«Өзекті ой» әлеуметтік ток-шоу бағдарламасы сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өзекті ой» әлеуметтік ток-шоу бағдарламасы сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өзекті ой» әлеуметтік ток-шоу бағдарламасы сценарийі берілген.Бұл ток-шоу арқылы ұлға әкенің берері мол екенін,арасындағы қарым-қатынас арқылы ұл тәрбиесі қалыптасып келе жатқанын,бір сөзбен айтқанда әке ұлға үлгі болары сөзсіз екенін кһзбен көрдім. Құрметті әріптес,сізге де бөлісіп отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзекті ой»

әлеуметтік ток-шоу бағдарламасы


Тақырыбы:

«Ұл бала әкеден үйренбей,

сапар шекпес»

Мақсаты:

-Қазіргі кездегі ұлдың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына әке тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату;

-Әкенің ұл бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз ұлын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында әкелердің педагогикалық-психологиялық білімін көтеру;

-Әкенің ұл бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу;

-Ұл баланың бойындағы жағымды қасиеттерді дамытып, жағымсыз қасиеттерден арылуға, әкемен қарым-қатынасын жақсартуға көмектесу;

-Ата-ананың жауапкершілігін күшейтуге көмектесу;



«Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, Ұл әкеден үйренбей сапар шекпес».

Қорқыт ата.

Бүгінгі  ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бәріміз де әке мен анадан бастау алдық. Әкеміз салған қарапайым болса да дара, қасиетті жолмен жүріп келеміз.

«Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық» деген халық мақалы бар.Бұдан әкеңдей асыл жанның саясы өміріңнің соңына дейін азық болатынын түсінуге болады.







«Тәтті алма» сұхбаты»



Шарты:

Алдарыңызға алма қойдық.Және әр алмаға бірнеше ши қадалған.

Сіздер әр шиды суырып, өз балдарыңызды еркелетіп айтатын

тәтті сөздеріңізді айтасыз.Барлық жағынан уақыт жағынан,

шапшаң,әрі шынайылығы ескеріледі.



«Кім болам?» сәйкестендіру тесті

Бұл тапсырма бойынша әке мен бала арасында қаншалықты жеке сұхбаттар болып отыратынын байқайтын боламыз.Бізде алдын ала сіздердің ұлдарыңыздан «Кім болам?» сауалына жауап алынған болатын.Енді сіздер балаңыздың қай мамандықты қалайтыны жайлы ой бөліссеңіздер екен.

Ахмет - Әскери қызметкер

Мансұр - Архитектор

Рамазан - Дәрігер

Бекарыс - Полиция қызметкері

Сұлтанали - Ұшқыш

Ерзат - Мұғалім

Ескендір - Полиция қызметкері

Алишер - Полиция қызметкері

Мұхаммед - полиция

Дамир - Есепші

Ернұр – Архитектор

Нұрислам- бизнесмен


Эстафеталық ойын


Шарты:

яғни ойыншы жүгіріп барып, жүгіріп қайтып таяқшаны әкесіне беріп жалғастыру.(уақыт жазылып отырады)



Ептілік ойыны


Шарты:

Басымызға кітап қойып кегли арасымен жүріп өту, мәреге жетіп,ақ қағазға әкесінің телефон номерін жазып, қайтар жолда кітап ұстап жүгіріп келіп,әкесіне тапсыру. Әкесі кітапты басынан түсірмей, мәреге жетіп, баласының тапсырмасын тексереді.

(Уақыт пен телефон номері дұрыстығы ескеріледі)

 

«Кім жүйрік?» ойыны

Шарты:

Бара жатқанда кегли арасымен допты ұрып барып, берілген есепті шығарып,қайтарда жүгіріп қайтады,әкесі допты ұрып барып,баласының есебін тексереді..

(Уақыт пен есеп дұрыстығы ескеріледі)

«Кері байланыс»

Ал енді алма стикерге бүгінгі кештен алған әсерлеріңізді жазып, мына « Алма ағашын» жемістерге толтырайық. Осы тәтті алмадай балаңыз бен өзіңіздің өміріңізде тәтті күндер көп болсын, балаларыңызға берген тәрбиелеріңіз жемісті болсын деген ниетпен ой – пікірлеріңізді жазып қалдыруларыңызды сұраймын.

Қорытынды

Бүгін біз сіздермен бірге отырып, ұл бен әке арасындағы керемет қарым –қатынастың куәсі болдық. Яғни, ұлға адамгершілік, қайырымдылық, әдептілік,ептілік, батылдық, мейірімділік,жомарттық

сияқты қасиеттер балаға әкенің үлгісімен сіңеді. Ерлерге тән ойлау жүйесі, жігіттік болмыс-бітімі, мінез-құлықты ұлдарымыз өсіп келе жатқандығы мені қатты қуантып отыр.

Әрине, «Ұл-әкеге қарап өсер»! Нар тұлғалы әкелеріміздің денсаулығы мықты, көңіл-күйлері көтеріңкі, ақылды, мейірімді, еңбекқор болғанын тілейміз.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2023
565
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі