400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өзендер сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға әдіс тәсілмен алмасуға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Өзендер

Сабақтың мақсаты: А) білімділік: Өзен бөліктерін, таралу аймағы мен адамзатқа қажеттілігі мен тигізетін әсерін  түсіндіру  білімдерін тереңдету.

б)Дамытушылық: Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту.
в) Тәрбиелік: Жан - жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетіне тәрбиелеу, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақты жүргізудің әдіс-тәсілдері: «Балық аулау» әдісі, ой қозғау, мағынаны ашу, картамен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:жарты шарлар картасы, сызба, суреттер, балық таратпалар, слайд

Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындалу.

Бағалау «балық» таратпалар санымен жүреді

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Балық аулау» әдісі (5 Мин слайд2)

Оқушылар сұрақтар жазылған балық суреттеріндегі сұрақ нөміріне сай сұрақтарға жауап береді.

  1. Мұхит ағыстарын тудыратын басты себеп не?

  2. Картада мұхит ағыстары қалай бейнеленеді?

  3. Не себепті Перу ағысы температурасы 220С болсада суық ағыс деп аталады?

  4. Жылы ағысқа мысал келтір.

  5. Ұзындығы 33м, салмағы 160 т-ға дейін баратын ірі жануарды ата.

  6. Саргасс теңізінің атауының шығуы немен байланысты.

  7. Мұхитты ең көп ластайтын зат?

  8. Қай мұхит теңіз қатнасына көбірек игерілген?

  9. Мұхит бөліктерін ата

  10. Мұхит суының тұздылығы немен өлшенеді?

Сергіту сәті «Көңілді күн» (2 мин)(слайд 15)

ІІІ: Жаңа тақырыпты түсіндіру.

«Ой қозғау» (7 мин)

Оқушыларға жұмбақ айту арқылы сабақ тақырыбы белгілі болады.
1. Жылт-жыл еткен
Жылғадан өткен. (Су немесе өзен)
2. Ирелеңдеген арқан
Қуып жете алман. (Өзен)

Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Өзендер».

Балалар, сендер қандай өзендерді білесіңдер? (Картадан өзендерді атап көрсету.)

Сендер Жаратылыстану пәнінен өзен құрылысын өттіңдер, ал бүгінгі

сабағымызға қандай мақсат қоямыз?

Мағынаны тану(5+6 мин)

Оқулықпен жұмыс: (слайд 16)

Мәтіннің бөлімдерін өз беттерімен оқу. Бір біріне түсіндіру.

Интербелсенді тақтада өзен қималары сызбалары, шоңғал мен сарқырама суреттері беріледі. Оқушылар сол өзен қималарына сүйене отырып, бір біріне түсіндіреді.

«Постер құру» (3 +5 мин)

Суреттер қиындалары беріледі. Сол сурет қиындыларын пайдалана отырып, өзеннің шаруашылықтағы маңызына тоқталады.

ІІІ Жаңа сабақты бекіту (8 мин)

«Түймедақ» әдісі

Түймедақ гүлінің суреті,қиылып таратылады. Плакатқа суреті тақтаға ілінеді. Әрбір топ төмендегі сұрақтарға жауапты сол гүлдердің күлтешелеріне жазу арқылы тақтаға ілінеді. (әр күлтешеге бір балық)
1)Өзен ағысына байланысты нешеге бөлінеді? 
2)Қандай өзен ағыстары бар? 
3)Өзен жүйесі дегеніміз не? 
4) Аңғардың өзен тасығанда су басатын жерін не деп атаймыз? 
5)Қандай ірі сарқырамаларды білеміз? 
6) Өзендер суға қалай молығады? 
7)Өзеннің режимі дегеніміз не? 
8)Өзеннің саласы дегеніміз не? 

Кері байланыс(1 мин) - слайд 17

Бағалау(1 мин) Жиналған балықтар саны бойынша бағаланады

Үйге тапсырма (1 мин) § 43 оқу

Мәтінде аталған өзендер мен сарқырамаларды картадан тауып, кескін картаға белгілеңдер






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
1157
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі