрыс отыр?


Дескриптор:

  • Компьютер алдында жатуға болмайтынын айтады.

  • Компьютер алдында отырғанда мониторға жақыннан қарауға болмайтынын айтады.

  • Компьютер алдында отырғанда құрылғыларды дұрыс пайдалануды айтады.

  • Компьютер алдында орындыққа тік, түзу отыру керектігін айтады.

ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»



Интерактивті тақта





(Д). Интерактивті тақтадан компьютер алдындағы балақайдың әртүрлі іс-әрекеті бейнеленген 3 сурет көрсетіледі.


***3- тапсырма:

Информатика кабинетінде бала қандай ережені бұзды? Балаға қандай кеңес бересің?

Дескриптор:

  • Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерді есіне түсіреді.

  • Бала қандай ережені бұзғанын біледі.

  • Балаға ток көзінен шнурды қалай ажырату керектігін, қалай дұрыс отыруға болатынын, тамақтану ережесі бойынша өз кеңесін береді.

ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»


Интерактивті тақта


Сабақтың соңы

7 мин.


Сабақты бекіту. Рефлексия.


(Ж)

«Ұялы телефон» әдісі

Оқушылар бір-біріне СМС (хабарлама) жазу арқылы төмендегі сұрақтарға жауап жазады.


- Бүгінгі тақырып не туралы болды?

- Бүгінгі тақырыпта не ұнамады?

- Бүгінгі тақырып несімен ұнады?

- Мені қызықтырғаны ...

- Сабақта қандай сезімде болдың?

- Тақырыпқа не қосар едің?

- Тақырыптан қандай үлгі алдың?

Менің қолымнан ... келеді.

ҚБ: Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау сөз» әдісі арқылы жүргізіледі: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптерлері



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
1029
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі