400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Озат тәжірибені тарату алаңындағы атқарылған жұмыстарға рефлексия

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал семинар соңындағы жүргізілетін рефлексия үшін мұғалімдерге, тренерлерге, әдіскерлерге көмегін тигізеді деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коуч: Ажибаева Шолпан Аманжоловна Күні: 26.04.2019

Коучинг-сессия тақырыбы: Озат тәжірибені тарату алаңындағы жұмыс нәтижесі туралы ой толғаныс

Мақсаты: Семинар қатысушыларымен озат тәжірибені тарату алаңындағы жүргізілген жұмыстар нәтижесі туралы рефлексия жүргізу, әдіс-тәсілдерді талдау, бағалау, әріптестермен ой бөлісу, кері байланыс беру, озат тәжірибені таратудың басқа да әдіс-тәсілдерін қарастыру, өзгенің және өзінің жұмысына баға беру

Міндеті:

1)озат тәжірибені тарату алаңындағы жұмыстарға рефлексия жүргізу

2)озат тәжірибені таратудың басқа да әдіс-тәсілдерін қарастыру

3)өзінің озат тәжірибесі туралы ойландыру

Күтілетін нәтиже:

Семинар қатысушыларында өзінің озат тәжірибесін таратуға түрткі болатындай идеялар туындайды, озат тәжірибені таратудың басқа да әдіс-тәсілдердің тиімділігі туралы ойланады

Көрнекіліктер мен ресурстар:

Магнит тақта, стикерлер, маркерлер, флипчарттар

Бейнефильм

Коучинг жүрісі:

1.Семинар қатысушылармен сәлемдесу, жағымды психологиялық ортаны қалыптастыру, GROUP MAKER бағдарламасы арқылы топқа бөлу, бағдарлама туралы мәлімет беру

2. Пролог. Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов:
Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер деген екен қанатты сөздерін қолданып, қатысушылардың назарын сессияға аудару.

3.Рефлексия. «Смокинг». Семинар қатысушыларына геометриялық фигуралар таратылып, осы фигуралардан смокинг құрастыру тапсырылады.

Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Құрастырған смокингтің:

а)кеудесіне бүгінгі семинардың ұтымдылығын негіздеп,

ә)қолына өз тәжірибесіне тиімді қолдану туралы ойланып,

б)жағасына пікір мен ұсыныс жазуды тапсырамын

4.Монолог. Кез-кезген бір семинар қатысушысының бүгінгі семинар туралы өзінің ішкі дауысын тыңдау

5. СВОД талдау. Озат тәжірибені тарату үшін ұйымдастырылатын семинарға талдау жүргізу үшін флипчарттар таратылады. Әр топтан бір спикер шығып, талдау жүргізеді.

Озат тәжірибені тарату үшін ұйымдастырылатын семинардың

КҮШТІ ЖАҒЫ







Озат тәжірибені тарату үшін ұйымдастырылатын семинардың

ӘЛСІЗ ЖАҒЫ


МҮМКІНДІКТЕР







ҚАУІП-ҚАТЕР



6. Бейнефильм «Грязное белье». Семинар қатысушыларының назарына тұлғаны бағалау туралы ой салатын бейнефильм көрсетіледі, осы бейнефильм кімге қандай ой салғандығы туралы сұралып, кері байланыс алынады.

7. Эпилог арқылы коучинг-сессияны қорытындылау.
Қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат-оқушының бойындағы қабілеті мен ерекшелігін ескере отырып, алған білімді өмірде тиімді пайдалана алатын тұлғаны қалыптастыру үшін, білім алуға қолайлы, жағымды, белсенді ортаны қалыптастыру арқылы білім алуға бағыттау, үйрету болып табылады.

8.Семинар қатысушыларынан ауызша кері байланыс алынады. Фото-сессия.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.05.2019
702
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі