жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өз елімді өзек етем жырларыма
Бекітемін:
Сабақтың
тақырыбы:
Өз елімді өзек етем жырларыма
Сабақтың
мақсаты:
Оқушыларға
туған
жер,
Отан
туралы
тусінік
беру.
Өз елін, туған жерін сүюге, құрметтеуге
баулып Отанға деген сезімін
қалыптастыру. Рухани адамгершілікке
тәрбиелеу.
Өнерге,
елге, жерге деген патриоттық сезімдерін
ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер.
Сабақтың
түрі: Жарыс
сабақ, сұрақ-жауап.
Сабақтың
тәсілдері: Сұрақ-жауап,
әңгімелеу, түсіндіру, ойын.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Армысыздар мұғалімдер мен оқушылар! Біз бүгін 2 сыныптар арасында өтетін «Өз елімді өзек етем жырларыма» атты жарыс сабағына жиналып отырмыз. Олай болса жарысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға оқушыларымызды шақырайық.
1.2 «А» Боранбай Санжар
2.2 «Ә»Ходжахмет Дана
3.2 «Б»Нуралим Алимжан
4.2 «В»Казахбаева Айзат
5.2 «Г»Қалымбек Шугыла
6.2 «Д»Ғани Серік
7.2 «Е»Байрамғали Алихан
8.2 «Ж»Әріпжан Айша
9.2 «З»Оразалы Кәусар
10.2 «И»Дуйсенбек Нуртилеу
11.2 «К»Әділқұл Раян
12.2 «Л»Бағдәулетқызы Аяулым
13.2 «М»Дәулетханұлы Нұрбол
14.2 «Н» Нұржанұлы Нұрсұлтан
Шаттық шеңберін құру.Туған елге жерге деген лебіздерін білдіру
Өз елімді өзек етем жырларыма,
Тал бойыма өнер келіп тұнғаныма.
Мақтан етем жұдырықтай жүрегім,
Осындай жайнаған елде туғаныма.
Балалар әр адам баласы өзінің туған жерін, елін мақтан етіп жүруі керек. Біздің туған жеріміз Қазақстан! Әр Қазақстан азаматы өзінің туған мекенін, елін сыйлап, рәміздерімізді құрметтеуге міндетті. Балалар сендердің болашақтарың жарқын болсын. Ол үшін жақсы іс істеп, жақсы оқып қазақ еліне өз үлесімізді қосып жүрейік.
Туған
жер асыл өлке Қазақстан,
Отаным
ұлан-байтақ ғажапстан.
Өзіңдей
тату-тәтті ел жоқ шығар,
Қазағым
жаралғансың асыл тастан -дей келе бүгінгі
жарыс сабағымызды бастайық.
Бүгінгі жарысымыз 3 бөлімнен тұрады.
1.Туған жер, Отан жайлы өлеңді мәнерлеп оқу
2.Мақал-мәтелдер жарысы
3.Сұрақ- жауап.
Әділ -қазы алқаларын таныстыру.
Бастауыш сынып оқу ісінің орынбасары:Муса Ләззат Тәңірбергенқызы
Бастауыш сынып оқу ісінің орынбасары:Кайыпова Булбул Зупаровна
Бастауыш сынып бірлестік жетекшісі:Мешитбаева Гулмира
1-бөлім:Мәнерлеп оқу сайысы
Әр сынып өз тақырыптарын айтады
Ән «Мен Қазақпын»
2-бөлім: Мақал-мәтелдер сайысы
Әр бестікке 7 мақал беріледі
1-бестік:
1.Туған жердің күні де ыстық, түніде ыстық
2.Туған жер тұғырың,
Туған ел қыдырың.
3.Отан- оттан да ыстық.
4.Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
5.Отансыз адам
Ормансыз бұлбұл.
6.Ит тойған жеріне,
Ер туған еліне.
7.Ауылым- алтын бесігім.
2-бестік:
1.Оқу-білім бұлағы
Білім -өмір шырағы.
2.Ел іші алтын бесік.
3.Мектеп- кеме
Білім- теңіз.
4.Жері байдың- елі бай.
5.Оқусыз білім жоқ
Білімсіз күнің жоқ.
6.Анаға қарап қыз өсер,
Әкеге қарап ұл өсер.
7.Өз үйім- өлең төсегім.
3-бестік:
1.Оқу-инемен құдық қазғандай.
2.Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
3.Дос жылатып айтады,
Дұшпан кулдіріп айтады.
4.Отбасы-алтын діңгек.
5.Отан үшін отқа түс-күймейсің.
6.Әркімнің өз жері- Мысыр шаһары.
7.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Алғырлар
1.Егемен елдің еңсесі биік.
2.Жері байдың елі бай.
3.Көп түкірсе көл болар.
4.Елу жылда ел жаңа.
5.Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
6.Ел қариясы ел қазынасы.
7.Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
8.Су ішкен құдыққа түкірме.
9.Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
10.Ұзтаздан шәкірт озар.
11.Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.
12.Өнер алды қызыл тіл.
13.Денсаулық зор байлық.
14.Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
1.Туған жердің топырағы жұмсақ ауасы шипа
2.Өнерлі өрге жүзеді
3.Жүз теңгең болғанша
Жүз досың болсын
4.Тауды тасты жел бұзар
Адамзатты сөз бұзар
5.Қасықтап жинап
Шөміштнп төкпе
6.Не ексең соны орасың
7.Ырыс алды ынтымақ
8.Ел мен жер егіз
9.Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің
10.Туған жерге туың тік
11.Аққу көлін аңсайды
Адам туған жерін аңсайды
12.Туған жердің жуасы да тәтті
13.Туған жердің жеріде көрікті
Еліде сүйікті
14.
3-бөлім: Сұрақ- жауап.
1.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата және Әнұранның авторлары?
2.16-желтоқсан қандай мереке және Президент куні қай кун?
3.Өзіңнің туған жеріңді айтып бер және туған жерің жайлы әңгімелеу.
4.Өзің білетін ақын жазушыларды атап бер.
5.ҚР-ның авторларын ата және не бейнеленген?
6.Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің туған өлкем өлеңінің авторы кім?
7.Өскеде туған жеріңе қандай үлесіңді қосасың?
8.Туған жердің күні де ыстық
Туніде ыстық мақалдың мағынасын айтып бер
9.Туған жері елі үшін шайқасқан батырларымызды атап бер?
10.ҚР ның президенті кім және өскенде кім болғың келеді?
11.ҚР рәмізінің авторларын атап бер
12.Мен өз елімнің патриотымын дегенді қалай түсінесің
13.Өскен кезде Ел басы болсаңыз не істер едіңіз?
14.Қазақстан қандай мемлекет?
Мемлекеттік тіл қай тіл?
Әділ қазыларға сөз беріледі
Хор «Атамекен»
Қорытынды.
Мұғалім:
--Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері. Отан әр адам үшін оттан да ыстық. Сол үшін сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп елімізді одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген