Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік 7 - сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік 7 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 - сыныпқа арналған нақты құрылған тәрбие сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты:

Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік

Күні:

24.11.2025ж

Тәрбиешінің аты-жөні :


Сынып: 7

Қатысушылар саны: 10

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

12 Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Бейтаныс адамдармен қарым қатынас кезіндегі қауіпті сигналдар»


Сабақтың мақсаты:

  • оқушыларға жауапкершілік ұғымының маңызын түсіндіру. Жеке іс-әрекеттері мен шешімдеріне жауапкершілікпен қарауды үйрету.

  • жауапкершілік қасиетін өмірде қолдануға тәрбиелеу.

Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

балаларды бейтаныс адамдармен қауіпсіз қарым-қатынас жасауға және ықтимал қауіптерден қалай аулақ болу керектігін түсінуге үйрету.

Қауіпсіздік сабағының міндеті:

Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасаудың негізгі қағидасымен таныстыру.

Қауіпті жағдайларды анықтау және болдырмау дағдыларын дамыту.


Құндылықтарды дарыту

«Әділдік пен жауапкершілік қасиеттерін оқушы бойына дарыту, оның өмірге көзқарасын, өзіне қоятын талаптарын дқрыс қоюға ықпал ету, адамның өзінің іс-әрекетіне есеп беруін, тапсырылған істі уақытында орындауын, міндетін түсініп орындауын қалыптастыру.

Апта дәйек сөзі

Әділетте берік болсаң аяғың таймайды.

Сабақтың барысы



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут


















Сабақтың ортасы

15 минут

















































































ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады

I. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды топқа бөлу.

Психологиялық жаттығу: «Жылы жүрек» (әр оқушы бір-біріне жылы сөз айтады).

II. Кіріспе бөлім.

Ой қозғау

«Жауапкершілік» сөзін қалай түсінесің? Жауапкершілікке мысал келтіріңдер.

- Адамның мақсатына жетуі неге байланысты?

-Өздеріңнің өмірлерінде жауапкершілікті сезінген кездеріңіз болды ма?

Өз іс-әрекетің үшін жауапкершілікті қалай арттыруға болады?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Еңбексіз өмір – бос өмір. Жауапкершіліксіз іс – мәнсіз іс» Абай Құнанбаев.

Жауапкершілік — адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет, тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

III. Негізгі бөлім

Бейнематериал қарау.

: «Нені түсіндіңдер? Қандай ой түйдіңдер?» – деп талқылау.

Жаңа материалды меңгеру.

Заңды жауапкершілік дегеніміз – бұл процессуалды — іс жүргізу тәртібімен белгіленген мемлекеттік күштеу арқылы қолданылатын заңдарда қарастырылған құқық бұзушылықты іске асырған тұлғаларға қарсы қолданылатын шаралар.

 Заңды жауапкершіліктің түрлері:

1.Қылмыстық жауапкершілік тек жасаған қылмысы үшін ғана қолданылыды. Бірде-бір адам соттың үкімінсіз немесе заңға сай деп танылмаған жағдайда айыпты деп танылып немесе қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін емес. Қылмыстық жазаның шаралары мемлекеттің қатаң мәжбүрлеу шаралары арқылы іске асырылады. Айыпкерді – бас бостандығынан айыру, өлім жазасы т.б.

2. Әкімшілік жауаптылық — әкімшілік теріс қылық жасалған жағдайда қолданылыды. Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері: ескерту, айып-пұл, қатаң сөгіс.

3. Азаматтық – құқықтық жауапкершілік құқық бұзушының өзге тұлғаның мүддесіне байланысты келтірілген шығынды өтеу үшін заңда немесе шартта көрсетілген зиянның орнын толтыруға байланысты орындалады. Азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің негізгі принципі – келтірілген залалдың орнының толық толтырылуы.

4. Тәртіптік жауапкершілік – еңбек, оқу, түрлі қызмет саласындағы әскери тәртіпті бұзған кезде қолданылады. Тәртіптік жауапкершілік шараларына – сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан босату т.б. жатады.

5. Материалдық жауапкершілік – өздерінің қызмет міндеттерін орындау кезіндегі өндіріс, мекеме, ұйым жұмысшыларының келтірген залалдарына сәйкес қолданылады. Заңды жауапкершілік өз уақытында орындалуы тиіс.

      Заңды жауапкершіліктің қызметі:

1)      жазалау;

2)      бұзылған құқықты қалпына келтіру;

3)      азаматтық заңды сақтап, өзгелердің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге тәрбиелеу

Топтық жұмыс

1 - топ -Жауапты адамға мінездің қандай қасиеттері тән?

Жауапты адамға ғана тән қасиеттерді жазыңыз. (адалдық, батылдық, мейірімділік зейінділік пен немқұрайлылық, еңбекқорлық , белсенділік.

2 - топ Мен жауапты баламын.

Жауапты болу үшін жасалынатын әрекеттерді жазу.

1. Уақытымды дұрыс пайдаланамын.

2. Сабаққа уақытында келемін.

3. Үй тапсырмаларын мұқият орындаймын.

4. Берілген уәдемде тұрамын.

5. Заттарымды күтіп ұстаймын.

6. Үйде ата-анама көмектесемін.

7. Достарыма және мұғалімдерге құрметпен қараймын.

8. Өз қателігімді мойындап, түзетуге тырысамын.

9. Ортақ ережелерді сақтаймын.

10. Қиындықтардан қашпай, шешімін табуға тырысамын.

  1. «Жауапкершілік» жаттығуы.

Нұсқау: Сөйлемді аяқта.

  • * Жауапты адам болу дегеніміз – өз ісіне, сөзіне және әрекетіне шын ниетпен қарап, уәде берген нәрсені орындау.

  • * Мен өз жауапкершілігімді уақытымды дұрыс пайдалану және тапсырмаларды уақытында орындау арқылы көрсетемін.

  • * Мен үшін ең қиын жауапкершілік, ол – басқа адамдардың үмітін ақтау.

  • * Жауапкершілігі бар адамды мен оның сенімділігі мен уәдесінде тұруынан танимын.

  • * Менің жауапкершілігім көбейген сайын, өзімді есейген және сенімді адам деп санаймын.

  • * Мен мынандай үлкен шешімдер қабылдау жауапкершілігін алудан қорқамын.

  • * Мен өз өміріме жауаптымын, себебі менің болашағым – тек менің қолымда.

  • * Мен өз мақсатыма жету үшін, мен оқу, тәртіп және еңбек ету жауапкершілігін ала аламын.

  • III. Қорытынды «Жауапкершілік — жетістікке апаратын ең сенімді жол. Өз ісіңе жауап бере алатын адамға әрқашан сенім артады». Болашақта өмірге жауапкершілікпен қарау қабілетіңіз бүгін қандай таңдау жасайтыныңызға байланысты.


Оқушылар мұғаліммен амандасады.


Сабақтың мақсатымен танысады



























Оқушылар ойларымен бөліседі.





























































Оқушылар топпен жұмыстанып, постер қорғайды.



Cөйлемдерді толықтырады.

Оқушы тапсырманы орындап болғаннан кейін осы жайында пікір алмасады, талқылайды, ой түйеді.


Слайд






























https://youtu.be/8xr2QpQryWU?si=Vaq-H0-cVlFQg8_y










Суреттер
























































Қауіпсіздік сабағы

10 мин

Сабақтың тақырыбын және мақсатын түсіндіру

Мұғалім: «Кейде бізді бейтаныс адамдар тоқтатып, сөйлескісі келеді. Бірақ олардың бәрі сенімді бола бермейді. Сондықтан қауіпті сигналдарды білуіміз керек». Негізгі бөлім

  1. Мағлұмат беру: Қауіпті сигналдар: Сыйлық ұсыну, тәтті беру; Жол көрсетуін сұрау, көмекке шақыру;

«Ата-анаң жіберді» деп алдау; Қолынан ұстап әкеткісі келу; Жеке ақпарат сұрау (аты-жөнің, мекенжайың, телефон нөмірің). Дұрыс әрекет: «Жоқ» деп анық айту; Жақын жердегі ересек адамдарға бару;


Қауіпті жағдайда 102 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу.

Қауіпсіз мінез-құлық ережелері.

Ата-анасының немесе басқа ересектердің қарауынсыз бір минутқа қалған әрбір бала бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіптен аулақ болуға көмектесетін ережелерді білуі керек:

Болмайды:

    • Мен бейтаныс адаммен сөйлесіп, оларды пәтерге кіргіземін.

    • Лифт пен кіреберіске бейтаныс адамдармен кіру.

    • Бейтаныс адамның көлігіне отыру.

    • Бейтаныс адамдардан сыйлықтар алу және олардың бірге жүрейік деген ұсыныстарына келісу.

Қандай жағдайларда әрқашан «Жоқ!» деу керек:

    • Егер сізді ата – анаңа ескертпей қонаққа шақырса, тіпті көршілер болса да.

    • Егер ата-анасы болмаған кезде бейтаныс адам келсе, оны пәтерге кіргізу немесе онымен бірге бір жерге бару.

    • Егер бейтаныс адам сізбен танысу және уақыт өткізу үшін бірдеңе жасаса.

    • Бір нәрсені көру немесе ойнау үшін оңаша жерге баруға шақырса, «Жоқ!» деп жауап беру керек, тіпті өте қызықты болса да.

    • Үйге келгенде ересектерге бұл адам туралы айту керек.

3. Ситуациялық тапсырмалар: «Бейтаныс адам тәтті ұсынып тұр. Сен не істейсің?» «Ауладан шығарарда біреу көлігіне шақырды. Не істейсің?» «Әлеуметтік желіде бейтаныс адам жеке суретіңді сұрайды. Сен не істейсің?» Қорытынды бөлім «Қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз!»

Рефлексия: «Мен бүгін білдім…», «Мен енді ешқашан…».

Үй тапсырмасы «Мен бейтаныс адамдардан қалай қорғанамын?» тақырыбында сурет немесе шағын эссе дайындау






Оқушылар сабақтың тақырыбын сұрақтарға жауап беру арқылы










(Оқушылар талдайды, дұрыс/бұрыс екенін айтады)


































Оқушылар бір бірінің жауаптарын толықтырады









Ситуациялық сұраққа жауап береді


Презентация








Сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс, рөлдік ойын, ситуациялық тапсырма.





Көрнекіліктер (суреттер, бейнематериал)





















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2025
97
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі