"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша педагогтеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте! »


Мақсаты: Балаларға 22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі екенін ұғындыру. Тақпақтар мен мақал-мәтелдер арқылы тілдерін дамыту. Өз ана тіліндерін құрметтеуге, таза сөйлеуге тәрбиелеу.


Жүргізуші: - Қайырлы күн, ана тіліміздің мерекесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Шаттық» бөбекжайының қызметкерлері дайындаған ертегіні бастауға рұқсат етіңіздер. Елбасымыз «Н.Ә.Назарбаетың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап, мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997 жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізінде бекітілген.


Жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайын білімдерін

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан

Тіліңе зер салыңдар бұрынғының. -дей келе бүгінгі бөбекжай қызметкерлерінің дайындаған «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен көрініс тамашалаңыздар.

Ерте, ерте, ертеде Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті. Бір күні мақта қыз үй сыпырып жүріп мейіз тауып алыпты. Мейізді мысыққа бермек оймен мысықты шақырады. Бірақ жылы жерде пырылдап ұйықтап жатқан мысық келуге ерініп жата береді. Мысық келмеген соң, Мақта қыз мейізді өзі жеп кояды. Ұйқысынан оянып келген мысық Мақта қызға:

- Мияу-мияу!

- Апатай мені неге шақырдың?

Мақта қыз: -Келмеген өзіңнен көр! Айтпаймын.

Мысық: - Айтпасаң мен сенің қатығыңды төгіп тастаймын- деп Мақта қыздың қатығын төгіп тастайды.

Жүргізуші: Мысыққа ашуланған Мақта қыз, мысықтың құйрығын кесіп алады.

Мысық: - Апатай-апатай құйрығымды берші- дейді.

Мақта қыз: - Сен менің қатығымды тауып бер, сосын мен саған құйрығыңды беремін - дейді.

Жүргізуші: Мысық қатық іздеп жолға шығады. Көп жүрген мысық қатық алу үшін сиырды іздеп келе жатып үлкен өзенге тап болады. Мысық өзеннен қалай өтерін білмей тұрған кезде өзеннің жағалауында жатқан бір қағазға көзі түседі. Қағазды ашып қараса оған бір тапсырма берілген екен.

Тапсырма: Тіл туралы мақал-мәтел айту.

1. «Тілі басқа - тілегі бір, Нұрәділ

Жүзі басқа жүрегі бір»

2. «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» Батыр

3. «Өнер алды- қызыл тіл» Қалқаман

4. «Ана тілі- дана тіл» Сағын

5. «Тіл тағдыры - ел тағдыры» Сания

Жүргізуші: Барлық тапсырманы орындалған соң, Мысық өзеннің арғы бетіне өтеіп, сиырға келеді.


Мысық: - Мияу,мияу! Сиыр маған сүт берші.

Сиыр: - Мөөө, мөөөө! Менің қарным ашты сен маған жапырақ бер.

Мысық: - Жарайды.

Жүргізуші: Енді мысық сиырға жапырақ әкелу үшін терекке қарай жол тартады. Жолда келе жатып ол үлкен тасқа келіп тіреледі. Тастан әрі қарай калай өтерін білмей дал болады. Тасты әрі итеріп, бері итеріп әлі келмейді. Көзі тағы қағазға түседі. Қараса тағы тапсырма берілген.

Тапсырма: Жұмбақтың шешуін табу. (ата-аналарға)

1. Жаны жоқ болсада,

Ақылды адам ісін істейді. (Кітап)

2. Білімнің жол басшысы,

Шәкірттің қол басшысы (Мұғалім)

3. Ақыл - ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігіне байлаған,

Қанбайды адам құмары (Білім)

4. Білімнен мол сый асы,

Балғындардың ұясы (Мектеп)


Жүргізуші: Тапсырма орындалғаннан кейін, Мысыққа жол ашылады. Мысық Терекке келіп:

- Мияу, мияу! Терек-терек маған жапырақ берші.

Терек: Тербеліп жіберіп... - Мен шөлдедім, маған су керек.

Жүргізуші: Мысық шөлдеп тұрған терекке су іздеп тағы әрмен карай жүреді. Қатты шаршап шалдығады. Келе жатып үшке бөлінген жолға кездесіп, кай жолмен жүрерін білмей тұрып қалады.

Мысық: - Оййй мына жолдың қайсы мені құдыққа апарады. Маған көмектесесіздер ме?

Тапсырма: Тіл туралы тақпақтар

1. Қазақстан халқының Рахман

Қазақ тілі тірегі.

Ана тілде айтылар

Ән ұраны жүрегі.

2. Ана тілім - елдігім, Тайла

Ана тілім - ерлігім.

Ана тілім - болмаса,

Бүтінделсем кемдігім.....

3. Жүрегімнің бөлшегі Фарида

Қаның, жаның - тілінде.

Арың, нәрің тіліңде.

Ұмтыл оны білуге.

Тілден алып ғибрат,

Құлшынасың білімге.

4. Ана тілің- ертегің Нұрсана

Ана тілің- өркенің

Ана тілің- ертеңің.

Қадірле ана тіліңді-

Жүрегіңнің бөлшегін.


Жүргізуші: Тапсырма орындалған соң, қай жолмен жүретіні белгілі болады. Жолдан өткен соң су алып келе жатқан кыздарды көреді.

Мысық: - Мияу, мияу! Қыздар-қыздар маған су беріңіздерші.

Қыздар: - Сен бізге сағыз бер, сосын саған су береміз.

Жүргізуші: Қыздарға сағыз алмақшы болып мысық енді дүкен іздейді. Дүкенге барар жолда жаңбыр жауып, мысық тоңып, жаурайды. Нөсерлеп жауған жаңбырды қалай тоқтатарын білмейді.

Мысық: - Достар мен жауырадым, тоңып қалдым. Мына жаңбырды тоқтату үшін маған көмектесесіздер ме? Ол үшін мақал- мәтелдің жалғасын табу керек.

Тапсырма: Мақал-мәтелдің жалғасын табу. (ата-аналарға)

1. Шебердің қолы ортақ

Шешеннің тілі ортақ.

2. Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.

3. Бас кеспек болса да,

Тіл кеспек жоқ.

4. Тіліңмен жүгірме,

Біліміңмен жүгір

5. Жұпары жоқ гүлден без,

Жұғары жоқ тілден без.


Жүргізуші: Жаңбыр тоқтаған соң мысық дүкенге кіреді.

Мысық: - Мияу, мияу! Сәлеметсізбе? Маған сағыз бересіз бе?

Дүкенші: - Маған жұмыртқа керек, сен маған жұмыртқа алып кел, сосын мен саған сағыз беремін.

Жүргізуші: Қатты шаршап мысық енді жұмыртқа алу үшін тауықты іздеп шығады. Жолда қатты жел тұрып кетеді. Желді қалай тоқтарын білмей мысық желмен бірге қайта -қайта ұшып кетеді.

Мысық: - Оййй мен қатты шаршадым. Мына жел мені жүргізер емес. Енді не істеймін? Балалар сендер маған көмектесесіздер ме?

Балалар: -Жарайды.

Мысық: - Ендеше, «Менің Отаным Қазақстан!» деген сөзді үш тілде айтып, үйренгіміз келеді ме?

Балалар: - Ияяя

Тапсырма:

«Менің Отаным Қазақстан»

«Моя родина Казакстан»

«My country is Kazakstan»

Мысық: - Жарайсыңдар! Рақмет!!!

Жел тоқтап қуанған мысық тауыққа келеді.

Мысық: - Мияу, мияу! Тауық- тауық маған жұмыртқа берші.

Тауық: - Қыт,қыт, қыт! Менің қарным ашты маған тары керек.

Жүргізуші: «Енді тарыны қайдан табамын» - деп келе жатырғанда інін қазып жатқан тышқанды көріп, тап береді.

Мысық: - Қане айт! Үйіңде не бар?

Мысықтан қорыққан Тышқан: - Бір қап тары бар.

Жүргізуші: Сөйтіп тарыны алған мысық тауыққа барады. Тауықтан жұмыртқаны алып дүкеншіге барады. Дүкеншіден сағызды алып қыздарға барады. Қыздардан суды алып терекке барады.Теректен жапырақты алып сиырға барады. Сиырдан қатықты алып Мақта қызға барады.

Сөйтіп, Мақта қыз бен Мысық қайтадан дос болады. Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер сіздерге Мысыққа көмектескендеріңіз үшін көп рақмет. Әрқашан қазақтың ертегілерін оқып жүрейік, тілімізді ұмытпайық.

Жүргізуші: Енді ортаға «Ботақан» тобының бүлдіршіндерін «Ана тілін сүйеміз» әнімен ортаға шақырайық.

Жүргізуші: Біз, қазақ болғанымыз үшін әлемде ең бай, ең сұлу тілде сөйлейтініміз үшін өзімізді бақытты сезінеміз.

Ұмытпа ана - тіліңді,

Өз тілің өскен өркенің,

Ананың берген ақ сүті,

Мақтанышың ұлттық - ол сенің!- деп бүгінгі тілдер мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.10.2018
1068
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі