400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзге тілдің бәрін біл

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз тілін қадірлеу арқылы, өзге тілді құрметтеуге баулу. Топтық ,жеке жұмыстар арқылы ана тілге байланысты тапсырмаларды орындату. Үш тұғырлы тіл бағытына оқушыларды бейімдеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте


Мақсаты:  оқушыларды өз ана тілін сүюге, тілге деген ынталарын жандандырып, тіл біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіріп, тәрбиелеу. Өзге тілді үйрене отырып, өз тілін құрметтеуге баулу.

Көрнекіліктер:суреттер, қанатты сөздер


Ұйымдастыру кезеңі


Шаттық шеңбері

Қанекей балалар, шаттық шеңберін құрайық.

Менің қолымдағы қима суреттер арқылы топқа бөлінеміз. Қима суреттердің артына геометриялық фигуралар жапсырылған.

Үшбұрыш, шеңбер, жұлдызша

Сендердің құраған суреттеріңде өздерің оқып жүрген пәндердің суреті бейнеленген. Қане, қай топта қандай пәннің суреті құрастырылды.

Қане, балалар мына бір үнге құлақ түрейік.

Бесік жыры орындалады.

Балалар жаңа естігеніміз қандай ән?

  • Бесік жыры

Дұрыс айтасыңдар бұл бізге бесікте жатқан күннен бастап құлағымызға сіңген бесік жыры, бізді әлдилеген анамыздың үні, анамыздың тілі. Біздің ана тіліміз қандай тіл?

– Қазақ тілі. Балалар қормен

-Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы, Әнұраны, Туы, төл теңгесі бар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар. Ол - әрине, қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу, оны құрметтеу. 

Қазақ тілі - дүниежүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі. Ана тіліміз арқылы біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген. Олай болса, өз ұшқыр ойыларыңмен, өткір тілдеріңмен ана тілінің тұғырын биікке көтеретін мына сендерсіңдер.

Қазіргі заман талабы – көп тілді білуді қажет етеді. Сондықтан да өзге тілді үйрене отырып, өз ана тілімізді қадірлеу басты борышымыз.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев:

Ана тілің – арың бұл

 Ұлтың боп тұр бетте

 Өзге тілдің бәрін біл

 

Өз тіліңді құрметте – деген тұжырымы бұл. барлығымызға қойылатын талап.

 Олай болса балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы:

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.

І. Зерделі болсаң........

Топпен жұмыс. Білім ағашын құрастыру

І топқа тапсырма

Жұмбақтарды шешу

1.Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы.
(Мұғалiм)

2.Бiлiмнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы.
(Мектеп)

3.Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді . (Қалам)

4.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. ( Кітап)

5.Оқу-бiлiм аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесi де бiрнешеу,

Тиегi бар ашпалы.   (Сөмке)

6.Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып.   (Дәптер)

7.Iлулi тұр кең алаң,

Керегiмдi мен одан.

Жазып алам көшiрiп,

Сүртем сосын өшiрiп.   (Тақта)

8.Төрт қырлы, өзi аппақ,

Тақтадағы iзi аппақ.   (Бор)


ІІ топқа

Сөздердің орыс тіліндегі аудармасын табу

Бор – мель

Мектеп – школа

Мұғалім – школа

Кітап – книга

Тақта – доска

Дәптер – тетрадь

Сөмке – сумка

Қалам – карандаш

ІІІ топқа

Сөздердің ағылшын тіліндегі аудармасын табу

Бор – chalk

Мектеп – school

Мұғалім – teacher

Кітап – book

Тақта – blockboard

Дәптер – copybook

Сөмке - bag



ІІ. Әрқашан күн сөнбесін!

Жеке жұмыс.

Күн құрастыру. Күннің сәулелерінде сұрақтар жасырылады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, күннің бейнесін құрастырады.

  1. Әліпби сөзі қай тілден енген?

  2. 16 желтоқсан қандай мереке?

  3. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

  4. Тілдер мерекесі қай айда тойланады?

  5. Мақалды жалғастыр

Тілге құрмет – .................(елге құрмет)

  1. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

  2. Қазақ тілі – мемлеткеттік тіл, ал орыс тілі ? .................

  3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері

  4. Мақалды жалғастыр

Тіл тас жарады ................(тас жармаса бас жарады)


Сергіту сәті.

Ән: Әрқашан күн сөнбесін


ІІІ. Ойлан тап!

Оқушылардың алдына қима әріптер беріледі.

Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің қалып кеткен сөздерін табу.


Өнер алды – қызыл ...... (тіл).

Ақылдың көркі – тіл,

Тілдің көркі – ........... (сөз).

Асыл сөзді іздесең, Абайды .... (оқы) ерінбе.

Тіл мәртебесі – ..... (ел) мәртебесі.

Күш білімде, білім - ......... (кітап) та.

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ..... (білім) біл.

Тіл жүйрік емес, ..... (шын) жүйрік.

Қаһарлы сөз – ..... (қамал) бұзар.


ІV. Поязия минуты


Қорытынды


Рефлексия




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
820
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі