Өзара
сенімге, шынайылыққа, бірлікке негізделген
командалық жұмысты ұйымдастырудағы
көшбасшы рөлі
Ежелден
халқымыз:«Бірлігі бар елдің – тірлігі
бар», - деп бекер айтпаса керек. Жұдырықтай
жұмылып, жүгін бірге көтеріссе ғана
мақсат пен мүддеге жетіп, іс оңға басар
деген өрелі ойды санама құйып жұмыс
істеп келе жатқалы 22 жылдан асып барады.
Мен Бекмұрзенова Айгүл Базарханқызы
Аққайың ауданы Смирнов №3 орта мектебінде
2007 жылдан бастап директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары ретінде қызмет
атқарып келемін. Көре-көре көсем,
сөйлей-сөйлей шешен болып қалыптасып
келе жатқан қызмет бабымда командалық
жұмыстың жемісті болуы үшін көшбасшы
рөлінің маңыздылығына, нәтижесіне
тоқталмақпын.Өйткені осы командалық
жұмысты мен өз тәжірибемде тиімді
ұйымдастыра алдым деп айта аламын.
Себебі командамен жасаған әр жұмысымыз
өз нәтижесін беріп отырды. Ал оған дейін
әрбіреуіміз турасын айтқанда өз қара
басы үшін жұмыс жасайтын. Соған сәйкес
нәтижеде ойдағыдай болмайтын. Әріптестер
бір-бірінің жетістігіне қуана алмайтын.
Менің жұмысым жүрсе болды деген көзқараста
болатын. Ал командалық жұмыс кәдімгідей
педагог мамандардың ішкі жан дүниесін
өзгертті. Әріптестермен «Бәріміз біріміз
үшін,біреуіміз бәріміз үшін» деген
ұранмен жұмыс жасайтын болдық. Әдістемелік
отырыстарда бірлесе отырып әр мұғалімнің
сабағындағы қиындықтарын ортаға салып,
оның шешу жолдарын іздедік. Жаңа оқыту
тәсілдерін командамен бірлесе талдай
отырып , сабақта кімге қайсысы
қолайлы,тиімді жолдарын біріге іздедік.
Бірлесе жасалған жұмыс әр жыл сайын өз
жемесін беріп келеді. Мұғaлiмдeр
әрiптecтeрiмeн өзiнiң cәттi,cондaй-aқ cәтciз
тәжiрибeлeрiмeн бөлice отырып, ceбeптeрi мeн
фaкторлaрын aнықтaп,өзiнiң ic-тәжiрибeciн
cын тұрғыcынaн бaғaлaйды. Мұғaлiмдeр
бiр-бiрiнe iлтипaтпeн қaрaп, әртүрлi
проблeмaлaрдaн қорықпaйды.Олaр пiкiрлeрiмeн
жәнe рecурcтaрымeн aлмacу мaқcaтындa бiр-бiрiнiң
caбaқтaрынa бeйрecми түрдe қaтыcaды.
Жeтicтiктeрдi бiрлece тaлқылaп, жaңa идeялaрды
aнықтaйды жәнe олaрды оқыту үшiн нeгiз eтiп
aлaды. Мeктeбiмiздiң
әдicтeмeлiк бiрлecтiк мүшeлeрi бiрлecтiктeр
aрacындa пeдaгогикaлық оқулaр мeн конфeрeнциялaр
өткiзiп тұрaмыз.
Мектебіміз
«Жас ұрпақты тәрбиелеуде білім мазмұнын
жаңарту арқылы Қазақстанның болашағы
зерделі тұлғаны қалыптастыру» мәселесімен
жұмыс жасап келеміз.
Келешектің
кемелді дамуына зор үлес қосатын ұжымдық
жұмысты ұйымдастыру маңызды деп білемін.
Соның ішінде мектептегі әдістемелік
қызметтің мақсаты: мұғалімдер мен сынып
жетекшілеріне оқушыларды оқыту мен
тәрбиелеуде, оларды шығармашылық
әрекетке баулуда білім беру саласындағы
жаңалықтарды, озық педагогикалық
тәжірибені зерттеп жинақтап таратуда
кәсіби біліктілігі мен теориялық білім
деңгейін көтеру ісінде нақты әдістемелік
көмек көрсету болып табылады.
Болашаққа
бастайтын тың қадамдардың бірі - мақсат
қою болса, екіншісі - сол күрделі жұмысты
ұйымдастыру. Сондықтан да бүгінгі күнге
дейінгі тәжірибемде: «Lesson Study» жұмысын
тиімді әдістер арқылы жүзеге асыру
барысын анықтау, әрі деңгейлік оқуда
алған білімді саралап, тармақтарын
жинақтады. Тәжірибелі ұстаздың жас
маманмен шынайылық пен бірлікке құрылған
жұмысының барысын жүйелеу үшін
бағыттаушылық қызмет атқара отыра,
жұмыс алгоритмін жіктеу жұмысы жүргізілді.
Тәлімгерлік қызметтері барысында
командалық жұмыстың тұлпары топ жарды.
Lesson Study мұғалімдерді оқыту және
олардың тәжірибесін дамытудағы
ынтымақтастық тәсілі болып табылады
және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты
бірқатар циклдерді қамтиды. Сонымен
қатар Lesson Study тәсілі бірлесіп жұмыс
жасауға, ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа,
жетелейтін тәсілдің бірі деп ойлаймын.
Сол
себепті ұжымға Lesson Study тақырыбына коучинг
өткізуді жоспарладым. Lesson Study
тәжipибeлi мұғaлiмдepмeн қaтap, eңбeк жoлын
жaңa бacтaғaн мaмaндapғa дa кәciби жeтiлугe
көмeктeceдi. Ceбeбi бipлeciп жocпapлaу, бipлeciп
қaдaғaлaу, бipлeciп тaлдaу apқылы бiз oқыту
туpaлы бipлecкeн пiкip қaлыптacтыpaмыз. Бұл
жaғдaйдa бiз oқыту acпeктiлepiн өзiмiздiң
ұcтaнымымыз тұpғыcынaн ғaнa eмec, Lesson Study
дaйындaғaн әpiптecтepiмiздiң көзiмeн дe
қapacтыpaмыз, coның нәтижeciндe бiз Lesson Study
бapыcындa бaқылaғaн нaқты caбaқты өзiмiздiң
жocпapлaғaн caбaғымызбeн caлыcтыpaмыз. Бұл
бiздepгe өзiмiз әдeттe мән бepмeйтiн, eлeмeйтiн,
әдeттe «шeттeтiп тacтaйтын» нeмece бoлжaмды
бiлiм peтiндe caқтaлып қaлaтын нәpceлepдi
aңғapуымызғa түpткi бoлaды.Ocығaн бaйлaныcты
Lesson Study тәжipибeci бoйыншa caбaқты зepттeугe
кәсіби қоғамдастығыммен бipлece жұмыc
icтeп, жaңa тәciлдi oқыту жoлдapын тaлқылaу
мaқcaтындa оқыту үрдісінде Lesson Study
тәжipибeciн өткiзудi жocпapлaп,oқу үлгepiмi
төмeн, opтa, жoғapы дeңгeйлi «бaқылaудaғы үш
oқушыны» aнықтaп, caбaқтар өткiзу
мектебіміздің білім сапасының артуына
оң септігін тигізуде .
Қазіргі
кезде жаңартылған білім бағдарламасы
арқылы оқушылардың білімге кұштарлығын
ояту да маңызды рөл алады. Сондықтан да
әдіс-тәсілдерді қолдана отыра, әр
оқушымен саралау жұмыстарын тиімді
ұйымдастыру үшін үнемі ұстаздармен
әдістемелік кеңес өткіземін. Білім
кемесінің бағыты кемелді болса ғана,
шәкірттері теңіздің тұмшасынан да тұнық
болмақ.
Тәжірибеме
сүйене отыра, жетістіктің баспалдағынан
көтерілуге жетелейтін, әрі өзара сенімге,
шынайылыққа, бірлікке негізделген
командалық жұмысты ұйымдастырудағы
көшбасышы рөлі қандай болмақ? Осы
негіздегі салиқалы сұрақтың тарамына
келесідей жауап бермекпін:
1)
«Мұғалім
- оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру
жұмысының көшбасшысы»,
- демекші, гуманитарлық
бағыттағы әріптестеріммен тәжірибе
алмаса отыра, жұмысының жемісті, сапалы
болуын ұйымдастырудың жолдарын
қарастырып, бірізді жүйеге келдтірдік.
Соның ішінде сайыстарға дайындау
бапысына әр мұғалім өзінше ат салысады.
Жыл сайын өтетін Абай оқулары, Мағжан
оқулары, пәндік олимпиада, тіл апталықтары,
ұстаздардың шығармашылығын шыңдауға
арналған сайыстар барысы бойынша тіл
мұғалімдері әр бағытта жұмыс жасайды.
Аудандық, облыстық шығармашылық топтармен
бөліскен тәжірбиелік жұмыстарымен
алмасады. Соның нәтижесі ретінде жыл
сайын облыстық Мағжан, Абай оқуларынан,
«Жарқын болашақ» олимпиадасынан жүлделі
орын иеленіп келеміз. Жұмыла көтерген
жүк жеңіл болғандықтан, әдістемелік
кеңесте пәндік олимпиадаға дайындаудың
тиімді әдіс-тәсілдерін қарастырып,
бірлесе жұмыс жасаймыз. Елеулі еңбектің
нәтижесінде облыстық қазақ тілі пәні
бойынша пәндік олимпиададан ІІІ орын,
республикалық Абай олимпиадасынан ІІІ
орын иелендік.
Ф
О Т О
2)
Жаратылыстану-математикалық бағыт
бойынша әріптестерімнің АКТ технологияларын
тиімді пайдалана отыра, оның жүзеге
асыру барысын әдістемелік кеңесте
талқылаймыз. Жабдықталған кабиенеттерде
оқушылардық АКТ-мен жұмыс жүргізуін
қадағалай отыра, тиімді бағдарламалар
арқылы сабақтың сапалы өтуіне назар
аударылады. Тесттік бағдарлама, суреттік
графика, СМАРТ әдісі негізінде жүзеге
асырып, тәжірибеде SWOT таоллдауы
жасалынады.
3)
Шығармашыл тұлғаны дамыту үшін оның
еркін ойлауы мен қолдану қабілеттілігін
дамыту қажет. Қызықты, әрі шағын жобаны
ала отыра, оқушылардың қолдану барысындағы
іс-әрекеттері мен ойын ұштастырып,
жүйелі жеткізуді жүйелі ұйымдастыру
өзіндік жемісін берері анық. Сондықтан
да бастауыш сыныптан бастап, оқушыларға
түрлі бағытта өзіндік қызығушылығын,
көзқарасын, дүниетанымын көрсететін
жобалар сайысын ұйымдастыру барысында
түрлі мәселеге жолыға отыра, оңтайлы
шешімін қарастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар соңғы екі жылда ерекше
назарға іліккен робототехника жұмысының
құрастыру барысымен танысып, жаңа
форматтағы технологиядан өнім шығаруға
асыққан жас таланттарымыздың еңбегі
еленді.
Біріге
отыра істелген жұмыс нәтижесіз болмады.
(Жоба,
робототехника – грамота)
Менің
ойымша, нағыз көшбасшы, біріншіден,
қиял-елесі дамыған адам болуы шарт. Оның
себебі, адам алдына қойған мақсатқа
жептес бұрын, нәтиженің қандай болатынын
елестете білу керек. Ал алдына қойған
мақсатына жету үшін ақыл мен парасат
керек, олар адамға сенімділік әрі
күш-қуат береді. Екіншіден, көшбасшы
батыл болуы керек. Ол өзінің талаптарының
орындалу мүмкіндігіне сенімді болып,
сенімділігін топ мүшелеріне жеткізе
алуы керек. Үшіншіден, көшбасшының талым
- тартылысқа түсе алу қабілеті. Көшбасшы
магнит іспеттес болуы шарт, ол - барлығы
тартылатын орталық фигура. Айта берсең,
бұл аяғы жоқ тізім секілді, өйткені,
көшбасшы - барлық жағымды, қажет және
маңызды қасиеттерді өзінің бойына
сіңіре алған, өмір жолында тәжірибені
мол жинаған тұлға.
Оқу
ісінің меңгерушісі ретінде мен командалық
жұмысты қалыптастыру отыра, әр бағыттағы
әріптестерімен тәжірибе алмасып, олардың
жұмыстарын бірізді, жүйелеу үшін
бағыттаушылық қызмет атқардым. Сондықтан
да ұжымның жүрегіне айналған көшбасшы
басқаларды мақсатқа жетелеу және ықпал
ету үшін жеке тұлғалық және мәселені
шешу дағдыларын қолдану, ортақ мақсатты
іске асыру үшін басқалардың артықшылықтарын
барынша пайдалану, өзі үлгі болу және
жанқиярлығы арқылы басқаларды биік
жетістікке жетуге жігерлендіру, ықпал
мен күш-жігерді пайдалануда адалдық
пен әдепті мінез-құлық таныту болып
табылады. Сол кезде ғана командалық
жұмысты ұйымдастырып отырған көшбасшының
еңбегі бағыттаушылық қызмет атқарған
әріптестерінің жетістік баспалдағына
жетелеуі тиіс.
Аудан
мектептерімен желілік қоғамдастықта
жұмыс жасаймыз. Тәжірибе алмасу мақсатында
түрлі семинарлар ұйымдастырамыз.