400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзендер. Өзен жүйесінің бөліктері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға өзендер туралы түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 08.12.2016ж.

Сыныбы: 5 «Б»

Пәні: Жаратылыстану.

Өтілетін орны: 313 каб.

Сабақ түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: «Өзендер».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өзен, өзен жүйесінің бөліктері, олардың орналасу ерекшеліктері мен олардың шаруашылықтағы маңызы жайлы білім беру;

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдылық қабілеттерін, ойлау, сөйлеу дағдыларын, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды сүйіспеншілікке, алғырлыққа, ізгілікке, табиғатты аялауға, оның қамқоршысы бола білуге баулу;

Коррекциялық: Оқушылардың дыбыстарын қадағалау, дыбыстарды үнемі түзетіп отыру.


Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дүниежүзінің физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-ПА-ПА-ПА-

Амандасу.(диалог)

  • Қазір қандай сабақ?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Бүгін ауа райы қандай?

  • Бүгін айдың нешесі?

II. Үй тапсырмасын қайталау: (сұрақ-жауап арқылы)

  • Өткен сабақтың тақырыбы қандай?

  • Үйге қандай тапсырма берілді?


  1. Гидросфера дегеніміз не?

  2. Жер шарының қанша бөлігін су алып жатыр?

  3. Адам денесінде неше % су болады?

  4. Теңіз дегеніміз не?

  5. Орналасуына қарай теңіздерді қалай ажырата аламыз?

  6. Көл дегеніміз не?

  7. Көлдің теңізден қандай айырмашылығы бар?

  8. Қазақстанда қандай теңіздер мен көлдерді білесіңдар? Картадан көрсет.


Сөздік жаттығу: Өзен, өзен бастауы, өзен саласы, өзен сағасы, өзен аңғары, өзен алабы, өзен жайылмасы, сарқырама.


III. Жаңа сабақ: (түсіндіру)


Сабақтың жоспары:

  1. Өзен бөліктері.

  2. Өзен ағысының бағыты мен сипатына жер бедерінің әсері.

  3. Шоңғалдар мен сарқырамалар.

  4. Өзендердің суға молығуы және режимі.


Өзен дегеніміз – табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Picture 5 Picture 5 Picture 5 Жер бетінде өзен көп. Қазақстанда үлкенді-кішілі 85 мың өзен бар. Олардың бірі жазықты бойлай кең жайлып баяу ағады. Өзеннің ағып шығатын жері оның бастауы деп аталады. Оған басқа шағын өзендер келіп қосылады. Оны саласы деп атайды. Ағыс бағытына қарап тұрғанда оң қол жағын өзеннің оң жағасы, сол қол жағың өзеннің сол жағасы болып табылады. Мысалы Есіл өзені Ертістің сол жақ саласы, ал Арыс Сырдарияның оң саласы. Өзеннің құяр жері сағасы деп аталады. Жайық Каспий теңізіне , Сырдария, Арал теңізіне, Іле, Балқаш көліне барып құюды. Өзендердің ағысының жылдамдығы сағасына барғанда азайады. Онда тосқындар жинақталып өзен саласы тармаққа бөлінеді, яғни атырау пайда болады.


Picture 5




Picture 5




































Өзен бастауынан сағасына дейін кең әрі ұзынша алқапты бойлап ағады. Бұл өзеннің аңғары. Аңғардың табанындағы өзен су ағып жататын ойыс арна деп аталады. Су тасыған кезде өзен арнасынан асып аңғардың іргелес жайдақ бөлігін басады. Аңғардың өзен тасығандағы су басатын бөлігі жайылма деп аталады.











Picture 1













































Picture 3



Тау өзендері беткейлері тік жартасты аңғармен ағады. Мұндай тар аңғал шатқал деп аталады.






Picture 3 Өзендер жер асты суларынан, мұздық, жаңбыр, еріген қар суларынан көректенеді. Өзен суының жыл ішінде өзгеру ерекшелігін өзеннің режимі дейді.

Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен – Ніл. Ұзындығы 6671 км.

Қазақстандағы ең ұзын, ең суы мол өзен – Ертіс.

IV. Оқулықпен жұмыс.

V. Сызбамен жұмыс.

VI. Жаңа сабақты пысықтау.


А) Георафиялық диктант:

  1. ............. - арна арқылы ағатын су.

  2. Өзеннің басталар жері ................. .

  3. Белгілі бір жерге барып құятын жері өзеннің ..................

Б) Сәйкестендіру тесті.

(Қазақстанның теңіздері, көлдері, өзендері )


VII. Сабақты қорытындылау:


  • Біз бүгін сбақта не өттік?

  • Біз сабқта не істедік?

  • Жаңа сабақ ұнады ма?


VIII. Бағалау.


IX . Үйге тапсырма: 60-61 беттегі мәтінді оқу, өзендерді кескін картаға түсіру.









































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
845
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі