Материалдар / Өз құқығыңды білесің бе?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өз құқығыңды білесің бе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жинақтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2018
650
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өз құқығыңды білесің бе?

Сабақтың мақсаты:

1.Конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттілерін іріктеп ала білуге үйрету.

2. Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.

3. Заң сыйлағыш тұлғаны қалыптастыру.


Сабақтың түрі: Тренинг-сабағы.



Сабақтың әдісі: Ойын: «Сиқырлы жіп»

Глоссари

Блиц-сұраныс

Талқылау



Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конститутциясы. Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- Адам үшін ең қымбат не?

- Ойын «Сиқырлы жіп»

Мұғалім колынан бірінші оқушы қолына кішкене жіпше лақтырылады. «Бұл- сиқырлы жіпше»,- дейді мұғалім,-«Ол шұбатылып, бізді байланыстырады. Осы жіп- өмір». Жіп

Қолыңызға түскен кезде, Сіз өмірді қандай болып көрсететіңізді

бір –екі сөзбен айту керексіз. Бүкіл сыныптың қолдарынан өтіп,

мұғалімнің қолына оралады. Балалар өмір жібі үзілмеу керек екеніне көңіл аударыңдар! Жіп оралып қалмау керек. Өмірді қайта сүре алмаймыз!




1 Глоссарий

«Тәртіп орнат»


1.Құқық А- Еліміздің негізгі заңы.

2.Конститутция Б – Мемлекет басшысы.

3.Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.

4.Азамат Г – Тәуелсіздік.

5.Құқық бұзушылық Д – Заңдар жүйесі.

6.Президент Е- Заң шығарушы орган.

7.Парламент Ж –Заң жүйесін бұзу.

8.Егемендік З –Құқығы бар ел тұрғыны.










2 Байқау

«Құқық» дегеніміз не?

Оқушылар спикермен бірге 2 топқа бөлінеді. Топтың әр жауабынан кейін мұғалім өзінің толық жауабын оқу керек.


Сұрақ


Жауаптар

1.Жеке адамның құқығы

дегеніміз не?


-Адам мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара.

2.Құқықтың қандай түрлері бар?

-Жеке (азаматтық)

-Саяси

-Экономикалық

-Әлеуметтік

-Мәдени т.б

3.Адам құқығы қай уақытта пайда болды?

-Туғанынан беріледі

4.Оларды орындау үшін не қажет?

-Міндеттерін орындау

5.Адамның негізгі құқығы?

-Өз құқықтарын пайдалану құқығы

6.Құқық қашан және қайда пайда болды?

-Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады

7.Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық –деген не?

-Бостандық-бұл таңдау мүмкіндігі










3. Қазақстан Республикасының азаматтарының міңдеттерін

анықтаңыз.

Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтарымен пайдаланып ғана қоймай, өз міндеттерін орындау керек.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерінің мысалдарын келтіріңіз.



Байқау ережелері: Тақтаға әр командадан бір-бір оқушыдан шақырылады. Оқушылар алма –кезек бір міндеттен тақтаға жазады. Бүкіл міндеттерін дұрыс орындап, жазған топ жеңеді.


Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері

1.Заңдарға бағыну.

2.Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.

3.Мемлекет рәміздерін құрметтеу.

4.Қаржы, салықтарды төлеу.

5.Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау.

6.Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау.

7.Ата-аналардың балаларына қамқорлық етуі, балалардың ата-ана алдындағы міндеттерін орындау.

8.Орта мектептен білім алу.

9.Қазақстан Республикасын қорғау.



4. Талқылау

«Жаза мен қылмыс»

1.Жол ережесін бұзу адам үшін қылмыс па? Неге?

2.Адамды қылмыс жасаудан не сақтайды? Құқық туралы білімі не өз санасы

3.Қылмыс жасағандарға қоғам кінәлі ме?

4.Қылмыскерге рақымшылық беруге сіздің көзқарасыңыз қандай?

5.Адамға заңға немқұрайлы қарауы неден басталады деп ойлайсыз?

6.Жайбырақат қараушылық қылмысқа жата ма?



5. Конституциянды білесің бе?

1.Мемлекет билігінің қайнар көзі?

Халық (3бап)

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

1992 жылы

3.Қазақстан Республикасының азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма?

Жоқ. (10бап)

4.Өз дінім мен ұлтымды айтпауға құқығым бар ма?

Иә. (19бап)

5.Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығымыз бар ма?

Иә.(23бап)

6.Қазақстан Республикасының Президентін сайлау рәсімі қашан өтеді?

Желтоқсанның бірінші жексенбісінде. (44бап)

7.Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса ала ма?

Жоқ. (43бап)

8.Қазақстан Республикасының жоғарғы өкілетті органы?

Парламент.(49бап)

9.Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім?

Премьер-Министр.(67бап)

10.Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырушы?

Үкімет. (64бап)

11.Премьер-Министрдің орнынан түсуінен кейін... өкілеттілігі тоқтатылғанын білдіреді

Үкіметтің.(70бап)

12.Қазақстан Республикасыпың Парламенті ... жұмыс істейді.

Сенат-6жыл

Мәжіліс-5жыл (50бап)

13.Парламент Депутаты болып ... ғана толған азамат бола алады.

30жыл- Сенат

25жыл-Мәжіліс.(51бап)

14.Қазақстан Республикасында нешінші Конститутция пайдаланылады?

Екінші

15.Қазақстан Республикасының азаматы қашан болуға құқылысыз?

Дүниеге келген кезде.(12бап)

16.Заң құдайы.

Фемида.

17.Африкада дүниеге келген адам Қазақстан Республикасының Президенті бола ала ма?

Иә, егер де ол Қазақстан Республикасында 15 жыл өмір сүрген болса.

18.Президент ауырған не қайтыс болған кезде, оның орнына кім келеді?

Сенат басшысы.

19.Мәжілісті қанша депутат құрайды?

77(50бап)

20.Қазақстан Республикасының мейрамдарын атаңыз.

-Конституция күні.

-Республика күні.

-Тәуелсіздік күні.









6.Қортыңды: Проект қорғау»

Бақытты өмір»- дегенді қалай түсінесіз?

-Бақытты өмір сүру үшін не істеу керек?



Бақытты өмір сүру үшін бүкіл балалар құқығы орындалу керек.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!