400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өз құқығыңды білесің бе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға құқық туралы мәлімет беру
Материалдың қысқаша нұсқасы















Shape1















"Өз құқығынды білесің бе"

Мақсаты:

1.Білімділік-оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуіне дайын болуы, айналасындағылар іс-әркетінің заңға сәйкестілігін қадағалау қабілетін қалыптастыру.

2.Дамытушылық – жеке тұлғаны  дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік-азаматтық, елжандылық, Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Балалар құқығы Конвенциясы, Конституция баптарынан үзінді, нақыл сөздер.



Барысы-

1 жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар! «Сенің құқығың-менің құқығым» атты сұрақ-жауап кешін ашық  деп жариялаймыз.

2 жүргізуші: Сұрақ-жауап кешінің  негізгі мақсаты оқушыларды нағыз өз елінің азаматы болып өсуге, үлкен жауапкершілік иесі, ынталы, жігерлі, басқалардың құқығын құрметтейтін азаматтар болуға тәрбиелеу.

 

1 жүргізуші: Бүгін біздің еліміз-бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасында құқықтық жалпы білім беруді  ұйымдастырудың шаралары туралы

(21 маусым, 1995 жылы № 2347) қаулысын жариялады. Елбасы «Заңды білу-заман талабы» екенін көрсетті.



2 жүргізуші: Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ  құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармауымыз керек.

1 жүргізуші: Ондай болса біз қазір қандай құқықтарымыз бар екенін қарастырайық.

1 оқушы:10 бап

Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір – қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы.

1.Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.

2.Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оның тәнін және жанын жәбірлеуден, адамдық қадір-қасиетін қатыгездікпен, дөрекілікпен қорлаудан, кемсітуден баланы қылмыстық әрекеттерге және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, оның құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.

2 оқушы: 9 бап

Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы бар.

Әрбір бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты және азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ң заң актілерінде көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқылы. Тегіне, нәсіліне, қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына, тұрғылықты  жеріне, денсаулығына, ата-анасына қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан барлық бала тең құқыққа ие.

3 оқушы: 11 бап

Әрбір бала сөз бостандығына  және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, өзінің қоғамдық белсенділігін дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

Балалар 14 жастан бастап ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезінде  денсаулығына, дене рұқсатымен оқудан  бос кезінде денсаулығына, дене бітіміне, өсіп-жетілуіне, психикалық  жай-күйіне зиян келтірмейтін қоғамдық еңбекке қатысуға, мамандық алуға құқығы бар.

Баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды немесе еңбек жағдайы қауіпті жұмыстарға қабылдауға тыйм салынады.

Жұмыс істеу оқу үдерісін бұзбауға тиіс.

Өзін өркениетті қоғам деп санайтын кез-келген мемлекет адам мен азамат құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге басты назар аударады. Осының ішіне баланың негізгі құқықтары кіреді.



4 оқушы-52 бап

1.Он сегіз толмаған адам бала деп танылады.

2.Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.

Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.




5 оқушы: 53 бап

Баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға-інілерімен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпейді.

Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың  олардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әр мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.


6 оқушы: 54 бап

Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез-келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс-қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келметін болса ескерілуге міндетті.

 

2 жүргізуші: Осы айтылған баптарға сүйене отырып, келесі жағдайларды талқылайық.



Бірінші жағдай: 8 сынып оқушысы Әйгерімге үнемі өзінен екі жас үлкен Қайрат телефон соғып тұрады. Бір күні Әйгерім келесі бір телефон диалогында  әпкесінің басқа бөлмеде екінші телефон тұтқасынан оның әңгімесін естіп тұрғанын біліп қояды. Әпкесіне  ренжіп еді, ол «Сенің құпиянды әкем мен шешеме айтып қоямын» деп қорқытты.

Әйгерім үшін оның құпия болғаны керек еді. Бірінші жағдайдағы Әйгерімнің әпкесінің іс-әрекеті дұрыс па?


1 жүргізуші:

Екінші жағдай:  Әкесіз өскен Алма кішкене кезігнен күнделік жазып жүретін. Ол күнделігіне өзі ұнататын баламен сүйіскені туралы жазған еді. Кезекті қыдырудан келген Алма дәлізде қолында бұның  қолында бұның күнделігі бар ашулы анасының күтіп тұрғанын көрді. Анасынан ол қатты қорқатын.

Алманың анасының іс-әрекетіне көзқарастың қандай? Осы екі жағдайды кім қорытындылайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі