400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Өз еліңнің патриоты болу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға өз елінің патриоты болу керектігін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Мұғалімі: Булегенова Альфия

Сыныбы: 3

Тақырыбы: Өз еліңнің патриоты болу

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, бауырмалдық, татулық.

Мақсаты: Оқушыларға өз елінің патриоты болу керектігін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға айналасындағы барлық адамдарды жақсы көрудің маңызын ұғындыру.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды тату болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Тыныштық сәті. «Орманға серуен». Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз.Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз.Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз.  Көзіңіздіашып, күлімсіреңіз!Рахмет.

  1. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №22– сабақ.Оқулықта берілген 4 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №23, «Менің Отаным»мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Отан деген сөзді естігенде қандай әсерде боласың?

2. Отанын сүйетін адамның бойында қандай қасиеттер болады?

3. Отанға деген сүйіспеншілігіңді қалай білдіріп жүрсің?


  1. Сабақтың дәйексөзі.

«Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады» (мақал)

Сұрақтар:

1. Бірлігі мықты ел қандай болады?

2. Елімізде бірлік болу үшін не істеу керек?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

« Ассамблея» сөзі француз тілінен аударғанда «жиналу» деген мағынаны білдіреді. Қазақстан халық ассамблеясы 1995 жылы 1 наурызда құрылды. Мақсаты – елімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдерін бірлік пен ынтымақтастыққа шақыру.

Қазір біздің ұлан байтақ Қазақстанда 136 ұлт өкілдері тұрып жатыр, 15 тілде газет-журналдар шығады. Өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде оқытатын мектептер бар. Ал 108 мектепте 22 ұлттың тілі жеке пән ретінде оқытылады. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда, елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді.

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.

Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткендері кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, жоғары бағаланатынқазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет:қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, ел ішіңдегі бірлік пен тыныштылық– біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

«Бірлік бар жерде бақыт бар», «Ынтымақ – достық кепілі»дегенхалқымыз. «Отан» - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, өзіміздің туған-туысқанымыз, дос-жаранымыз бен тұратын еліміз.

Бүгінгі таңда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы- біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, біздің тыныштығымыз бен бірлігіміздің айнымас бөлігі.

Сұрақтар:

1. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы- біздің тыныштығымыз бен бірлігіміздің айнымас бөлігі деген сөйлемді қалай түсіндіңдер?

2. «Бірлік бар жерде бақыт бар», «Ынтымақ - достық кепілі»дегенхалқымыз. Осыған ұқсас қандай мақал-мәтелдер, нақыл сөздер білесіздер?

3. Басқа ұлт балаларының ішінде жолдастарың бар ма? Бар болса, онымен қалай қарым-қатынас жасайсыздар?

4. Әлемде бейбітшілік болу үшін барлық адамзатқа қандай тілектер айтқыңыз келеді?


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 – топ: «Бауырмалдық»

2 – топ: «Достық»

3 – топ: «Татулық»

Тапсырма: Сахналық көрініс. Әр ұлттың салт – дәстүрлерін көрсету.


  1. Топпен ән айту.

Атамекен

Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев

Сөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы: 
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.

Қайырмасы:


7. Үйге тапсырма

1. №24 – сабақ.Оқулықта берілген 1 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №24, «Мәншүк әні» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
2568
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі