Өзен аңғарының құрылысы. Өзендердің гидрологиялық режимі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзен аңғарының құрылысы. Өзендердің гидрологиялық режимі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзен аңғарының құрылысы. Өзендердің гидрологиялық режимі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспардың тарауы: Физикалық география. Гидросфера


Күні: 05.05.2018 Мұғалімнің аты-жөні:


Сыныбы: 8 «а» Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Өзен аңғарының құрылысы. Өзендердің гидрологиялық режимі.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.3.3 өзен аңғарының құрылысын түсіндіреді.

8.3.3.4 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде өзендердің гидрологиялық режимін түсіндіреді.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өзен аңғарының құрылысы мен олардың қоректену көздері, гидрологиялық режим ерекшелігі туралы білімдерін меңгерту және қорытынды жасауға машықтандыру.

Бағалау критерийі

Түсіну:

- оқушылар өзен аңғарының құрылысы мен олардың негізгі элементтері, қоректену көздері мен өзендердің режимінің маңыздылығын түсінеді;

Қолдану:

- табиғат жағдайын үйрену арқылы өзендердің жазық және таулы жерлердегі қазу әрекетінің ерекшелігін анықтай алады.

Талдау:

- өзен аңғарының негізгі элементтерінің ерекшеліктері мен маңыздылығын талдайды;

Жинақтау:

- Өзендердің қоректену көзі мен гидрологиялық режимі арасындағы байланысты, сол арқылы халық шаруашылығының дамуына байланысты өздерінің пікірлерін айтады.

Тілдік мақсаттар

Тақырып мазмұнында пайдаланылатын негізгі ұғымдардың мағынасын біледі және оларды айтылым, жазылым, тыңдалым кезінде қолдана алады және оқушыларға қажетті ғылыми академиялық тілдік қор қалыптасады.

Құндылықтарға баулу

Сыни тұрғысынан ойлауға, еңбек пен шығармашылыққа баулу. Қоршаған ортаның адам үшін маңыздылығын үйрене отырып, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.

Пәнаралық байланыс

Химия – эрозия құбылыстарын, судың химиялық құрамын белгілі бір заңдылық бойынша үйренуде;

Математика – кейбір өзен аңғарларының элементтерінің көрсеткіштерін салыстырғанда және есептегенде.

Алдыңғы білім

6-сынып. Гидросфераның құрамдас бөліктері.

7-сынып. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.





Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларға өзендердің аты жазылған қағаз кеспелерге «Амазонка», «Конго», «Ертіс» сөздері жазылған кеспелерді тарату арқылы 3 топқа біріктіру.


Үй тапсырмасын сұрау.

«Шахмат» әдісі арқылы

Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар үй тапсырмасының сұрақтарына жауап береді, бос ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, ой бөліседі.

  1. Қазақстандағы бұлақтар саны. /300 ден астам/

  2. Тұзды көлдердегі минералдарды ата. /ас тұзы, калий тұздары, сода, иод, бром/

  3. Дүние жүзінде неше мұхит бар? /4/

  4. Гидросферадағы мұхиттар мен теңіздердің тұзды суы қанша пайызды құрайды? /97%/

  5. Кіші су айналымы дегеніміз не?

  6. Дүние жүзілік мұхиттың ең терең жері? /Мариана шұңғымасы/

  7. Ішкі теңіздерді ата.

  8. Ірі қалалардың неше пайызы жер асты суларының есебінен қамтамасыз етілген? /70%-дан астам/

  9. Минералды су негізінде құрылған емдеу-сауықтыру орталықтарын атаңдар.

  10. Қазақстандағы өзендер бойы мен көл жағалауында орналасқан қалаларды атаңдар.


Бағалау: Дұрыс жауапқа смайликтер беріледі.



«Амазонка», «Конго», «Ертіс» сөздері жазылған кеспелер





Шахмат суреті









Бағалау: Рисунок 2

Сабақтың ортасы


25 минут


Жаңа тақырыпты түсіну

«Тұсаукесер» әдісі арқылы. Өзен туралы бейнефильмді көреді және әр топ өздерінің атауларына сипаттама береді.


Оқулықпен топтық жұмыс.

«Үштік» (Ойлан, жұптас, бөліс) әдісімен қорғайды. Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді: бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.

І топ: Өзен аңғарының құрылысы

ІІ топ: Өзен аңғарының негізгі элементтері

ІІІ топ: Өзеннің қоректену көзі.


Бағалау

Критерий

дискриптор

Өзен аңғарының құрылымын біледі.

  • - Эрозия және оның жіктелу себебін түсінеді;

  • Жер бедерінің 2 аңғарға бөлінетітін сипаттайды;

  • Термин сөздердің мағынасын біледі;

Өзен аңғарының негізгі элементтері

  • өзен аңғарының негізгі элементтерін түсінеді;

  • өзен аңғарының негізгі элементтерінің сызбасын сызады;

  • Жер шарындағы каньондарды Шарын каньонымен салыстырады.

Өзеннің қоректену көзі

  • өзеннің басты қоректену көздерін сипаттайды;

  • Өзеннің режимін анықтайды;

  • Қазақстандағы өзендердің гидрологиялық режимін картадан көрсетеді.


Жеке жұмыс. Кестені толтыр.


Ерекшеліктері

Жауаптары

Эрозия


Арна


Жайылма


Террасалар


Каньон


Сағасы


Эстуарий



Критерий

дискриптор

Шәкіл

Өзен аңғарының құрылысы мен негізгі элементтерін талдайды.

- өзен аңғарының құрылысына, элементтеріне сипаттама береді;

- термин сөздердің мағынасын ашады

2








1


«Шеринг» әдісі Барлығы шеңберде отырады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды. Идеялар қайталанбау керек.

Бағалау: Бірін-бірі фигуралар арқылы бағалайды.



Бейнефильм Өзендер

DVD диск



Рисунок 3


Оқулық, дидактикалық материалдар





























































Сабақтың соңы

5минут


Кері байланыс:


Рисунок 4

Сабақтың соңында оқушылар: нені үйренгені туралы пайымдай алады. Өз ойларын жазады.


Үйге тапсырма: §23. Өзендер. Өзен аңғарының құрылысы. Өзендердің гидрологиялық режимі

Картамен жұмыс




стикер


Саралау





Бағалау

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану

Саралап оқыту тәсілі үдерісінің тапсырмаларды оқушылардың қабілетіне және қажеттілігіне қарай құрастырамын.

«Шахмат», әдісі үй тапсырмасын зерделеймін.

-«Үштік» (Ойлан, жұптас, бөліс) әдісі” оқушылардың топпен жұмыс жасауына, еркін ойлау қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді.

Кестені толтыр, «Шеринг» әдісі арқылы оқушы жаңа сабақ бойынша алған білімін белгілі бір критерийлер арқылы бағалай алады.



Мәтінмен жұмыс;

Оқулықпен жұмыс;

Картамен жұмыс;

Смайлик арқылы бағалау

Фигуралар арқылы бағалау

Критериалды бағалау

Дискриптор арқылы бағалау

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелері ескеріледі.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
2241
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі