400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өз ісінің шебері ғана жетістікке жете алады

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңашыл ұстаздарға арналған қысқаша баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді

Білім беру бағдарламасын жаңарту – оның құрылымын, мазмұнын, оқыту және тәрбиелеудегі әдістерді мен тәсілдерді де жаңарту,жаңа тұстарын табу,ұсыну,қолдану болып табылады. Ұрпақтың бойына ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіріп, кез келген жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру – жаңартылған білім мазмұнының негізгі мақсаты болып тұр. Қазіргі заман талаптарына сәйкес мектеп «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс. Бұл деген мектептегі білім берудегі жаңа моделінің құрылымы әдеттегі дәстүрлі «Мектепте нені оқу керек?» емес, «Мектепте не үшін оқу керек?» деген түсінікпен ұштасады.


Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты болып тұр. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай әрбір мұғалім үздіксіз ізденіспен өзінің шығармашылығын дамыта білуі керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді емес пе?

Білім берудегі жаңа бағдарламада - критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру болып табылады . Білім алушылардың күтілетін оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бір бөлігі. Жаңартылған орта білім беруде білім алушылардың оқу жетістігін бағалауда критериалды бағалау жүйесі қолданылып отыр. Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы дәстүрлі бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау білім алушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын жəне оқыту мақсаттарына қол жеткізгенін түсінуге мүмкіндік беретін сілтеме іспетті. Ал,жиынтық бағалау тоқсан соңында ортақ тақырыптың бөлімдерін аяқтағаннан кейін меңгерген білімі мен қалыптасқан дағдылары деңгейін айқындайтын бағалау. Критериалды бағалау мұғалімдер мен оқушылар және ата-аналарға да өте тиімді бағалау түрі болып тұр, өйткені мұғалім үшін — сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға, өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға, ал, оқушылар үшін — бағалау критерийлерін түсінуге, өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсіп, сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге , ал, ата-аналар үшін — баласының оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік.

Жаңа бағдарламаның жүзеге асырылу жолында жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі бұрынғыға қарағанда едәуір ерекшеленіп,сатылай көтеріліп келеді. Қазіргі білім беруде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі де артуда. Мұғалімнің қаншалықты шебер болғанмен, оқушысының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білімі күткен нәтижесін көрсетпейді. Сондықтан, оқушының тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету, мұғалімнің ізденімпаздық пен шығармашылық тұстан белсенділігін арттыруы арқылы жүзеге асады.

Оқушыны шығармашылық ойлауға,икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің

әр сабағында қалыптасып отыруы тиіс.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың: «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
714
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі