Өзекті тақырып бойынша баяндама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзекті тақырып бойынша баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың оқу сауаттылығын инновациялық технологияларды қолдану арқылы дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Глубокое

ауданы бойынша білім бөлімінің Белоусовка бастауыш

мектеп - балабақша кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Өзекті тақырып бойынша баяндама.

Тақырыптың өзектілігі:

«Инновациялық технологияларды қолдану арқылы ана тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту»























Бастауыш сынып мұғалімі:

Л.Н.Панжазова

2024-2025 оқу жылы







Өзекті тақырып бойынша баяндама.

Тақырыптың өзектілігі: «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы ана тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту»

Мақсаты:

1. Оқушылардың оқу сауаттылығын инновациялық технологияларды қолдану арқылы дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.

2. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың түрлері, формалары, тәсілдерін түрлендіріп отыру.

3. Оқушыларға білім алушыларға өз бетімен жұмыс істеуге, шешім қабылдауға мүмкіндіктер жасау.

Міндеттерім:

1. Оқушының ойын, тіл байлығын, сауаттылығын арттыру.

2. Пәнге қызығушылын арттыру.

3. Сабақты түрлендіру.

Білім беру технологиясы бұл әдіс тәсілдер, қадамдар жүйесі, оны орындаутдәйектілігі оқушының жеке басын оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуді қамтамассыз етеді, ал іс әрекеттің өзі процедуралық, яғни белгілі бір әрекеттер жүйесі ретіндеұсынылады; педагогикалық процестің компоненттерін кепілдендірілген нәтиже беретін іс әрекеттержүйесі түрінде әзірлеу және процедуралық іске асыру болып саналады. Оқу процесінде оқушының танымдық және шығармашылық қызметін жүзеге асыру үшін білім бері сапасын арттыруға, оқу уақытын тиімді пайдалануға және үй тапсырмасына бөлінетін уақытты азайту арқылы оқушылардың репродуктивті белсенділігінің үлесін төмендетуге мүмкіндік беретін заманауи білім беру технологиялары қолданылады. Заманауи білім беру технологиялары даралауға оқу процесінің қашықтығы мен өзгермелілігіне білімдеңгейі мен жасына қарамастан оқушылардың академичлық ұтқырлығына бағытталған. Мектепте оқу тәрбие үрдісінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың кең спектірі қолданылатын педагогикалық технологиялардың кең спектірі ұсынылған.

Қазіргі таңда ең тиімді технологиялар:

1.Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

2.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

3.Жоба технологиясы

4.Дамыта оқыту технологиясы

5.Денсаулық сақтау технологиясы

6.Проблемалық оқыту технологиясы

7.Ойын технологиясы

8.Модульдік технология

9.Семинарлық технология

10.Іс әрекет технологиясы

11.Интегралды оқыту технологиясы

12.Ынтымақтастық технологиясы

13.Деңгей саралау технологиясы

14.Топтық технология

15.Дәстүрлі технология

Педагогикалық технологиялардың тиімді тұстары:

1.Оқушы өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік алады, соған үйренеді

2.Оқушының жеке қабілеті артады, анықталады

3.Іштей бір бірінен қалмауға тырысып талпынады

4.Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады

5.Өзін өзі тексеруге дағдыланады

6.Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады

7.Орындау қабілетіне қарай бағаланады.

Осы жаңа әдістерді қолдану кезінде педагогикалық-психологиялық талаптарды ескере отырып, оқушының оқу материалын игеруіне жағдай жасау қажет. Қазақ тілі пәнін оқыту кезеңінде әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп, бүгінгі заман талабына сай жеке тұлға қалыптастыру қажеттілігін ескеремін. Көп жолығатын қиыншылық – сабақ барысында баланың өзіндік ой қорыта алмау, сөз мағынасын ашып айта алмау, өз ойын жаза алмау сияқты кедергілер бар. Ой-пікір қабілеттілігін жетілдіру, білімді, саналы, тілге жетік тұлға дайындап шығару - мұғалімдердің мақсаты болатын болса, сол мақсатқа жету үшін шығармашылық жұмысты мұғалім өзі емес, оқушыларымен бірге іске асыру керек деп ойлаймын. Сабақта жоғарғы сапаға жету үшін, алдымен пәнге деген қызығушылығын ояту керек. Сондықтан жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің ішінде қазақ тілі сабағында « Инновациялық технологияларды қолдану арқылы ана тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту» технологиясы негізінде мына тақырыпта жұмыс істеп келемін.

* Оқушының сөздік қорының көп болуына, сөйлей білуге үйрету.

*Тың мәліметтерді тауып, зерттеуге, талдауға, қорытынды жасауға үйрету.

*Пәнге деген қызғушылығын ояту.

* Тақырыпқа қызығушылық танытқан оқушылармен жеке жұмыс, бағыт-бағдар беру.

* Әр түрлі шығармашылық сайыстарға қатыстыру.

Ұстаздың шығармашылық жұмысы сабаққа даярлықтан басталады: сабақтың жоспарын құру, әдістерін ойластыру, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, көрнекілік, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Бұның нәтижесінде оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады, ал бұл шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген әдістерде бала бұрынғы өзі білетін нәрсенің ерекшеліктерін саралап, оның жетістігі мен қажеттілігі арқылы жаңа білімді алуға ұмтылады. Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнін өткен кезде, оқушылардың жазу мен оқуда ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолданамын. Осы әдістеме қазақ тілі сабақтарында қолдану өте қолайлы, қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақты әдістер мен тәсілдер. Оқушының ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат еттім. Ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру- бүгінгі қажеттілік.

Менің сабақ беретін сыныптарым 4- сынып оқушылары болды. Сондықтан зерттеу обьектісі де сол оқушылардың жасына қарап анықталды. Сабақты меңгерту үшін оқушылармен жұптық, топтық жұмыстрын ұйымдастырамын. Оқушылар ойланады, ізденеді, біріне-бірі түсіндіруіне болады. Белгілі өзінше бір қорытындыға келеді, сөзжұмбақ, тест сауалдарын құрастырып, эссе жазады. Осы тәсіл арқылы көп нәтижеге қол жетуізуге болады.

1-кезең. «Дөңгелек үстел» әдісі бойынша үй тапсырмасы тексеріледі

2-кезең. “Қызығушылығын ояту” кезеңінде жаңа тақырыпты алдыңғы өткен тақырыппен байланыстыра отырып, сабақ мақсатын ашу үшін Абай атамыздың “Қырық бесінші сөзінен”алынған“…Әділет, сезім махаббат кімде көбірек болса, ол кісі – ғалым, сол – ақыл” деген сөздерің сабақ эпиграфы етіп алып, мұндағы грамматикалық негіздерді тапқыздым, құрылымын, құрмалас сөйлемнің түрін анықтап, жаңа сабақтың атауын шығарамыз, мақсатын ашамыз.



3-кезең.“Мағынанаы тану” кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны “Куббизм” стратегиясы арқылы тақырыпты берілген алгоритммен өздігінен топта меңгереді.

*Суреттеңіз: Зат есім дегеіміз не?

*Зерттеңіз: Берілген сұрақтар арқылы зат есім сөйлемдер туралы айтып беру.Сызбамен танысып, түсіндіру (оқулық бойынша).

*Салыстырыңыз: Негізгі және туынды зат есімді салыстырыңыз“Венн” дианраммасын қолдану арқылы. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты жүзеге асыруға болады.

*Қолданыңыз: Негізгі және туынды зат есімді сөйлемді тауып, жасалу жолдарын түсіндіру.

Сергіту сәті.

Шығармашылық жұмыс эссе «Құрбыма хат»: Өздерің сияқты құрбыларыңа осы сабақ эпиграфында айтылған даналық сөздердің мәні туралы айтып, сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдана отырып, құрбыларыңа хат жазып көріңдер.

Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты “5 минуттық эссе” жазғыздым. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.

Рефлексия. Шағын тест сауалдарымен жұмыс жүргізіледі.

Қорытынды. “Не білдім? Нені білгім келеді?” кестесін толтырады.

Бағалау парағы арқылы білімдерін топ басшылары бағалайды.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын.

Қорыта келе, біз мұғалімдер-шәкірттердің арманы болғымыз келеді, ертең өскен кезде де біздің түлектер ұстаздарына зор құрмет, мақтанышпен қараса екен деймін. Қазіргі қазақ баласына «Сен мықты азамат боласың!» - деп үлкен сеніммен қарап, оған таныс нәрсемен, таңсықты бірге ала жүріп, оқушыны әр сабақта «Даналыққа ұмтылу-таңқалудан басталады», - деп таң қалдыра білуіміз қажет.

«Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер», - деп Ж. Аймауытов айтқан. Сабақ беру - өнер.







































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2025
165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі