жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өз отбасымның шежіре ағашын жасаймын. Дауыссыз дыбыстардың түрлері
|
Пән: Күні: Сынып: Мұғалім: |
Қазақ тілі №3 .10.2018ж 2 «А » Абенова М |
|||||||||||||
|
Сабақтың такырыбы: |
Өз отбасымның шежіре ағашын жасаймын Дауыссыз дыбыстардың түрлері |
|||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
2.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру 2.2.5.1-дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу 2.3.5.1 - жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету, толықтыру 2.4.1.3* - дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату және емлесін сақтап жазу |
|||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлығы: тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді Көбі: дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату және емлесін сақтап жазады. Кейбірі: дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алады |
|||||||||||||
|
Тілдік құзіреттілік |
Ана тілі, қазақ тілі |
|||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді тауып, түзетіп жазады |
|||||||||||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу.түсіну,қолдану |
|||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
|||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым |
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарлаған кезеңдері |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
||||||||||||
|
Сабақтың басы. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5минут |
Топқа бөлу 2 минут
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші» Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау. Нұсқаулық: Көршіңді оң жақтан құшақта, Көршіңді сол жақтан құшақта. Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Сол жақтағы көршіңе бір жымиып, Бүгінгі тренинг барысы, Біз үлкен отбасы. |
Жіпте жайылған фотосреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді. (Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды) |
||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 27 минут |
Білу және түсіну 10 минут Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Дәптермен жұмыс.
Дескриптор Кестемен жұмыс жасайды. Қолдану 8 минут Постер жасату. Жалпыға арналған тапсырма: Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді? Үнді дауыссыздарды тата. Олардың айтылуын байқа. Ұяң дауыссыздарды ата. Олардың айтылуына назар аудар. Қатаң дауыссыздарды ата. Олардың айтылуына ұяң, және үнді дауыссыздармен салыстыр. Дескриптор Сұрақтарға жауап береді Топтық жұмыс. 2,-тапсырмалар. Өлеңнің тақырыбына қарап, оның не туралы екенін болжайды. |
«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.
Постер жасату. Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді. |
||||||||||||
|
Сергіту сәті 2 минут |
Сергіту сәті "Күміс құмған-ай"
|
Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
||||||||||||
|
Ортасы 10 минут
|
4.тапсырма Жаңылтпашты оқып,жатқа жаз . Дескриптор Жаңылтпашты оқып,жатқа жазады. |
|
||||||||||||
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Сөздік диктант Ататек, шежіре, отбасы, немере, шөбере. • Сөздерге дыбыстық талдау жасату. |
|
||||||||||||
|
Бағалау |
Смайликтер |
|
||||||||||||
|
Дифференциация-қолдау көрсету. Деңгейлік тапсырма беру |
Бағалау-қалыптастырушы бағалау. Иллюстрация бойынша болжау; Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау. Каллиграфиялық талаптарға сай жазу білігін бағалаймын |
Пәнаралық байланыс: дүниетану- жан-жануарлар туралы әңгімелейді
|
||||||||||||
|
Тапсырм Мәтінді мұқият оқы. Асты сызылған сөздердің қателерін тауып, түзет. Мәтінді көшіріп жаз. Сағызды осыдан жүз қырық жыл бұрұн ойлап тапқан сағыздың зияаны көп ол тістің қызыл иегін бүлдүреді жиһазға жабыстырып қойған сағызға микробтар көп жиыналады. |
|
|
||||||||||||
|
Рефлексия
|
||||||||||||||
Оқу ісінің орынбасары: Ж. Сатенбаева
|
Пән: Күні: Сынып: Мұғалім: |
Қазақ тілі №4 5.10.2018ж 2 «В » Асилова Н |
||||
|
Сабақтың такырыбы: |
Дауыссыз дыбыстардың түрлері (Әдепті қыз) |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу қ/б 2.2.3.1 - мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 2.3.4.1 – мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру 2.4.1.3* - дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату және емлесін сақтап жазу |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлығы: мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастырады. Көбі: дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату және емлесін сақтап жазады. Кейбірі: күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады. |
||||
|
Тілдік құзіреттілік |
Ана тілі, қазақ тілі |
||||
|
Бағалау критерийлері |
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және жауап береді |
||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу.түсіну,қолдану, талдау |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||
|
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым |
||||
|
|
|||||
|
Сабақтың жоспарлаған кезеңдері |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||
|
Сабақтың басы. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5минут |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Киімдер бейнеленген карточкалар ұсыну. Оқушылар таңдаған киімдерге сай топтарға бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Балалық шақтан қызықты оқиға» Мақсаты: эмпатияны дамыту. Нұсқаулық: «Сіздердің алдыызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруларыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді. Талдау: Өздеріңізді қалай сезінудесіз? |
1-топ: Жазушылар 2-топ: Зерттеушілер 3-топ: Суретшілер «Балалық шақтан қызықты оқиға» Тренинг. |
|||
|
Сабақтың ортасы 27 минут |
Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. 5. Мәтінді түсініп оқы. Әдепті қыз. «Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді. Маржан қандай қате жіберді? Оның қатесін қалай түзейсіңдер? Дескриптор Мәтінді түсініп оқиды. Сұрақтарға жауап береді. |
Оқулық, мәтіндер. |
|||
|
Сергіту сәті 2 минут |
Сергіту сәті "Күміс құмған-ай" |
|
|||
|
Ортасы 10 минут |
Қолдану Дәптермен жұмыс. 6,7-өзіндік жұмыс. Дескриптор Өлеңді көшіріп жазады. Аспанда күн ыстық деген сөйлемге талдау жасайды. Торкөздерден туыстық атауларды тауып жазады. Өзі қалаған бір сөзге дыбыстық талдау жасайды. 8. Жұмбақ өлеңді оқып, шешуін тап. Дескриптор Жұмбақтың шешуі табады. Қарт сөзіне мәндес сөзді табады. Талдау Дауыссыз дыбыстар. Кестені толықтырып жаз. Дескриптор Кестені толықтырып жазады. |
Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады. |
|||
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Өздік диктант Шежіре ағашы Қазақта әрбір адам өзінің жеті атасын білуі керек. Жеті атасын білмеу – өте ұят нәрсе. Жеті атаны үйретуге ата-ана көмекке келеді. Жеті атаға өзі, әкесі, атасы, бабасы және онан арғы ата-бабасы кіреді. |
|
|||
|
Бағалау |
Смайликтер |
|
|||
|
Дифференциация-қолдау көрсету. Деңгейлік тапсырма беру |
Бағалау-қалыптастырушы бағалау. Иллюстрация бойынша болжау; Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау. Каллиграфиялық талаптарға сай жазу білігін бағалаймын |
Пәнаралық байланыс: дүниетану- жан-жануарлар туралы әңгімелейді |
|||
|
Тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Футбол «Футбол» сөзі ағылшыннан аударғанда «табан доп» деген мағынада қолданылады. 1863 жылы қазан айында Лондонда алғаш реет футболшылардың одағы құрылды. Қазіргі футбол тарихы сол оқиғадан басталады. 1934жылдан соң Ресейде тұңғыш футбол командасы пайда болды. .Мәтіннің мазмұны бойынша жұпта бір-біріңе 2 сұрақтан қой. Мәтіннен сұрақтың жауабын тауып, астын сыз.апсырма |
|
|
|||
|
Рефлексия |
|||||
Оқу ісінің орынбасары: Ж. Сатенбаева
|
Пән: Күні: Сынып: Мұғалім: |
Қазақ тілі №2 .10.2018ж 2 «В » Абенова М |
||||
|
Сабақтың такырыбы: |
Нәтиже сабақ Мен не үйрендім |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
2.1.4.1 - тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрау 2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу 2.4.1.1 ю әрпінің емлесін сақтап жазу |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлығы: тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды. Көбі: бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазады. Кейбірі: тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды |
||||
|
Тілдік құзіреттілік |
Ана тілі, қазақ тілі |
||||
|
Бағалау критерийлері |
Суретке қарап диалог құрастырады. Қайсысы бірінші келеді? Тақыырыбына мәтін құрастырады. Сезім мүшелеріне сөйлем құрастырады. |
||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану, талдау |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||
|
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым |
||||
|
|
|||||
|
Сабақтың жоспарлаған кезеңдері |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||
|
Сабақтың басы. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5минут |
Бағалау парақшасымен таныстыру Топтарға бөлу.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Аялы алақан» Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту. Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды) |
Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлер алады. «Аялы алақан» Тренинг. |
|||
|
Сабақтың ортасы 27 минут |
Қолдану Дәптермен жұмыс. 4. Суреттерге қара. Қай суреттен диалог құруға болады? Неге? Парталасыңмен бірігіп , диалогті жалғастырып көр. Дескриптор Қай суреттен диалог құруға болатынын анықтайды. Диалогты жалғастырады. Талдау 5. Қайсысы артық? Тапқан сөзіңнің неліктен артық екенін айт. Әр қатардағы артық сөзбен төрт сөйлем құрап жаз. Дескриптор Артық сөзді табады. Әр қатардағы артық сөзбен төрт сөйлем құрап жазады. |
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер |
|||
|
Сергіту сәті 2 минут |
Сергіту сәті "Күміс құмған-ай"
|
Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
|||
|
Ортасы 10 минут |
6. Суретпен тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрастыру. Дескриптор Суретпен тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрастырады. 7. сезім мүшелерімен сәйкестендір Дескриптор Сөздерді тиісті сезім мүшелерімен сәйкестендіреді. |
|
|||
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Синтез "Таңда да таста" әдісі |
"Таңда да таста" әдісі |
|||
|
Бағалау |
Смайликтер |
|
|||
|
Дифференциация-қолдау көрсету. Деңгейлік тапсырма беру |
Бағалау-қалыптастырушы бағалау. Иллюстрация бойынша болжау; Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау. Каллиграфиялық талаптарға сай жазу білігін бағалаймын |
Пәнаралық байланыс: дүниетану- жан-жануарлар туралы әңгімелейді |
|||
|
Тапсырма Қоян, аю, тиін сөздеріне дыбыстық талдау жасату |
|
|
|||
|
Рефлексия |
|||||
Оқу ісінің орынбасары: Ж. Сатенбаева
|
Пән: Күні: Сынып: Мұғалім: |
Қазақ тілі №1 1.10.2018ж 2 «А» Абенова М |
||||
|
Сабақтың такырыбы: |
Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? БЖБ №1 |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
2.1.4.1 - тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрау 2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.4.1 – мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру 2.4.1.1 ю әрпінің емлесін сақтап жазу |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлығы: тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды. Көбі: мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды. Кейбірі: тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды |
||||
|
Тілдік құзіреттілік |
Ана тілі, қазақ тілі |
||||
|
Бағалау критерийлері |
Дыбыс саны мен әріп саны тең емес сөздерді ажыратады. Мәтінді түсініп оқиды. |
||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||
|
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым |
||||
|
|
|||||
|
Сабақтың жоспарлаған кезеңдері |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||
|
Сабақтың басы. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5минут |
сәлемдесу. Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады. Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау. Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! |
1-топ: «Бақыт» вагоны 2-топ: «Сүйіспеншілік» вагоны 3-топ: «Жарқын өмір» вагоны «Қызыл гүлім-ай» би билету. |
|||
|
Сабақтың ортасы 27 минут |
Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. «Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.) Мәтінді тыңда. Мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып жаз. Мерей теледидардан қандай хабар көрді? Ол сұрақтың жауабын қайдан тапты? Аю сөзінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Дескриптор Мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып жазады. |
Оқулық, мәтіндер. |
|||
|
Сергіту сәті 2 минут |
Сергіту сәті "Көңілді күн"
|
видеожазба |
|||
|
Ортасы 10 минут |
Қолдану Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау. 2. Төмендегі сөздерге сәйкес сөйлемдерді аяқтап жаз. Аян өзі туралы............................... Ол досының сөзін мұқият............................. Аян мәтінді түсініп................................... Ол сөздерді теріп.......................................... Дескриптор Төмендегі сөздерге сәйкес сөйлемдерді аяқтап жазады. 3. Ертегіні парталасыңмен рөлге бөліп оқы. Дескриптор Ертегіге ат қояды. Оқығанын диалог екенін дәлелдейді. Ертегіге қандай кейіпкер қатысқанын айтады. |
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер, |
|||
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
БЖБ . 1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында. Бүгін Аяулым өте қуанышты. Себебі, бүгін оның туған күні. Анасы Аяулымның туған күніне арнап, үлкен торт пісірді. Тортқа әдемілеп «7» деген жазу жазды. Әкесі оған сыйлыққа ертегілер кітабын тарту етті. Туған күнге Аяулымның дос қыздары келді. Олар дастарқан басында Аяулымға тілектерін айтып, әкелген сыйлықтарын тарту етті. Туған күн көңілді өтті. Әр сұрақтың жауабын тауып, сәйкестендір. 2. Сен туған күніңді қалай өткізесің? Сұрақтарға сүйене отырып, әңгімеле. • Сенің туған күнің қашан? • Сенің туған күніңе кімдер келді? • Сен туған күніңе қалай дайындалдың? • Туған күніңе қандай сыйлықтар алдың? • Туған күніңді қалай тойладың? Тірек сөздер: туған күн, дайындалу, шақыру, сыйлық, тілек, көңіл күй. |
Карточкадағы тапсырмаларды орындайды. |
|||
|
Бағалау |
«Кім жоғарыда» әдісі а |
|
|||
|
Дифференциация-қолдау көрсету. Деңгейлік тапсырма беру |
Бағалау-қалыптастырушы бағалау. Иллюстрация бойынша болжау; Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау. Каллиграфиялық талаптарға сай жазу білігін бағалаймын |
Пәнаралық байланыс: дүниетану- жан-жануарлар туралы әңгімелейді |
|||
|
Тапсырма Өздік диктант Тәтті балға тоюды Ойлап аю, Омартаны ториды |
|
|
|||
|
Рефлексия |
|||||
Оқу ісінің орынбасары: Ж. Сатенбаева
|
Пән: Күні: Сынып: Мұғалім: |
Әдебиеттік оқу №1 1.10.2018ж 2 « В» Асилова Н |
||||
|
Сабақтың такырыбы: |
Менің сүйікті ойыншықтарым. Ертай Ашықбаев Менің кемем. |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру 2.2.1.1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу 2.3.1.1 - мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру қ\б |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар:. мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқиды. Оқушылардың басым бөлігі: мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқиды Кейбір оқушылар: мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрады. |
||||
|
Бағалау критерийлері |
Мысалды түсініп оқиды Сызбаны пайдаланып, әңгімелейді. |
||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну,қолдану ,талдау |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||
|
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі,тарих. |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым |
||||
|
Алдынғы оқу |
Киімдері туралы біледі |
||||
|
Сабақтың жоспарлаған кезеңдері |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||
|
Сабақтың басы. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5минут |
Сәлемдесу. Топқа бөлемін : «Құттықтау хаттары арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды құттықтау хаттарын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отрады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би «Әнді жалғастыр!» Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу. Нұсқаулық: «Сіздерге бір өлеңнің 1 – жолын айтамын, ал сіздер келесі жолын айтасыз, ал келесі көрші топ 3-4 – жолын әнмен жалғастырады. Кейін жүргізуші басқа өлең бастағанда 3 – топ өлеңнің 2 – жолын айтады, ал 4 топ 3-4 жолын айтады. Ойын шеңбер бойынша жалғасады. Соңғы әннің соңы 2 жолын барлық топ орындайды». 1. «Әрқашан күн сөнбесін» (4 жол) 2. «Анашым» (4 жол) 3. «День рождения» (4 жол) 4. «Школный вальс» (4 жол) 5. «Жан досым» (4 жол) |
Құттықтау хаттары арқылы топтарға бөлу. «Әнді жалғастыр!» Тренинг. |
|||
|
Сабақтың ортасы 27 минут |
Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. «Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
|
Оқулық, мәтіндер. |
|||
|
Сергіту сәті 2 минут |
Сергіту сәті "Көңілді күн"
|
видеожазба |
|||
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Қолдану Ертай Ашықбаев- 1956 жылы 24 сәуірде Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай ауылында дүниеге келген. 1972—1974 жылдары Темір аудандық «Жұмысшы» — «Рабочее знамя», Торғай облыстық «Торғай таңы» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Осы жылдан бері Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» газетінде қызмет істеп келеді. Топтама өлеңдері «Темір қанат» («Жалын», 1981), «Ақ сәуле» (1984), «Бастау» (1990) үжым-дық жинақтарына енді. Жеке жинақтары: «Қос мең» (1988), «Жақсы баға» (1991), «Ұя» (2003), «Ашық сабақ» (2003), «Ғашықтар мектебі» (2004), «Қаңтардағы құс» (2007), «Қобыландының қонысы» (2008). «Қос мең» жыр жинағы үшін 1989 жылы Қазақстан жазушылар одағының Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы сыйлығының лауреаты болды. «Жалын» баспасы ұйымдастырған балалар мен жасөспірімдердің үздік шығармаларына арналған республикалық жабық бәйгеде төрт рет (1982, 1986, 1991, 1994) жүлдегер атанды. Қазақстан Журналистер одағының Төлеубай Ыдырысов атындағы сыйлығының лауреаты (1996), Ақтөбе облысы әкімі сыйлығының лауреаты (2004). Республикалық мүшәйралардың бірнеше дүркін жүлдегер!. «Қазақстан Конституциясына — 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. |
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер |
|||
|
Сабақтың соңы 2минут |
5. «Кім боламын?» ойыны Өскенде кім болатыны жайлы қимылмен көрсетуге тырыс. Дескриптор Өскенде кім болатыны жайлы қимылмен көрсетуге тырысады. |
|
|||
|
Бағалау |
«Кім жоғары» әдісі арқылы |
|
|||
|
Дифференциация-қолдау көрсету. Деңгейлік тапсырма беру Тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Адал дос Екі дос көше бойымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Абылан, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар. Көп жүгіре алмайды. Бір үйдің жанынан өте бергенде олардың алдарынан дәу қара төбет шыға келді. – Абылан, қаш, ит келіп қалды! - деп айғайлап жіберді Абыз. Абылан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит оның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап үлгерді. Үлкендер келіп, Абыланды құтқарып алды. Абыз Абыланның қасына келіп: – Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашып кеткенімізде бұлай болмас еді,- деді. – Мен қашсам, сен ұсталатын едің. Сені иттен қорғайын деп әдейі қалып қойдым,- деді Абылан. – Достар деген осылай болар,- деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп. • Берілген сұрақтарға сүйене отырып, мәтінге жоспар құр. |
Бағалау-қалыптастырушы бағалау. Иллюстрация бойынша болжау; Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау. Каллиграфиялық талаптарға сай жазу білігін бағалаймын |
|
|||
|
Рефлексия |
|||||
Оқу ісінің орынбасары: Ж. Сатенбаева
шағым қалдыра аласыз









Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген