400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өзара кері сандар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қысқа мерзімді жоспар жазуға және рефлексия жүргізуде
Материалдың қысқаша нұсқасы

5.2A Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Мектеп: №51 ЖОББМ

Күні:11.12.2019 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Аметбаева З.А.

Сынып: 5 Б

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Тақырыбы:

Өзара кері сандар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.1.1.12 өзара кері сандар анықтамасын білу;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: өзара кері сандарды біледі және қолдана алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: жалпы сұрақтарға жауап бере алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Көшбасшылық қабілеті бар оқушылар өз пікірлерін ортаға салады.

Бағалау критерийлері

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

.... көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды табу керек.

Білімін қолдану

Жай бөлшекке кері санды табу үшін оның алымы мен бөлімінің орындарын ауыстыру керек.


Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бөлшек, жай бөлшек, алымы, бөлімі, бұрыс бөлшек, дұрыс бөлшек, бөлшектің бүтін бөлігі, аралас сан, ортақ бөлім, қосу, азайту, өзара кері сандар

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

... сандары ... болғандықтан, өзара кері сандар болады

Аралас сан дегеніміз - ...

Бұл есептегі .... аралас сан, себебі, ...

... аралас санды қосу үшін, ... деп ойлаймын

... аралас санды азайту үшін, .... деп ойлаймын

... ең кіші ортақ бөлімге келтіреміз және ...

Бұл аралас санның бүтін бөлігін ...

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, қазақ тілі (тілдік қатынастар бойынша)

Физика, география, информатика (мәтіндік есептер шығаруда)

Құндылықтарды дарыту

                Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;

                Жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік тәжірибелері негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін көтеру;

                Жауапкершілік, шынайылық, мақсатқа ұмтылу.

Бір-бірінің ойларын бағалау, жауапкершілікті сезіну, өзара сыйластық, командада жұмыс. Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, интернет ресурстары(саиттар, видеолар, есептер)

Алдыңғы оқу

Натурал сан ұғымы, аралас санның анықтамасы, жай бөлшектерді қосу, азайту және көбейту, аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру

Сабақтың барысы


бақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Ресурстар

Басы

5 мин.

Оқушының қызығушылығын ояту

6 минут

Ұйымдастыру. Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру. Қызығушылығын ояту. Оқушыларға келесі амалдарды орындап, нәтижелерін талдауды ұсынамын. Оқушыларды өзара кері сандар ұғымын түсінуге бағыттаймын.

Оқушыларға жаңа сабақтың мақсатын таныстырамын.

Интерактив тақта

Ортасы

15-25 мин.

Негізгі бөлім

Тақырыпты ашу

7 минут


Білу, түсіну.

Миға шабуыл: Семантикалық карта әдісі. Тақтаға бірнеше бөлшектерге мысалдар жазамын және олардың ішінен көбейтіндісі 1-ге тең болатын сандар жұптарын таңдап, өз таңдауын дәлелдеуді сұраймын.


Алынған мәліметтерді қорытындылау. Көбейтіндісі 1-ге тең болатын сандарға анықтама беру, ерекшеліктерін атап өту

Семантикалық карта


Электрондық оқулықпен жұмыс

3 минут


Bilimland сайтындағы электрондық оқулықтан тақырыптың түсіндірілуін көрсету.

Интернет жүйесі


Жаңа тақырыпты меңгерту

4 минут

Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды өзара кері сандар деп атайды.


Мысал 1:

8 және

Жай бөлшекке кері санды табу үшін оның алымы мен бөлімінің орындарын ауыстыру керек.

Аралас санға кері санды табу үшін, оны бұрыс бөлшекке айналдырып, сол бұрыс бөлшекке кері санды табу керек.

Мысал 2:

.



Ортасы



Жұптық жұмыс






Сабақты бекіту «Математикалық домино»

4 минут

Талдау. Оқушыларды жұптастырып, әр оқушыға жеке үлестірмелерге әр түрлі бөлшектер мен натурал сандар жазуды ұсынамын. Жұптағы оқушыларға үлестірмелерін ауыстырып, әрбір санға кері сан тауып жазуды сұраймын. Үлестірмелерін қайтадан ауыстырып, өзара тексеруді орындатамын.

Оқулық, кеспе қағаздар

Бір бөлшекті басқа бөлшекке қосу үшін

Бөлшектерді ортақ бөлімге келтіріп, қосындының бөліміне ортақ бөлімді, ал алымына алымдарын қосып жазу керек

Бөлшекті натурал санға көбейту үшін

Натурал санды бөлімі 1 болатын бұрыс бөлшек түріне келтіріп, бөлшектерді көбейту ережесін пайдалану керек.

Өзара кері бөлшектердің көбейтіндісі

Бірге тең

Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін

олардың алымдары мен бөлімдерін көбейтіп алып, бірінші көбейтіндіні алым етіп, ал екінші көбейтіндіні бөлім етіп жазу керек.

Аралас сандарды көбейту үшін

алдымен оларды бұрыс бөлшекке айналдырып, содан соң бөлшектерді көбейту ережесін қолдану керек.



Дағдылар

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

.... көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды табу керек.

Білімін қолдану


Жай бөлшекке кері санды табу үшін оның алымы мен бөлімінің орындарын ауыстыру керек.



Есептер шығару

10 минут

Қолдану.

Топтық жұмыс жүргізу.

  1. Берілген сандарға кері сандарды жазыңыз:

1) Дұрыс бөлшектерге : .


2) Аралас сандарға:


3)Натурал сандарға: 3, 5, 7, 9, 12, 1, 17, 10, 100 .


  1. Көрсетілген бөлшектерге кері бөлшектерді жазыңыздар:

  1. x – тің қандай мәнінде теңдік тура болады:

1)

2)

3) ;

4) ;

5) 5x = 1;

6) ;

7) ;

8) ;

4. Берілген сандар өзара кері сандар болады ма?

1)

2)

3)

4)

5)

6) 0 және 1 ;



Интерактив тақта, А3 қағаз

Соңы

15 мин.

Қорытынды

4 минут

Жинақтау.

Білімді бекіту:"easyQuizzy" программасы арқылы тест тапсыру

  1. 1. санына кері санды тап

А) 2 Ә) Б) В)

  1. 7 санына кері санды тап

А) 7 Ә) 1 Б) В)

  1. бөлшегіне кері бөлшекті тап

А) Х Ә) Б) В) а

  1. х-тің қандай мәнінде теңдік тура болатынын көрсет:

А) Ә) Б) В)

  1. санына кері санды тап

А) 8 Ә) Б) 2 В)

  1. Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды  ... деп атайды.

А) өзара кері сандар 

Ә) қарама-қарсы сандар

Б) құрама сандар

В) жай сандар

  1. Көбейтіндінің мәнін тап:

А) 1 Ә) Б) В)

  1. Сандардың қосындысын тап:

А) Ә) Б) 1 В)

  1. Жай бөлшекке кері санды табу үшін

А) оның алымы мен бөлімінің орындарын ауыстыру керек.

Ә) оның бөлімінің орнына 1 қою керек.

Б) оның алымын алып тастау керек

В) оның алымын 1 мен ауыстыру керек.

  1. Аралас санға кері санды табу үшін

А) оны бұрыс бөлшекке айналдырып, сол бұрыс бөлшектің кері санын табу керек.

Ә) оны бұрыс бөлшекке айналдырып, сол бұрыс бөлшектің алымына 1-ді жазу керек

Б) оны бұрыс бөлшекке айналдырып, сол бұрыс бөлшектің бөліміне 1-ді жазу керек

В)бөлшек бөлігінің кері санын табу керек.



Интерактив тақта



Бағалау

2 минут

Бағалау.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына және тесттен алған бағалауына қарай білімдері бағаланады.

Смайликтер

Үйге тапсырма: 4,5-тапсырма

Рефлексия: 1) Ұнаған жағымды әсер; 2) Түсініксіз, жағымсыз әсер; 3) Білетін және білуге қызықтыратын мәселе туралы ұсыныстар, сұрақтар.


Тексерілді_________________ Күні: 11.12.2019 жыл


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушылармен ой бөлісемін,үнемі бағыт-бағдар беріп отырамын. Қабілетті оқушыларға қиындығы жоғары тапсырмалар беріп отырамын.Өз ойларын ашық айтуларына мүмкіндік беремін

Оқушылар бірін-бірі бағалатамын, бағалауға арналған әдіс-тәсілдерді қолданамын

АКТ-ны берілген нормаға сәйкес қолдана отырып, сабақтың түріне қарай бөліктеріне қолданамын. Оқушыларға тақырыптың қолданылу аймағын түсіндіре отырып, пәнаралық байланыс орнатамын, тақырыпты толық меңгерте отырып оқушылардың логикалық дамуына, сын тұрғысынан ойлауына, зияткерлік деңгейінің көтерілуіне ықпал етемін. Оқушыларға есептерді қатесіз шығаруға үйрете отырып, жауапкершілікке, мақсатқа жетуге ұмтылуға, шынайылыққа тәрбиелеймін

РЕФЛЕКСИЯ

Оқу мақсаты тақырыпты игеру болатын, ол мақсат жүзеге асырымды болды. Өзара кері сандар туралы негізгі ұғымды алды, оларға қатысты есептерді шығарды. Сабақ дифференциалданды деп ойлаймын. Уақыт ұтымды пайдаланылды. Сабақ барысында сабақ мақсаттары толығымен орындалды. Оқушылар өзара кері сандардың анықтамаларын білді, жай бөлшектер мен аралас және натурал сандардың кері сандарын табуды үйренді. Сабақта жоспарланған әдіс-тәсілдерді қолдану сәтті өтті. Оқушылармен топтық және жұптық жұмыс жүргізу арқылы бір-біріне білім алуына оң ықпал етті. Топ ережесіне өзгерістер енгізу қажет.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1)Семантикалық картаны оқушылардың қызығушылығын оятуға қолдана отырып, сабақ барысында өз қателерін өздері тауып, сабақтың түйінін түсінгені сәтті өтті;

2)Топтық жұмыс жүргізу барысында оқушылардың есептердің шешімін айта отырып, өз ойларын дәлелдегендері сәтті шықты.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 мамыр
1785
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі