Материалдар / "Өз-өзіңе сенімділігіңді арттыр" психологиялық тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өз-өзіңе сенімділігіңді арттыр" психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өз-өзіңе сенімділігіңді арттыр» психологиялық тренинг Мақсаты: ҰБТ - ге дайындалу кезінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылауын, стресске қарсы тұру қабілетін дамыту, көңіл күйін көтеру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2021
1532
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ақтөбе қаласы, Елек орта мектебі

Педагог-психолог: Ғазиз Адинай Ғабитқызы


Тақырыбы: «Өз-өзіңе сенімділігіңді арттыр» психологиялық тренинг

Мақсаты: ҰБТ - ге дайындалу кезінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылауын, стресске қарсы тұру қабілетін дамыту, көңіл күйін көтеру.

Қатысқандар: 11 «А» класс оқушылары

Көрнекіліктер: Слайд, ағаш бұтағы, жадынамалар.


Жұмыс жоспары:


  1. Сәлемдесу жаттығуы

  2. Ой қозғау. Мен 5 жылдан кейін, мен 10 жылдан кейін

  3. Менің жарқын үміттерім, менің қауіп-қатерлерім

  4. Достық торы жаттығуы

  5. Армандар ағашы

  6. ҰБТ-да жетістікке жетейік әні

  7. ҰБТ-ға дайындалуға психологиялық көмек, жадынаманы тарату талқылау

  8. Арттерапиялық жаттығу, сергіту сәті.

  9. Қорытынды



Кіріспе


Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесі оқыту мен тәрбиелеудің құрылымы, мақсаты мен мазмұны, технологияның түбегейлі өзгерістерімен ерекшеленеді. Мұндағы мақсат жеке тұлғаның білім, білік дағдысын механикалық түрде дамыту емес, танымдық қабілеті дамыған және өзін-өзі көрсете алатын жеке тұлғаның ақыл-ойын, тұлғалық психикалық қасиеттерін дамыту.

ҰБТ-ны тапсыру кезінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларының қалыптаспауы, өзін-өзі бақылаудың, стресске қарс тұру қабілетінің төмендігі және емтиханды қабылдау ерекшеліктеріне байланысты қиындықтар кездеседі. Осы қиындықтарды жеңу үшін талапкерлердің бойындағы уайымды, жан күйзелісін, қорқыныш пен үрейді төмендету үшін бүгінгі тренингті ұйымдастырғалы отырмын.


«Сәлемдесу» жаттығуы

Мақсаты: мейірімді қарым-қатынас қалыптастыру

Нұсқау: Оқушылар бір-бірімен түрлі тәсілмен сәлемдеседі. Оң жақтағы көршімен иықпен және сол жақтағы көршімен аяқпен амандасып, хал -жағдайларын сұрайды.


Ой қозғау, «Мен 5 жылдан кейін, мен 10 жылдан кейін»

Мақсаты: оқушының мақсатқа жету жолындағы нақтылығын анықтау

Нұсқау: Оқушылар өздерінің 5 және 10 жылдан кейін кім болатындарын айтады.



«Менің жарқын үміттерім, менің қауіп-қатерлерім»

Мақсаты: оқушылардың жағымды, жағымсыз қасиеттірін, қорқыныштарын анықтап, талқылау

Нұсқау: Оқушылар параққа өздерінің жағымды және жағымсыз қасиеттерін жазып талқылайды.

«Достық торы» жаттығуы

Мақсаты: Оқушылардың ауызбіршілігін, бір-бірін қаншалықты танитынын анықтау, тығырықтан шыға білуге үйрету

Нұсқау: Оқушылар шеңбер болып қол ұстасып тұрады, қолдарын қалай ұстап тұрғанына мұқият назар аудару қажет, енді қолды жіберіп, араласып жүред, психолог тоқта дегенде тоқтап қалып, жаңағы қол ұстасқан адамын тауып қолдарын ұстау қажет және шырмалған тордан шығып орындарына келу қажет.


«Армандар ағашы»

Мақсаты: оқушылардың болашаққа жоспарларын нақтылау.

Нұсқау: арнайы отырғызылған ағаш бұтағына армандары жазылған жапырақтарды іледі, осылайша қураған ағашты, әдемі армандар ағашына айналдырады.


ҰБТ-да жетістікке жетейік әні

(Бір дәуірдің түлегіміз әнінің әуенімен)


Арман мақсат бір болған соң тілегііз,

Ұбт деп бірге соққан жүрегіміз

білім болған бастау алар тірегіміз,

Әннен шашу шашайық


Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәрімізде дайым,

Көрмей уайым-қайғы,

Ұбт-дан жетістікке жетейік!


Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашанда берік болсын.

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

Асулардан асайық


Қайырмасы




ҰБТ-ға дайындалуға психологиялық көмек, жадынаманы тарату талқылау


Арттерапиялық жаттығу, сергіту сәті.

Мақсаты: Оқушыларды сергіту, музыкамен денені демалту, тыныс алуды жақсарту.

Нұсқау: баяу музыка қосылып тұрады, психолог арнайы мәтін оқиды, оқушылар көздерін жұмып емін-еркін отырады, мәтін соңында мотивациялар оқылады.


Қорытынды.


Тренинг соңында оқушылардың өз ойларын, тренингтен алған әсерлерін айтады.


Күн сайын биіктеген әр сатымыз,

Біщдің бір тілегіміз, мақсатымыз.

Әрдайым ашық болсын аспанымыз

Сеніммен шыға берсін жақсы атымыз.- дегендей қаламгеріміздің өлең жолдарына назар аударайықшы балалар. Егер өмірде өзіңе өзің сенімді болғың келсе, өмірмен бетпе-бет кездесуден қрықпа, үнемі өмір сынағының әр түрінен қашқақтап, жеңілдікпен өтірік көңіл көтеруді пайдалансаң, кезең-кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен өзің әлектене бересің. Сондықтан өмірдің қиындығын қасқайып қарап қабылда. Жеңіл жол іздеме, Қиындықпен күрес. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік әкеледі. Бүгінгі тренинг сабаққа қатысқандарыңа рахмет, сау болыңдар!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!