400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өз елімнің өркендеуі үшін мен не істер едім?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларына қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өз елімнің өркендеуі үшін мен не істер едім?

Ұлтымыздың көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен жасампаз қайраткерлігінің арқасында қазіргі «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда» өмір сүріп жатырмыз. Осынау адам таңғаларлық жетістіктердің бәріне де – әрбір қазақстандықтың, мемлекетіміздің көшбасшысының күш-қуатына сенген халқымыздың да еңбегі зор.

Мен өз елімнің өркендеуі үшін не істер едім ? Әрбір жас өз елінің алдыңғы қатарлы ел болғанын, өркендегенін қалайды. Еліміздің алдыңғы қатарлы ел болуы - ертеңгі жастың қолында. Сол үшін мен сапалы білім мен саналы тәрбиені қатар ала жүріп, салауатты да сауатты азамат болып өсуім керек. Ақылды, парасатты, заман талаптарынан қалыс қалмайтындай, әлемдік деңгейге дейін елімді танытатындай жұмыстар атқарамын. Өз еліміздің тілін, дінін, салт-дәстүрлерін, ұлттық ойындарын ешқашан естен шығармай, қайта оны жағыртып нағыз қазақ халқына тән өмір сүргенімізді қалаймын.

Өз елімнің өкендеуі үшін: түрлі білім мен өнер бәйгелеріне қатынасып тереңірек білім аламын. «Білекті – бірді жығады, білімді – мыңды жығады» деген қазақ даналығы. Озық білім арқылы түрлі салаларда жұмыс жасауға болады. Маған елім не береді, - деп жатып алмай, мен еліме не бере аламын,- деп ойланған дұрыс сияқты. Мен келешекте өзімнің түрлі ғылыми жобаларымды ұсынып, әлемде қолданысқа ие болатындай техникалық құралдар ойлап табамын. Егер сол техникалық құралдарым қолданысқа түсіп, әлемдік сұранысқа ие болса менің арманымның орындалғаны.

Еліміздің өркендеуі – болашағымыздың жарқын болатынын көрсетеді. Елімізде тұратын әрбір жеке тұлға: жұмыс жоқ – деп бос жүрмей еңбектену керек. «Екі қолға бір күрек» табылады емес пе?! Өз бойында бар күш – қуатты, талантты, дарындылықты жасырып қалмай сыртқа шығарса, ол дегенің еліміздің өркендеуіне қосқан үлесі емес пе?!...

Міне, Елбасымыз еліміздің өркендеуі жолында өзінің оң іске бастайтын жолдауларын ұсынып жатыр. Осы жолдауларды қуаттау арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізуге болады. Жастарымызға қолдау көрсете отырып, олардың әлеуметтік жағдайын ойлап, олардың жұмыс жасауына кедергі келмейтіндей жағдай жасаған.Берілген көмек арқылы аянбай жұмыс жасап, еліміздің алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылуына оңай қол жеткізуге болады.

Білім бар жерде – үлкен жетістік бар. Сол арқылы болашаққа үмітпен қарауға болатынын қазақ ұлылары айтып кеткен. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап ізденіс арқылы оқу керек.

Еліміздің көшбасшысы – Н.Ә.Назарбаев еліміздің өркендеуі жолында қаншама жұмыстар атқарып келеді. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 23 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде елімізде адам таңғаларлық өзгерістер болғанын өзіміз де, өзге елдің азаматтары да біледі. Бұл маңдай тердің арқасы екенін білуіміз керек. Сол үшін де еліміздің өркендеуі үшін аянбай тер төгуге барша халқымды шақырамын. Еліміздің өркендеуі ынтымақ пен бірліктің арқасында болады. Сол үшін аянбай еңбек жасап, жастарымыз жоғарғы дәрежеде білім алып, ауызбіршілікте болып, елімізді әлемге танытатындай игі істер жасасын деп тілеймін.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.12.2018
1554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі