Өзара кері есептер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзара кері есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
1. «2 – ге көбейту және бөлу» тақырыбы бойынша оқып үйренген негізгі мәселелерді пысықтау. Өзара кері есептер құрастыру мен шығаруды қайталау. 2. Өз бетімен жұмыс жүргізуге үйрету. Пәнге қызығушылығын арттыру. 3. Логикалық ойлау белсенділігін арттыру. Дүниетанымын кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Өзара кері есептер

Сабақтың мақсаты:

  1. «2 – ге көбейту және бөлу» тақырыбы бойынша оқып

үйренген негізгі мәселелерді пысықтау. Өзара кері есептер

құрастыру мен шығаруды қайталау.

  1. Өз бетімен жұмыс жүргізуге үйрету. Пәнге

қызығушылығын арттыру.

  1. Логикалық ойлау белсенділігін арттыру. Дүниетанымын

кеңейту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ойландыру, сұрақ – жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық.

2 – де сабаққа келеміз.

Сабақтан қайтамыз дегенбіз

4 пен 5 –ке оқып бәріміз,

Есепте өзгені жеңеміз.


ІІ. Жаңа сабақ

  1. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың үндеуі «Қазақстан - 2030» стратегиясының бір тармағы «Салауаттылық - өмір салты» бағытында жас жеткіншектерді ХХІ ғасыр індеті СПИД, нашақорлық, темекіден сақтандыруға спортпен шынығуға яғни денсаулықты қорғау, оның алдын – алу шараларын жүргізуге бағытталған. Сондықтан да дені сау, тәні таза, ақыл – есі дұрыс азамат пен азаматшалар болып өсу үшін спортпен шұғылдану керек.

Енді спорт түрімен жақынырақ танысып білу үшін, берілген тапсырмаларды орындаймыз. Біздің ойындағы жеңісіміз тапсырмалардың орындалуына байланысты.


  1. «Спорт – жігер, спорт - бірлік»

«Желаяқтар» (сұрақ - жауап). Бой жазу жаттығуы.

  • Қандай амалдарды білеміз?

  • Көбейту амалына кері амалды ата.

  • Бөлу амалын қай амалмен алмастыруға болады?

  • Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.

  • Санды 1 – ге көбейткенде не шығады?

  • 0 – ге көбейтсе ше?

  • Санды, санға бөлсе, не шығады?

  • 1 жүздік, 6 ондықты ата.

  • 6 * 10

  • Есе артық сөзінде қандай амал қолданамыз?

  • Көбейтудің атауларын ата.


Доп түс (математикалық диктант)

(тек жауабын жазады)

2 * 4 12 : 6 8 * 6

6 * 2 14 : 2 4 : 2

8 : 4 18 : 3 3 * 2


  1. Шынықсаң - шымыр боласың.

Оқулықпен жұмыс жүргізіледі.

Мергенші:

1. Есеп мазмұны оқылып, талданады. 2 оқушы тақтаға шығады.

DrawObject2 DrawObject1 а) Әпкесі – 14 ? есе артық ә) сары – 18

Сіңілісі – 7 көк - 9 ? есе аз

Ш: 14 : 7 = 2 Ш: 18 : 9 = 2


2 есеп.

DrawObject4 DrawObject3 а) Ағасы – 16 жас ?есе үлкен ә) Ағасы – 12 ? есе артық

Қарындасы – 8 жас ? есе кіші Қарындасы – 6 ? есе кем

Ш: 16 : 8 = 2 Ш: 12 : 6 = 2

Есептерді салыстырып, айырмашылығын, ұқсастығын айтады.


Тұжырымдама: Бір санның екінші саннан неше есе артық не кем екенін

білу үшін үлкен санды кіші санға бөлу керек.


  1. Дене қимылы – дәрісіз ем,

Шыныға жүріп дертті жең.

Доп соғу. (ауызша есептеулер)

3. (ауызша)

а) Бір үйдің 20 тауығы және одан 2 – уі артық үйрегі бар. Бұл үйде қанша

үйрек бар? (22)

ә) Сәуле 16 үйрек балапанын және одан 2 есе аз қаз балапанын өсірді. Сәуле

неше қаз балапанын өсірді? (8)

б) Дүкенге 180 кг тауық еті және 90 кг қаз еті түсті. Тауық еті қаз етінен

қанша артық? (90)

в) Әжей әрқайсысы 2 кг/ нан 3 дорба ұн сатып алды. Ол барлығы неше кг ұн

сатып алды?

г) Салтанат кітаптың 18 бетін, ал Азамат 9 бетін оқыды. Салтанат Азаматқа

қарағанда неше есе артық оқыды? (2)

ж) 1 – ші класс 30 кітап, ал 2 – ші класс 15 кітап түптеді. 2 – ші класс 1 – ші

класқа қарағанда неше есе кем ктіап түптеді? (2)


  1. Ішпеген, шылым шекпеген,

Жасайды жылдар көптеген.

(ұзындыққа секіру) Доп түс

4,5 Кесте толтыру. 2 оқушы толтырады.


  1. «Желаяқтар»

7. 4 оқушы тақтаға жарыса отырып шығарады. Теңдеу шешу.


  1. Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

«Ақсүйек» ойыны. Жіберілген қателерді табады.

9: 3 = 6 50 + 9 = 60

18 : 2 = 7 93 – 3 = 90

42 – 2 = 40 18 : 5 = 2

64 + 6 = 74 10 :5 = 5

14 : 7 = 2 2 * 7 = 14

8 * 2 = 16 6 * 2 = 10

16 : 2 = 7 8 : 4 = 2

29 – 9 = 2 10 + 47 = 53

100 – 50 = 50 100 + 7 = 700

32 – 7 = 25 43 – 8 = 35


Қорытынды:

ХХ ғасыр індеті – СИД –ке жол жоқ. «Велосипед тебу» ойыны ойналады. Тест жұмысы жүргізіледі. (10 сұрақ)

  • Балалар, біз есепте ойлау қабілетіміз ұшқыр, шапшаң, епті, білімді екенімізді ойын барысында көрдік. Деніміз сау, шымыр болып өсу үшін немен шұғылдануымыз керек?

  • Спортпен

  • Иә, спортпен шұғылданып, еліміздің намысын қорғау, батыл да батыр, жігерлі азамат болу өз қолдарыңда.

Оқушыларды бағалау.


Үйге тапсырма

6 әріпті өрнектің мәнін табу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.01.2019
693
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі