жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өз-өзіңе сенімділігігді арттыр!
« № 22 жалпы орта білім беретін мектеп - лицей» КММ

Тақырыбы: «Өз – өзіңе сенімділігіңді арттыр»
Дайындаған : Амангелдіқызы А
Семей қаласы
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Өз –өзіңе сенімділігіңді арттыр»
мақсаты: : Мектеп түлектерінің Мемлекеттік қорытынды аттестацияның жаңа форматқа дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға, өзін-өзі реттеуін, өзі-өзі бақылауға дағдыландыруын және сенімділгін арттыруын жүзеге асыру.
Міндеттер:
-
Стреске қарсы тұруын арттыру;
-
Сенімді мінез-құлық дағдысын арттыру;
-
Эмоциялық сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға сенім білдіру;
Жүргізу шарты: сынып немесе кез-келген басқа кең жарық
Әдістер: топтық пікірталас, ойын әдістері , медитациялық техникалар
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,карточкалар,түрлі-түсті бояулар, 4 ватман қағаз, фломастерлер.
Тренингтің ережесі:
1. Бір-бірімізді тыңдаймыз;
2. Достарыммен жақсы қарым –қатынаста болу;
3. Уақытты үнемдейміз;
4. Белсенділік көрсетеміз;
5. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;
6. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену.
Тренингтің кезеңдері
Сәлемдесу Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.) Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.) Күлімдеп күн бүгін, (қасындагы балаға қарайды) Қарады саған да Шуақпен төгіп нұр. Мейірлене қарайды. (бір-біріне қарап күлімдейді)
2.Топқа бөлу:
Нұсқау: Біздің пікір –алмасу тақырыбына келуіңізбен! Жұмыс істеу үшін 5 кіші топқа бөлінулеріңізді ұсынамын. Топта құру кезенде келесі бөлу техникасын қолданамыз: БАҚЫТ. МАҚСАТ. ӨМІР. ҚУАНЫШ, АРМАН.
«Шағын топтармен жұмыс»/ барлық қатысушыларға қорапқа салынған құпия сөздерді алады. Кімге қандай сөз шықты сол өзінің тандаған орына отырады .
Сараптаушы топпен таныстыру.
Ой қозғау:
«Мемлекеттік қорытынды аттестацияның жаңа форматы менің ұғымымда»
Шарты: Топтарға тақырып беріліп, ойлануға 3 минут уақыт беріледі. Әрбір топтан бір оқушы шығып, ойларын айтып, топтарын қорғайды.
Топтық жұмыс:
І топқа -БАҚЫТ.-«Мектеп директорының мемлекеттік аттестацияға дайындық барысындағы рөлі»
ІІ топқа- МАҚСАТ «Мектеп директоры орынбасарының мемлекеттік аттестацияға дайындық барысындағы қызметі»
ІІІ топқа- ӨМІР «Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің емтиханға менің дайындығымдағы маңыздылығы»
ІV топқа- ҚУАНЫШ «Мемлекеттік емтиханға дайындық барысында ата-анамның қолдауы мен үшін маңызды ма?»
V топқа- АРМАН «Мемлекеттік аттестацияға жақсы дайындалу үшін мен істеуім керек?»
-Ал енді сарапшы топ , сіздер 5 топтында ойын естідіңіздер. Енді өздеріңіз талқылай беріңіздер.
Сараптаушы топтың талқылауы кезінде
-Сараптаушы топтың өз жұмыстарын талдап болғанша, біз оқушылармен «Қамқорлық» тренингін өткіземіз.
Мақсаты: Оқушының өзіне деген жағымды сенімділігін арттыру.
Шарты: Оқушыларға кәмпиттер салынға қобдишаны беріп, ұнаған кәмпитті таңдап алады, оның ішінде жасырылған тілектерін әрбір бала оқиды. Соның ішінде екі «тосын сый» жасалады. Жәшіктен «тосын сый» шығады.
Сараптаушы топ мүшелеріне сөз беріледі...
Кері байланыс: «Оқушы үні»
І топ- БАҚЫТ «Мектеп директоры тарапынан қандай көмек қажет?»
ІІ топ- МАҚСАТ «Қорытынды аттестациямен айналысатын орынбасар тарапынан не көмек керек?»
ІІІ топ- ӨМІР «Пән мұғалімдері, сынып жетекшілері тарапынан жетістікке жетуде қандай көмек тосамын?»
ІV топ- ҚУАНЫШ «Ата-анамның қолдауы қандай түрде болуы керек?»
V топ- АРМАН «Мектеп психологынан қандай көмек күтесіз?»
Рефлексия.
-
«Осы ұйымдастырылған іс –шара мен үшін өте маңызды» болды дегендерің қолдарын 3 рет шапалақтау.
-
«Менің уақытым бос өтті, маған тиімсіз болды» дегендер аяқтарымен жерді үш рет соқсын.
-
«Мен еш нәрсе ұқпадым» дегендер екі қолын самайына қойып, бастарын шайқасын.
Қорытынды.
Осымен сабағымыз аяқталды . Рахмет. Баршаңызға сәттілік тілеймін.
«Шынымды айтсам» жаттығуы
Мақсаты: айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қысымынан, қорқынышынан арылту, ашық болуға бағыттау.
Материал: аяқталмаған сөйлемдер топтамасы.
Нұсқау: Алдарыңызда топтамалар жиындығы жатыр.Қазір әрқайсысыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-біреулеп аласыз. Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау қажет. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыздар. Егер топ мүшелеріне жауабыңыз шынайы болып көрінбесе, онда сізге басқа топтаманы алуға тура келеді.
Топтама үлгілері:
1. Шынын айтсам,алдыңғы емтихандар туралы ойлағанда...;
2. Шынын айтсам,емтихандарға дайындалған кезде ...;
3. Шынын айтсам,келе жатқан емтихандық стресс туралы ұмытқан кезде;
4. Шынын айтсам,алдыңғы емтихандар туралы менің ата-анам уайымдап жүргені туралы ойлағанда мен ...;
5. Шынын айтсам,емтиханға дайындық үстінде ойларымды жинақтай алмаған кезде…;
6. Шынын айтсам,бұл емтихандар туралы естіген кезде ....;
7. Шынын айтсам,консультацияға келген кезде ...;
8. Шынын айтсам,мен үйге келгенде ...;
9. Шынын айтсам,мен уайымдаған кезде ...;
10. Шынын айтсам,осы тренингке қатысқан кезде ...;
Талдау:
Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?
Топ қатысушылары туралы жаңа бір нәрсе білдіңіздер ме?
Сіздің қазіргі сәттегі өмірлік маңызды мақсаттарыңыз қандай?
Ой қозғау:
Мақсаты: Емтиханға дайындық бойынша дәріс материалын бекіту.
Материал: 4 ватман қағаз, фломастерлер.
Нұсқау: Біздің пікір –сайыс клубына келуіңізбен! Жұмыс істеу үшін 4 кіші топқа бөлінулеріңізді ұсынамын. Топта құру кезенде келесі бөлу техникасын қолданамыз: БАҚЫТ. МАҚСАТ. ӨМІР. ҚУАНЫШ.
«Шағын топтармен жұмыс»/тренингке қатысушыларға түрлі фигуралар ұсыну арқылы 4 шағын топқа бөлеміз/
Талқылауға арналған тапсырма ұсынамын.
1-топқа тапсырма: емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады?
2- топқа тапсырма: ҰБТ-ге дайындалу үшін жұмыс орнын қалай ұйымдастыруға болады?
3- топқа тапсырма: Емтихан алдындағы күнді қалай ұйымдастыру керек?
4-топқа тапсырма: Емтиханды жақсы тапсыру үшін не істеу керек ?
Талқылауға 2 минут беріледі. Талқыланған сұрақтар бойынша өңделген топтық идеяларды айтуын сұранамыз.
«Өз жұлдызыңды тап» /арттерапиялық жаттығу/
Нұсқау: Шеңбер бойында отырып көзіңізді жұмыңыз.Үш рет демалып,үш рет дем шығарыңыз...(баяу музыка ойнап тұрады)
– Ал енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестетіңіз.Жұлдыздар үлкен және кішкентай,жарық және сығырайған.Біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар,ал басқаларға-сан жетпейтін біресе жақындап,біресе алыстайтын жарық нүктелер.
– Сол жұлдыздарға қарап ең кріктісін таңдап ал.Мүмкін ол сіздің арманыңызға ұқсайды,әлде бақытты,қуанышты,шабытты балалық шағыңызды есіңізге түсіреді ме?Тағыда жұлдыңызға қарап оны ұстап көруге тырысыңыз.Бар күшіңізді салыңыз!Сіз міндетті түрде оны аласыз.Жұлдызыңызды ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз,жақсылап қарап,оның қандай екенін және жарықтығын есіңізге сақтап қалыңыз.
Ал енді алақандарыңызбен тізелеріңізді ұстап,төмен қарай аяқтарыңызды сипап,керіліп көздеріңізді ашуға болады.Қолыңызға түрлі-түсті қарындаштарды,қағазды алып,жұлдызыңыздың суретін салыңыз.Салған жұлдыздарымыз осы тренинг бойына өзінің шуағын шашып,достығымызды нығайтып отырады. Тренингтен оны өздеріңмен бірге алып кетесіңдер.Олар сендерге білім жолында,барлық емтихандарда және өмір бойы көмектеседі. Жұлдыздарға мұқият қараңыздар,олардың барлығы әр түрлі сіздер мен біздер сияқты бір-біріне ұқсамайды.Осы жұлдыздардың бес тармағы секілді,ҰБТ-ның бес пәнінен де 5 деген баға алып шығуларыңызға тілектеспін!
Рефлексия.
Жаттығу : «Майшам» (Шырақ)
Жайланып отырыңыз. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырмыз.
Майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдеремін.
Соңынан тренинке қатысушыларға алғыс айтылып, тренингтен естеліктер ұсынылады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген