400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өз қорқынышыңды жеңе біл тренинг жаттығу

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға түрлі жаттығулар арқылы бойындағы қорқыныш сезімдерін жою; өзара қарым-қатынастарын нығайту,өзіне деген сенімін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебі























«Өз қорқынышыңды жеңе біл»

(тренинг жаттығу)













Педагог – психолог: Айкенова Т.К.





















2022-2023 ж





«Өзіңнің қорқынышыңды жеңе біл» тренингі

Тренинг мақсаты:  оқушыларға түрлі жаттығулар арқылы бойындағы қорқыныш сезімдерін жою; өзара қарым-қатынастарын нығайту,өзіне деген сенімін арттыру.

Сабақтың түрі : Тренинг-сабақ

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, маркерлер,  А4 қағаз,екі жақты скотч т.б.

Сабақтың жоспары: 1. «Танысу» жаттығуы

2. «Қорқынышыңды суретте» жаттығуы

3. «Мен басқаның көзімен» жаттығуы

4. «Афирмациялар» жаттығуы

5. «Сенімділік бейнесі» жаттығуы

6. Рефлекция.

Қош келдіңіздер оқушылар! Бүгін сіздерді көріп отырғаныма қуаныштымын, бәріңізді менің бүгін өтетін «Өзіңнің қорқынышыңды жеңе біл» атты тренинг сабағыма белсене қатысуға шақырамын. Бүгінгі сабақта сіздермен түрлі жаттығулар жүргіземін. Өз бойыңыздағы қорқыныштан арылып, өзіңізге деген сенімділікті арттыруға арналған.

1. «Танысу» жаттығуы. Мақсаты: Сәлемдесу, танысу, зейін мен есте сақтауды жаттықтыру. Барысы: жаттығу шеңбер бойында орындалады. Жаттығуды бастаған бірінші қатысушы есімін айтады және оған анықтама қосып айтады. Ол анықтама сөйлеушінің есімі қай әріптен басталса, сол әріптен басталуы қажет және сол адамға лайық болу керек (ойдан шығармау керек). Сөйлем былай болуы мүмкін, мысалы: «Мен – мейірімді Меруертпін». Келесі ойыншы алдыңғы қатысушыларды таныстыруларын қоса айтады және өзінің есімін айтады. Талдау: Есімге лайық анықтама айту қиындық келтірді ме? Қай оыйншының өзін таныстыруы ерекге болды?

2.«Қорқынышыңды суретте» жаттығуы. Барысы: қорқынышқа қарсы жүр, өзің қорқатын нәрсені істе, бірнеше рет істе. Оқушыларға ақ парақ таратылады. Өзіңнің қорқынышыңның картасын суретте. Өзіңнің қорқынышыңның суретін сал. Талдау: Қайсысы ең алғаш байқалады? Қайсысы кейін көрінеді? Жалпы суретте қорқынышыңның орнын тап.

3. «Мен басқаның көзімен» жаттығуы.

Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып ,қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады . Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды .

4. «Афирмациялар» жаттығуы.

« Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді » ,« Мен жетістіктің адамымын » , « Менің жағдайым күннен –күнге жақсаруда »

5. «Сенімділік бейнесі» жаттығуы. 

Осы сенімділіктеріңізді жоғалтып алмас үшін қазір әрбір қатысушы өз сенімділігің символын салады.

Мақсаты: Өзіне деген сенімін арттыру.

Нұсқау: «Көздеріңді жұмып, сіз үшін сенімділіктің символы қандай екенін ойлаңыз. Енді соны суретке салып беріңіз». Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар өз суреттерін көрсетіп, қысқаша түсіндіреді және  қалаған қатысушыға сыйға береді. Оқушылар айта алмаса, осы символды қиын жағдайда еске түсіріп, өзіңе деген сенімділігіңді арттыруға болатынына ойларын жеткізу керек.

6. Рефлекция.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
23.02.2023
879
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі