Казбекова
Казна Кулбаевна
Алматы
қаласы, Жетісу ауданы
МКҚК
№162 бөбекжай-балабақшасы
1-санатты
тәрбиешісі.
Өзге
тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
«Анамыздың
ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді
ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды
ұмыту».
Б.Момышұлы
Тіл
- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың
рухани байлығы, өткені мен болашағының
айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін
біле білген, оны ұлттың рухына, қазына
байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың
жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті,
ұлттық болмысы.
Тіл
ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше
қатынас құралы. Біздің қазақ халқының
тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем
тіл. Тіл - адамның барлық саналы өмірінің
құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті,
қоғамның белсенді азаматы болуды ол
тіл арқылы үйренеді. Тіл байлығын игеру
– ана тілін қадрлейтін, тіл мәдениетінің
шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана
тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық
борышы, қоғамда атқаратын қызметінің
тірегі.
Бұрынғы
даналардан қалған: «Қанша тілді білсең,
сонша мәдениеттісің, сонша байсың»
деген сөз бар. Әрине, құптарға боларлық
ой, бірақ, өзге тілді білемін деп жүргенде
өз тілімізден көз жазып қалмайық!
Қазақстанның көпұлтты болуы – ешкімнің
қолдан жасаған әрекетінің нәтижесі
емес, тарихи даму жолымен солай қалыптасты.
Және бұл біздің еліміздің кемшілігі
емес, басқалардан артықшылығы. Өйткені,
көптүрлі мәдениеттің, діннің, дәстүрдің,
білімнің, т.б. арасынан шыққан жақсылықтарды
бойымызға сіңіре аламыз.
Тілдерді
дамыту – елдердің мемлекеттік саясаттың
аса маңызды бағыттарының бірі. Жалпы
мемлекеттік тіл саясатын толыққанды
жүзеге асыру бұл бұқаралық іске айналғанда
ғана көздеген мақсатына жете алады. Бүгінде
де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі,
білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін
жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің
қатерлі дерті болып табылады. Туған
тілден безінген азаматтарды көргенде
Паустовскийдің “Туған тіліне жаны
ашымаған адам жәндік” - деп ашына айтқаны
ойға оралады.
Тілді
насихаттауда,үйретуде жеке адамдардың,
отбасының атқарар қызметін жан-жақты
зерттеп, оны жүзеге асырудың озық
әдістемесін жасауда да БАҚ-тың атқарар
қызметі мол болуы тиіс.
Тілсіз
халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес.
Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің
жұлдызын биіктетуіміз керек.
Өзгенің
құлы емес өз еліміздің ұл – қызы болайық,
өзгенің емес,өз еліміздің тілін ұлықтап,
мәртебесін асырайық!