400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өз еліңнің патриоты болу

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың өз еліне жеріне деген сүйіспеншілігін ояту
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін: __________­­______

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектебі: Қарақұм орта мектебі

Мұғалім: Есенқосова Динара

Мерзімі: 27.02.20

Оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:«Өз еліңнің патриоты болу»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: бауырмалдылық, татулық, кішіпейілділік

Сабақтың мақсаты:оқшылардың өз елінің патриоты болу түсініктерін кеңейту арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушыларға «Отанды сүю», «патриот болу»ұғымдарын ұғындыра отырып, бауырмалдық қасиеті арқылы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды өз Отанын қадірлеуді, қастерлеуді үйрету арқылы татулыққасиетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды бауырмалдылыққа, татулыққа,

кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материал көздері)

үнтаспа, оқулық, дәптер,

стикерлер, көрнекіліктер.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу;

Оқушыларды түгендеу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа

қатысуын тексеру;

«Әнұран»

Сөзін жазған:Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған:Шәмші Қалдаяқов


Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежілден ердеген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!


Қайсырмасы:


Менің елім,менің елім,

Гүлім болып егілемін,

Жырың болып төгілемін,елім!

Туған жерім менің-Қазақстаным!


Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсалған уақытта,

Мәңгілік досыңдай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!


Қайсырмасы:

Менің елім,менің елім,

Гүлім болып егілемін,

Жырың болып төгілемін,елім!

Туған жерім менің-Қазақстаным


5 «Т» ережесін қайталау:

Талап

Тәртіп

Татулық

Тыныштық

Тазалық

Оқушыларды топқа бөлу:

I. Қазақстан

II.Елтаңба

III.Ту

IV.Бәйтерек


  1. Тыныштық сәті.

Су асты патшалығына саяхат

Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


3.Үй жұмысын тексеру.

101- беттегі Ермек Өтетілеуұлының «Жомарт» мәтінін мазмұндау.

Нұрландыр кеңшарға қаладан кеше ғана көшіп келген.Әлі ешкімді танымайды.Ол есік алдына ойыншықтарын шашып тастап,жеке өзі зерігіп отыр еді.Қасына бір бала келді.Бойы да,жасы да бұдан кішілеу.

-Кел,атың кім?-деді оған Нұрлан үлкендік білдіріп.

-Ержан.

-Қайда тұрасың?

-Мына көрші үйде.

-Менімен ойнайсың ба?

-Ойнаймын.

Нұрлан қасында жатқан ойыншық мәшинені кілтпен бұрап-бұрап,жерге қоя беріп еді,онысы зыта айналып,жүгіре жөнелді.Одан соң Нұрлан қолына ойыншық автоматын алды да,Ержанды көздеп,дырылдатып ата бастады.Кәдімгі шын мылтық сияқты;тарс-тарс тықылдаған кезде ішінен қызыл шоқ жалт-жұлт етеді.Бұрын мұндайды көрмеген Ержан аузын ашып,біресе шыр айналғаг мәшинеге,біресе дыр-дыр атып тұрған автоматқа қарайды.

Мұны байқаған Нұрлан оған

-Қалай,жақсы ма?-деп одан сайын қызықтырып қойды.

-Ия,-деп басын изеді Ержан.

-Қайсысы жақсы?

-Мәшине...Жоқ,мылтық,...Жоқ...-Ержан қайсысын айтарын білмей қалды.

Нұрлан күліп жіберді.

-Онда екеуімен де сен ойнай тұр,мен велосипед алып шығайын,-деп қораға кіріп кетті.

Нұрлан сәл ойланып тұрды да,Ержанға

-Осы ойыншығымды саған сыйладым,үйге апарып ойна,-деді мылтықты ұсынып.Ержан сенер-сенбесін білмей,сәл дағдарып қалды да,кенет үйіне қарай жүгіре жөнелді.

«Ақылды десе болар-сұрамай білгенді,жомарт десе болар –сұрамай бергенді»

  • Нұрланның кеңпейілділігін қандай іс-әрекетінен байқауға болады?

  • Кеңпейілді болудың мәні неде?

  • «Ақылды десе болар-сұрамай білгенді,жомарт десе болар-сұрамай бергенді»деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?


4.Дәйексөз

Адал адам Отанын сүйеді.

Ахмет Байтұрсынұлы

  • Ұлдарға хормен оқыту

  • Қыздарға хормен оқыту

  • Дәптерлеріңе жазып алыңдар

  • Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

  • Оқушылардың жауабы негізінде қортынды жасау.


5.Оқулықпен жұмыс.

«Менің Отаным»


Әлі мектепке бармағанымен, Бекжан әріптердің қарасын түгел таниды. Дене бітімі ашаңдау, бірақ жанары отты. Жеке сөздерді ежіктеп оқи да алады. Атасының еркесі, артынан қалмайды. Кітап оқытып тыңдайды. Өзі асқан ұғымтал.

Атасы Бекжанның білуге құштарлығына айрықша ден қояды. Ылғи да жөн сілтеп отырады да, жиі пысықтайды.

– Бекжан, сен кімнің баласысың?

– Атамның баласымын.

- Өзің кімсің?

- Қазақпын.

- Қайда тудың?

- Алматы қаласында.

- Отаныңды білесің бе?

- Білемін, менің Отаным - Қазақстан!

- Сен қай елдің азаматысың?

- Қазақ елінің азаматымын.

- Отаныңды жақсы көресің бе?

- Отаным – жаным – тәнім.

- Ер жеткенде Отаныңа қызмет етесің бе?

- Барлық күш-жігерімді Отаныма арнаймын!..

Сұрақтарға жауап бергенде Бекжанның жанары нұрланып, алма бетi албырап кетеді. Бейне аса игі істі тыңдыратындай жайсаң сезімге бөленеді. Бұған атасы да марқайып қалады. Үміті ұшқындай түседі.

  • «Отан» деген сөзді естігенде қандай әсерде боласың?

  • Отанын сүйетін адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  • «Отан – оттан да ыстық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Отанға деген сүйіспеншілігіңді қалай білдіріп жүрсің?


6.Бейнебаян.

«Отан туралы»

Мұқағали Мақатаев


7.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс

I. «Бәйтерек»: Постер қорғау патриот

II. «Қазақстан»:Отан туралы мақал-мәтел жазу

III. «Елтаңба» Сөзжұмбақ шешу

IV. «Ту» Отан туралы өлең шығару


8.Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген 53 бетіндегі 1-тапсырманы орындау


9. Үй тапсырмасын беру.

Оқулықтың 110 бетіндегіӘзілхан Нұршайқызының «Мәншүк әні» мәтінінмазмұндап келу.


10. Топпен ән айту

Сапалы қазақ әнұраны

Сөзін,әнін жазған:Ахметбек Нұрсила


Білімді ел,бірлікті ел,баталы ел

Еңбекқор ел,табысты ел,саналы ел

Өзгеретін кезің келді замандас

Біздің ұрпақ болады енді сапалы ел


Қайырмасы:

Ұлы далам,ұлы мекен

Еркін жүріп,еркін өсем

Егеменді елімді мен

Болашаққа табыс етем


Ол оянды,мен ояндым сен де оян

Ата бабам даңқыңа мен сай болам

Өзім үшін,елім үшін аянбан

Батаңды бер ата бабам қол жаям


11. Кері байланыс.

Оқушыларға жеміс-жидектердің қиындылары таратылады,сабақтан алған ойларын түйіндеп жазып,тақта да ілініп тұрған себеттің ішіне салады.



Бөлімдегі оқушыларыммен өткен сабақтардан көріністер


Cабақты Қазақстан Республикасының әнұранымен бастағандағы көрініс.

Шығармашылық кезінде оқушылардың тапсырманы орындап қорғалуындағы көрініс.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі