400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өзге тілді меңгеру кезінде жаңа технологияларды қолдану.

Материал туралы қысқаша түсінік
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді –деген ЕлбасымызН. Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында.Мен еліміздің бір тұлғасы ретінде заман талабына сай көштен қалмай соңғы жаңалықтарға көз жүгіртіп, назардан тыс қалдырмауға тырысамын, өйткені мен басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді-қазақ тілін меңгеруді үйретемін. Менің ойымша, әрбір ұстаз сабақта басқа тілді үйретуді қызықты, тиімді әрі жаңалығы мол етіп,өткізгісі келеді.Қызықты сөзжұмбақ, сұрақ-жауап ойынын есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Технология элементтерін тиімді қолдануы сабақ барысын ерекше, нәтижесін сапалы болуына септігін тигізеді. [1]
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзге тілді меңгеру кезінде жаңа технологияларды қолдану.

Шербаева А. Ш.- №13 ЖББОМ Қарағанды қаласы



Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді –деген ЕлбасымызН. Ә.Назарбаев
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында.Мен еліміздің бір тұлғасы ретінде заман талабына сай көштен қалмай соңғы жаңалықтарға көз жүгіртіп, назардан тыс қалдырмауға тырысамын, өйткені мен басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді-қазақ тілін меңгеруді үйретемін. Менің ойымша, әрбір ұстаз сабақта басқа тілді үйретуді қызықты, тиімді әрі жаңалығы мол етіп,өткізгісі келеді.Қызықты сөзжұмбақ, сұрақ-жауап ойынын есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Технология элементтерін тиімді қолдануы сабақ барысын ерекше, нәтижесін сапалы болуына септігін тигізеді. [1]

Әрбір сабақта оқушының болашақта таңдайтын мамандығына қарай бағытталуына , яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше көңіл аударуға тырысамын. Жеке тұлға, қабілеті жоғары, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Педагогикалық технологиялардың элементтерін қолдануда мақсатқа жету, оқушының өзі, оның оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлаудағдыларын дамыта жүзеге асырып, мақсат қою жүйесін қолдану тиімді.[2] Жұмыс жүргізер алдында оқушыларды топқа бөліп аламын. Топпен қалай жұмыс істеу керек? Топпен интербелсенді жұмыстың негізгі принципі сондағы оқушылардың өзін жұмысқа тартып тапсырманың жауабын өздері шешуге мүмкіндік беру. Оқыту әдістерінде еліктіруші амалдардың кейбіреулері бойынша адам ақпараттарды жақсы игереді және тәжірибені дұрыс пайдаланады сол уақытта егер сол жұмыстарды өзі игерген, өзі ойланып жүзеге асырған болса. Сол себептен- «тыңдау/ ақпараттарды оқу- ақпараттарды жаттау –білімін тексеру»сияқты қарапайым оқу құрылымынан гөрі, әртүрлі оқыту жиынтығы негізінде құрылған амал көпшілік жағдайда тиімді. Сонымен сабағымда қолданатын жаңа технологиялар:

  • Блум таксономиясы

  • Сын тұрғысынан ойлау

  • Ойын элементтері

Бенджамин Блум– америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. 
«Блум таксономиясы»атты кітабында өз теориясын дамытқан.
1956жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру. Осы технологияны ақпараттық ресурстарды кеңінен пайдалану мақсатында интерактивті тақтамен өткіземін. Өз тәжірибемде Блум таксономиясын әрбір сабағымда қолданамын.Жаңа тақырыпты түсіну мақсатында білу бөлімінде оқулықпен жұмыс жасау сөйлемді аяқтау, кестені толтыру тапсырмалары орындалдып, «Бағдаршам» арқылы тез арада тексеріп аламын. Түсіну бөлімінде «алтын лупа» арқылы мәтіннің мазмұнын оқушылар өздері көру арқылы жазады. Сөйлемнің мағынасын аңықтауда суреттер мен атауларын «сандық» арқылы орындайды. Бұл дұрыс емес жауаптың орындауға мүмкін бермеуімен ерекшеленеді. Қолдану бөлімінде мәтінмен жұмыс арқылы білімін шыңдаса, сөзбен сөз тіркестерімен сөйлем құрастыра алады. Талдау бөлімінде ақпараттық ресурстарға сілтеме арқылы мәтіндегі тақырыпты ортаға салып, дәлелдейді. Көріністерді көргенде қабілеті төмен оқушыларда өз көргенін айтып, пікірін жеткізеді. Қабілеті жоғары оқушылар әңгіме дайындап , дәлелдей түсті. Салыстыру бөлімінде Венн диаграммасын қолданамын, белгілі бір тақырыппен ұқсастығы мен ерекшелігі аңықталады. Топтау бөлімінде оқушының шығармашылық бағытта жұмысы көрінеді. Бағалау бөлімінде ойды жинақтау бағытында қисынды ойды бағалаймын, сәйкес келе ме? деген сұрақ қойылады. Қорытындылау кезінде смайликтер қолдандым. Сабақ барысында бос отырған оқушы болмайды. Барлық оқушы белсене араласады. Әрбір оқушы бағаланады, осы бағытта жұмыс істеу арқылы қызығушылықтары артып, білім сапасы жоғарлайды.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Мақсат барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

Осы технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:

  • қызығушылықты ояту (мысалы, «Наурыз мейрамы» тақырыбына бейнеролик көрсетіп, тапсырма беріп, оқушылардың қызығушылығын ояту );

  • мағынаны ашу (мысалы, Наурыз мейрамы қалай тойланады);

  • ой толғаныс (Наурыз мейрамынан қандай әсер аламыз? Эссе, реферат жазу).

Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргіземін. Екінші кезенде жаңа ақпаратпен танысамыз; үшінші кезенде оқылған материалды талдау және қорытындылау, — пікір алмасу, шығармашылық жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т. б. Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысын топ бойынша жүргіземін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі және білім прагдимасы қалыптасады.

Ойын элементтері– сабақтың формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу барысын пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану, сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді. Оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Мен ойын элементтерін барлық дерлік сыныптарда пайдалануға тырысамын. Себебі, қазақ тілі пәнінде бірыңғай жазу жұмыстары мен оқу оқушыларды тез жалықтырады. Сабақта пайдаланылған сергіту жаттығуларымен қатар жаңа тақырыпты меңгеру, өткенді пысықтау мақсатында пайдаланылатын ойын түрлерінің пайдасы зор. Жақсы баға оқушының пәнге деген қызуғышылығын, ізденісін арттырады.

Қорыта келе, әрбірұстаз оқушыларды басқарудың әдіс-тәсілдерін ескере отырып, сабақ ұйымдастыру кезеңінде әр оқушы өзінің жетістігін түсіне білуі үшін, оқушы бойында міндетті түрде сенімділікті оятуы керек. Егер оқушы бойында күнделікті орындаған тапсырмаларының жақсы нәтижесін көре алмаса, ол өзіне-өзі сенуден қалады. Сондықтан, оқушылардың жетістігін үлгі тұтып, алға бастаған кішкентай жемісін тілге тиек ете отырып, әр қадамын оң бағалауға тырысамын.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Б. Әбдікәрімова, М. Соколова «Оқыту технологиясының білім сапасын көтерудегі ықпалы» Алматы 2004 жыл.

  2. «Болашақты таңдай отырып...» журналы Облыстық білім департаменті Қарағанды-2004 жыл.

  3. Ә.Е. Жұмабаева, Ғ.И. Уәйісова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» -«Атамұра» 2009 жыл.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қараша
287
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі