Өз елімнің өркендеуі үшін қосар үлесім!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өз елімнің өркендеуі үшін қосар үлесім!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға көмек, мотивация
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығарма

«Туған өлке болашағы жайлы арманым»

«Мемлекет саған не істейді деп ойлама,

сен еліңе не істей алатыныңды ойла»

Дж. Кеннеди

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

А) Мен – өз елімнің ұланымын

Ә) Менің болашаққа арманым

ІІІ. Қорытынды



Менің Отаным – Қазақстан. Мен өз елімнің ұланымын. Осы бір қасиетті жерде дүниеге келгеніме мен өте қуаныштымын. Себебі, қазақ елінде өмір сүріп жатқан жандар тек татулықта өмір сүреді. Қазіргі күні мемлекетімізде жүз отыздан астам ұлт өкілдері өмір сүруде, міне, бұл деген достастық пен ынтымақтастықтың белгісі. Олар басқа ұлт өкілдері болса да, біз олармен достық қарым-қатынастамыз. Қазақстан жерінде өмір сүріп жатқандықтан, әрбір қазақстандық өз елінің патриоты болуы керек. Қазіргі таңда мемлекетіміз дамып, өркендеуде. Міне, биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Біз еркін өмір сүрудеміз. Әрине, бізге тәуелсіздігімізді алу оңайға соққан жоқ. Осы бір егемендікті алу жолында ер-азаматтар елінің еркіндігі үшін жанын пида еткен, ерліктері ұмытылмас жандар жастай келмес таудың бөктеріне аттанып кеткен-ді. Ендігі күні біз олардың есімдері мен ерліктерін ұмытпаймыз. Себебі, біз сол бір жандардың арқасында, тәуелсіздігімізді алдық, аяғымызға нық тұра білдік. Енді ешкімге бағынышты емеспіз. Олар Қазақстан тарихының бір бөлшегі. Ендігі еліміздің болашағы біздің қолымызда.

Әрбір адам баласы өз кіндік қаны тамған жерін құрметтеп, қорғауға міндетті. Мен егемен Қазақстанның тумасы болғандықтан, өз елімнің өркендеуіне үлесімді қосуға міндеттімін. Мен еркін елдің ерке, енді гүлдеп келе жатқан ұрпағымын, елімнің болашақ қайнарымын. Мен елімді, жерімді, өз туған ұлтымды сүйемін. Мен өз елімнің қасиетті рәміздерімен мақтанамын. Әлемнің қай мемлекетін алсамда, мен үшін өз елімнің рәміздеріне жететіні жоқ. Олар менің мемлекетімнің байлығы, менің байлығым. Әрбір адам баласы өз елінің патриоты болуы тиісті. Қазіргі таңда келешек ұрпаққа өз елін, жерін сүюге үйрететін көптеген іс-шаралар өткізіледі және де өз елінің өркендеуіне үлес қосуына жол сілтейді. Егер әрбір пенде өз елінің өркендеуіне үлес қосуға мақсат қоя білсе, онда ол адам өз мақсатына жетуге ұмтылуы керек. Мақсатына жету жолындағы қиындыққа да мойымай, кедергіге де қарайламай, тек болашаққа үмітпен әрі сеніммен жетеді. Менде өз елімді сүйемін, құрметтеймін және өз елімінң өркендеуіне үлес қосуға асықпын.

Мен қазір 11 сынып оқушысымын. Осыдан бір жыл бұрын мен болашақта кім боламын және оның менің елім үшін пайдасы неде деген сұраққа жауап іздедім. Осы шығарманы жаза отырып, мен өзім таңдаған ағылшын маманының елімнің өркендеуіне қосар үлесін түсінгендеймін, яғни сұрағыма жауап тапқандаймын. Ағылшын тілі маманы болу менің болашаққа қойған мақсатым. Неге мен дәл осы мамандықты таңдадым? Себебі, ағылшын тілі – заман талабы. Біз елбасымыз айтқандай үш тілді меңгеруіміз керек. Үш тілге қазақ , орыс, ағылшын тілдері жатады. Қазақ тілі – ол біздің мемлекеттік тіліміз, әрі ол менің ана тілім. Мен өз тілімді сүйемін. Қазақ тілі арқылы мен ең алғаш «ана», «әке» - деген үш әріпті, терең мағыналы сөздерді дыбыстап айта аламын. Неге мен осы екі сөзді мысалға алдым? Себебі, бұл екі сөз әр адамның ең алғаш тілі шыққанда айтатын сөздері. Олар адам баласының жанашыры, әрі өз Отанын сүюге ең алдымен тәрбиелейтін жандар. Ал, орыс тілін неліктен меңгеруіміз керек? Себебі, орыс тілі басқа ұлт өкілдерімен тілдесуге қажет. Орыс тілін меңгеру арқылы мен ұлы орыс ақындарының шығармаларын оқи аламын. Ағылшын тілін ше? Ағылшын тілі – бүкіл әлемге дамыған халықаралық тіл. Ол – әлем тілі, ол – ортақ тіл. Сондықтан мен ағылшын тілін жетік білуім керек, ол тілді меңгеру арқылы басқа ұлт өкілдерімен емін-еркін тілдесе аламын. Мен болашақта неге ағылшын тілінің маманы болғым келеді? Себебі, қазіргі күні біз ағылшын тілін жетік білуіміз керек. Мен болашақта ағылшын тілін меңгеріп, оны келешек ұрпаққа үйреткім келеді. Осы ағылшын тілін үйрету арқылы мен өз елімнің өркендеуіне үлесімді қосамын.

Иә,әркімнің болшаққа деген өз арманы болады. Дегенмен , мен өз арманымды мақсатыма айналдыру арқылы өз туған өлкеме үлесімді қоса аламын. Қазіргі күні мен атақты сазгер Мұқан Төлебаев атындағы ауылда тұрамын. Ол менің туған өлкем. Ауыл іші жақсы дамыған, адамдары да заманауи, бірақ оқушылардың көпшілігі ағылшын тіліне шорқақ болып келеді. Иә, ағылшын тілі біздің туған тіліміз болмаса да, біз халықаралық тілді білуіміз керек. Ендігі арманым мен өз ауылыма болашақта ағылшын тілін меңгеруге арналған үлкен ағылшан мектебін ашқым келеді, иә, ондай мектептер қалаларда көптеп кездеседі, дегенмен, ауыл балалары да ағылшын тілін жақсы меңгеріп болашақта ел аралап, жер көрсе несі жаман. Қалада мүмкіндіктер өте көп, қала тұрғындары өзі қалаған іспен айналыса алады, ал ауылда болса ондай мүмкіндіктер көбіне болмайды. Менің тағы бір арманым қазіргі ауылда тұрып жатқан тұрғындар ұйым болып, көлемі шағын болса да ауылымызды кішкене қалашыққа айналдырса деймін. Дегенмен, оған әрине біріншіден ұйымшылдық, ал екіншіден қаражат керек.

Иә, армансыз адам болмайды. Менің арманым тек қана өз елім үшін еңбек ету, ұстаздық ету. Ұстаз деген қасиетті ұғым, мен болашақта ұстаздық етіп, туған өлкеме материалдық жағынан көмектесе алмасам да, рухани жағынан көмек беруге тырысамын. Ақшасы барды бай адам деп емес, білімі бар адамды бай деу керек. Егер адам баласы жақсы білім алып, өз туған өлкесіне үлес қосса одан артық жақсының болмағаны емес пе?

Шығарманы қорытындылай келе мен өз Отанымды сүйетінімді айтқым келеді. Менің Отаным – әлемнің кереметі, менің байлығым. Қандай қиыншылық болса да, мен өз Отаныма мәңгі қызмет етуге дайынмын!



Отанымды сүйемін!

Қазақ елім , қасиетті туған жерім,

Кіндік қаным тамған жер құт-мекенім.

Асыр салып ойнаймын бір өзіңде,

Татулықты сақтаймын туған жерде.



Тату болып барша жұрт күн кешуде,

Тәуелсіздік арқасы бұл күнімде.

Тәуелді боп жүрсек егер бір халыққа,

Танылмас-ек бүгінгідей әлемге.



Жоқ, жоқ, әрине біз тәуелсізбіз,

Еркінбіз, қалықтаған бүркіттейміз.

Қасиетті қазақтың ұланымыз

Білім алып, Отанды біз көркейтеміз.



Отаным – Қазақстан, мәңгі жаса,

Өркендеп атың шықсын барша жұртқа.

Менде бір азаматы болғандықтан,

Қосамын үлесімді Отаныма!













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
17293
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі