400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өзендер

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзен эрозиясы Өзендер Жер бетін өзгертеді. Тас сынықтары өзен бойымен ағып, бастапқы орналасқан жерінен алыс қашықтықта шөгеді. Өзендердің әрекеті көбінесе су ағысы жылдамдығы арқылы анықталады. Тік еңістікте өзен ағысының жылдамдығы жоғары болады. Жер бетінің аққан сумен шайылып мүжілуі өзен эрозиясы деп аталады. Өзен бастауының ең үлкен ағып шығатын жерінде арна пайда болады. Өзен аңғарының көлденең қимасының түбі тар және беткейлері тік болғандықтан, оның аңғары «V» әрпі тәрізді. Бұл құбылыс түпкі эрозия деп аталады. Түпкі эрозия өзен арнасының еңістік шамасына қарай анықталады. Таулы аймақтарда өзен аңғарлары аса терең келеді, бірақ ені тар болып кездеседі. Мұндай аңғарлар «каньондар» деп аталады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 2621. Өзендер

Өзен эрозиясы

Өзендер Жер бетін өзгертеді. Тас сынықтары өзен бойымен ағып, бастапқы орналасқан жерінен алыс қашықтықта шөгеді. Өзендердің әрекеті көбінесе су ағысы жылдамдығы арқылы анықталады. Тік еңістікте өзен ағысының жылдамдығы жоғары болады. Жер бетінің аққан сумен шайылып мүжілуі өзен эрозиясы деп аталады.

Өзен бастауының ең үлкен ағып шығатын жерінде арна пайда болады. Өзен аңғарының көлденең қимасының түбі тар және беткейлері тік болғандықтан, оның аңғары «V» әрпі тәрізді. Бұл құбылыс түпкі эрозия деп аталады. Түпкі эрозия өзен арнасының еңістік шамасына қарай анықталады. Таулы аймақтарда өзен аңғарлары аса терең келеді, бірақ ені тар болып кездеседі. Мұндай аңғарлар «каньондар» деп аталады.



Өзен террасаларының құрылысы

Террасалардың пайда болуы эрозия базисінің өзгеріп отыруына немесе су шығынының жиі-жиі өзгеруіне байланысты. Өзен аңғарлары симметриялы және ассиметриялы болып кездеседі. Өзеннің бір жағалауында терраса болмаса немесе оның ені қарама-қарсы жағадағы террасамен салыстырғанда бірдей болмай өзгеше болса, мұндай аңғарлар симметриялы деп аталады. Аңғардың тұрақты өзен суы астындағы бөлігін арна деп, ал жиі-жиі уақытша тасыған су астында қалып қоятын ең төменгі (қазіргі) террасаны жайылма деп атайды.

Өзеннің орта ағысында бүйірлік эрозия байқалады. Өзен ағысы жағаға соқтығысып, өзен ирелеңін түзеді. Өзен жағасы үнемі ирелеңдердің сыртқы шетімен бұзылады. Бұл үрдіс өзен алаптарының кеңеюіне түрткі болады. Өзеннің кең ирелеңі жаңа арнаны қалыптастырған кезде ескі арна көлдері пайда болады. Олар өсімдік тез өсетін, кішкентай, ұсақ және доға тәріздес көлдерге ұқсас.

Өзеннің төменгі ағысында өзен ағыны баяулап, таулы жыныс көп мөлшерде жиналады. Егер таулы жыныс теңізге жетпесе, өзен сумен келген үйінділер арқылы ағып, жеке сағалары бар көптеген салаларға бөлінеді. Осылайша, өзен аккумуляциясы арқылы атырау пайда болады.



Өзен ағынының аудандары

Суреттегі өзен ағыны аудандарының атауларын суреттегі сандармен сәйкестендіріңіз.











3.Жер бетінің аққан сумен шайылып мүжілуі қалай аталады?

Су эрозиясы

Көл эрозиясы

Өзен эрозиясы

Жер эрозиясы



4.Таулы аймақтарда өзен аңғарлары аса терең келеді, бірақ ені тар болып кездеседі. Мұндай аңғарлардың бірін көрсетіңіз.

Каньон

Меандр

Терраса

Базис



5.Аңғардың тұрақты өзен суы астындағы бөлігі қалай аталады?

Бастау

Арна

Жайылма

Меандр



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі