жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өзара кері амалдар
Панфилов ауданы
Жаркент қаласы
«Еңбекші орта мекебі мектепке
дейінгі шағын орталығымен» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Есенова Анархан Аугажиевна
|
Математика |
Мектеп: |
|||||
|
Күні: |
Оқытушының аты-жөні: |
|||||
|
Сынып: 1 сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||
|
Бөлім: |
|
|||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Өзара кері амалдар |
|||||
|
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары |
1.1.1.2** бір таңбалы сандарды/ 11-ден 20-ға дейінгі сандарды салыстыру |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Қосу мен азайту амалдарының белгісіз компоненттерін таба алады. |
|||||
|
Сабақтың барысы |
||||||
|
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушылардың әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Басталуы 5-7 минут |
Ерте тұрып, күнде мен Тереземді ашамын. «Сәлем!» деймін күнге мен, Шаттық әнге басамын. Айналама қарасам, Ғажаптар қаншама, Сан жетпейді санасам, «Сәлем!» деймін күнге мен. -Қосудың компоненттері қалай аталады? - Азайтудың компоненттері қалай аталады? - Қосуда санды өрнектің мәнін табу деген не? - Қосуға арналған мысалдың дұрыс орындалғанын қандай амалмен тексереді? - Азайтуға арналған мысалдың дұрыс орындалғанын қандай амалмен тексереді? |
Өлең шумақтарын қайталайды. Сұрақтарға жауап береді |
Өзін-өзі бағалау |
|
||
|
Ортасы 20-23минут |
Ширату. Оқушылармен суреттер бойынша жұмыс жүргізе отырып, қосу амалына өрнектер құрастырумен бастаймын. -Қандай қысқы спорт түрлерін білесіңдер? - Қысқы спорт түрлеріне қатысатындарың бар ма?
Суреттен не көріп тұрсыңдар? -Спорт жарысына неше ұл қатысады? - 1 ұл бала қатысады. - Неше қыз бала қатысады? - 4 қыз бала қатысады. - Спорт жарысына барлығы неше бала қатысады? - 5 бала қатысады. Оны қалай анықтадық? - 1 – ге 4 – ті қостық. - Осыны мысал түрінде қалай жазуға болады? - 1+4 = 5 - Енді осы мысалға кері амал құрастырайық - 5- 1 = 4 5- 4 =1 Оқушыларға қысқы спорттың тағы да қандай түрлерімен шұғылданғысы келетінін топ ішінде талқылатамын. Алынған мәлімет негізінде оқушылар қосу амалын қолдана отырып, санды өрнектер құрастырумен және жазумен айналысады Мысалы: А) 6 адам коньки тебуді ұнатады, ал 7 адам хоккей ойнағысы келеді. Барлығы қанша оқушы мұзайдынға барғысы келеді? 6 + 7 = 13. Б) 5 қыз таудан шанамен сырғанағанды жақсы көреді, 9 ұл таудан шаңғымен сырғанағанды ұнатады. Барлығы қанша бала таудан сырғанағанды жақсы көреді? 5 + 9 = 14. Әрбір мысалды кері мысал құрастыра отырып тексер. Сөйтіп, қосу мен азайту өзара кері амалдар екеніне көздерін жеткіземін. Сабақтың тақырыбын оқулықпен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалармен бекітемін.
Берілген сурет бойынша қандай математикалық әңгіме құрастыруға болады? — Берілген суретке қандай санды өрнек сәйкес келеді? Оқушыларға жұптарда ақылдасып, математикалық әңгіменің өзіндік нұсқаларын және сәйкес санды өрнектерді құрастыруды ұсынамын.. Көңіл аударатын негізгі мәселе бұл санды өрнектерді дұрыс оқу және бастапқы мысалға кері мысалдар құрастыру болып табылады. Жауабы: мысалы, “Дүкенде қыздарға арналған 5 жұп коньки және ұлдарға арналған 4 жұп коньки сатылды. Дүкенде барлығы неше жұп коньки болған?” 5 + 4 = 9. 5 пен 4 сандарының қосындысы 9-ға тең. Кері мысалдар: 9 – 4 = 5; 9 – 5 = 4”. |
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмала рын орындау «Қар кесегі» Бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады. есептерді шығару әдісін түсіндіреді. септеудің жазбаша тәсілдерін пайдаланады. -оқулықта берілген тапсырмалар ды өз бетінше орындайды.
тыңдалым айтылым |
«Бағдаршам» әдісімен бағалау
«От шашу» әдісімен бағалау |
|
||
|
Аяқталуы 10 минут |
«Шығарып көр» Жұппен жұмыс Оқушылар талқылау жүргізіп, белгісіз санның мәні жөнінде бірлескен қорытынды жасайды. Әр бағандағы мысалда бір спорттық құрал-жабдық бірдей санды білдіреді. Оның мәнін таба отырып оқушылар мысалдардың “төрттігін” құрайды, сөйтіп тәжірибеде қосу мен азайтудың өзара кері амалдар екенін түсінеді және жаңа материалды бекітеді. Жауабы: коньки — 7; шана — 8; шаңғы — 70.
13
+ 20
- 20 – 13
= Кері байланыс «Көңілді қоңырау» |
Ауызша хабарлама береді |
Оқушылар сабақ соңында: “+”, “–” таңбаларын қолданып санды өрнектер құрастыруды; компоненттердің өзара байланысы негізінде кері мысалдар құрастыруды; кері амалдар құрастыра отырып есепті тексеруді; қосу амалы компоненттерінің атауларын дұрыс атап үйренеді. |
Суреттер
|
||
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген