өзге ұлт өкілдеріне арналған "Мен қазақша сөйлей аламын!" қазақ тілін үйрету курсы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

өзге ұлт өкілдеріне арналған "Мен қазақша сөйлей аламын!" қазақ тілін үйрету курсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Коммуникативтік оқытуда білім алушы тек қана тіл туралы білімді меңгермейді, сонымен қатар, мәдени-әлеуметтік компонентті де меңгереді: жыл он екі ай көлемінде жұмыс барысымен, оның ерекшелігімен, әр маусымдағы қажеттіліктермен, мерекелермен қатысты сөздік білімі, осылардың бәрі шынайы қарым-қатынастың жағдаяттарында сөйлеушімен өзара қарым-қатынас жасауға көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Талдықорған қаласы Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы









Мен қазақша сөйлей аламын!

(өзге ұлт өкілдеріне арналған тіл үйрену курсы)



Жетекшісі қазақ тілі пән мұғалімі

Досыкенова Алма Рахымберлиновна








Талдықорған қаласы

ТҮСІНІК ХАТ

Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде бірлік жолында азаматтық бірізділікті қалыптастыру үшін маңызды. Қазақ тілін білу – қазіргі әр қазақстандықтың өзіндік ерекшелігінің кепілі. Дәл осы идея қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерін іздеу қажеттілігін туғызды.

Курста оқытудың басым әдісі – коммуникативтік тәсіл. Бұл тәсілді алуымның бірнеше себептері бар:

біріншіден, мақсатты тілдерді оқыту оқытылатын тілдің ауызекі сөйлеу нормасын меңгеруге бағытталған, сондықтан ең алдымен, тыңдалым мен айтылым дағдыларына көңіл бөлінеді; айтылымдағдысын дамыту арқылы жүзеге асырылады;

екіншіден, тілді оқыту грамматикалық ережелермен шектелмейді, яғни өзге тілді алғаш үйренушілерге «бастауыш», «баяндауыш», «морфология», «синтаксис» т.б. білу маңызды емес. Бала грамматикалық құрылымдарды білмей тұрып, оқу мен жазуды білмесе де сөйлей бастайды, тіпті сөйлемдерді де дұрыс құрайды. Ол жай ғана сөздерді айтады, сөздердің мағынасын түсінеді, айналасындағы адамдармен тілдесе бастайды. Уақыт өте келе оның сөздік қоры молаяды, қоршаған адамдардың басым бөлігі оны түсінетіндей деңгейде сөйлесе алады. Содан кейін ғана бала оқу мен жазуды үйренеді. Курста ана тілінен өзге тілді үйренудің негізі осында жатыр.

Мұндай оқытудың негізгі мақсаты грамматикалық құзыреттілікті қалыптастыру емес (сөз тіркестері мен сөйлемдерді сауатты құру, мезгіл шақтарын дұрыс қолдану, әр түрлі сөйлемдердің құру түрлерін білу), коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру. Сөзсіз, грамматикалық құзыреттілік маңызды, бірақ коммуникативтік тәсілдемеде грамматикалық ережелерді іс жүзіндегі қарым-қатынаста қолдануға негізделген.

Коммуникативтік құзыреттілік тілді әр түрлі мақсат пен функцияда қолдануды, әр түрлі сипаттағы және типтегі мәтіндерді құру, оқу және түсіну, шектеулі лексикалық және грамматикалық базасы болғанның өзінде әңгімеге араласуды қамтамасыз етеді.

Курс барысында тілдік құрылымдардың дұрыстығына емес, диалогты әрі қарай өрбіту нұсқасын ұғыну, жалпы коммуникативтік мақсатқа жету, өзгертіп айту дағдысын дамыту параметрлеріне назар аударылады.

Коммуникативтік оқытуда білім алушы тек қана тіл туралы білімді меңгермейді, сонымен қатар, мәдени-әлеуметтік компонентті де меңгереді: жыл он екі ай көлемінде жұмыс барысымен, оның ерекшелігімен, әр маусымдағы қажеттіліктермен, мерекелермен қатысты сөздік білімі, осылардың бәрі шынайы қарым-қатынастың жағдаяттарында сөйлеушімен өзара қарым-қатынас жасауға көмектеседі.

Айтылым - адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлеу әрекетінің бір түрі. Өзіне таныс (отбасы, өмірі, оқуы туралы) тақырыптар бойынша өз ойын түсінікті етіп жеткізе отырып, қарапайым тіркестер мен сөйлемдер арқылы сөйлесе алады. Күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін сипаттайалады. Ол – тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару үдерісі, өз сөзін екінші біреуге ұғынықты етіп жеткізу.

Қатысушы сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін қамтитын - тілдесім арқылы қарым-қатынасқа түсе отырып, білімін жетілдіреді. Бағдарлама спиральді білім беру қағидатына негізделген. Яғни, тыңдаушыға ұсынылып отырған әдіс-тәсілдерде де оның дағдысын қайталау арқылы қалыптастыруға бағытталған. Ол әр маусымда жүргізілетін жұмыс түрлерімен , сөз , сөз тіркестерін байланыстыра отырып жаңа білімге жетелейді.

Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту ұсынылған. Оқушылардың қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсініп сөйлеуге, бірінің пікірін бірі қадірлеуге, өзіндік және өзара бағалауға, сөзді ойын арқылы жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйрету мақсатында белсенді оқыту, коммуникативтік технология, интерактивті оқыту негізінде ұйымдастыру мен сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегиялары қолданылған.






«Мен қазақша сөйлей аламын!» курсының жұмыс жоспары

Тақырыбы

Уақыты

Үйренетін сөздері

Қолданылатын әдістері

Күтілетін нәтиже

Бағалау парағы

Үй тапсырмасы

1

«Мен қазақша қанша сөз білемін?» өзіндік бағалау сабағы

1-апта

Сәлем! Мен қазақша ------- сөз білемін. Сен қанша сөз білесің? Ооо, өте жақсы! Керемет! Маған үйретесің бе? Рахмет! Сау болыңыз!

1.Оқушылардың қазақ тілінде өздері білетін сөздерін жаздырту; 2. Жазған сөздерін оқыту (сауатты оқуға көңіл бөлу керек); 3. Берілген дайын сөздер мен сөйлемдерге білетін сөздерін қосқызып, диалог құрастырып, бір-бірімен сөйлету.

Жаттығу жұмысы оқушының айтылым дағдысы қалыптасқанша жаттығу

1. Оқушылар өздері қазақ тілінде білетін сөздерін жазу арқылы деңгейлерін анықтайды. 2. Өздері білетін сөздерін сауатты оқиды 3. Берілген сөздер мен сөйлемдер арқылы білетін сөздерін қолдандыру


«Мен бүгінгі сабақта қанша сөз үйрендім?» шығу парағында оқушылар берілген дайын сөздермен бірге достарының айтқан сөздерінен үйренгендерін жазады.


1.Жаңа сөздерді жаттау 2. Отбасы мүшелерімен жаңа сөздерді қайталау мақсатында сөйлесу


2

«Тіл үйрену қиын емес» тренинг сабағы «Күз» тақырыбымен

2-апта

1. Сәлеметсіз бе? Амансыз ба? Қалыңыз қалай? Рақмет, жақсы. Қайырлы күн! Қайырлы кеш!

2. Оңай, тез, жылдам, оңай айтылады, тез жатталады, жылдам айтамын

3. Күзгі уақыт, сарғайған жапырақтар, сабақ басталды, сыныптастарым, ауа райы, жаңбыр, күн шықты, жел соқты

1. «Есіктегі тапсырма» әдісі. Оқушылар есіктегі стикерде жазылған сөздердің бірнешеуін алады да қажеттісін ғана қолданады. Мысалы, «Қайырлы күн» немесе «Сәлеметсіз бе?» сөздерін қолданады,ал «Қайырлы түн!» сөзі қолданылмайды. Егер оқушы қолданған жағдайда оны түсіндіруін сұраймын. 2. «Оңай, тез, жылдам, оңай айтылады, тез жатталады, жылдам айтамын» сөздерін оқушылармен бірге оқимыз, аударамыз. Оқушылардың тілі жаттыққанша бірнеше қайтара айтқызамын. 3. Стол үстіндегі карточкада жазылған жаңа сөздер мен сөз тіркестерін аларда оқушылар міндетті түрде «Оңай, тез, жылдам, оңай айтылады, тез жатталады, жылдам айтамын» деген сөздерді қайталау керек. Міндетті. 4. Карточкада берілген сөздерді аударады. Тақырыпты анықтайды. Өздері осы тақырыпқа қатысты қандай сөз білетіндерімен бөліседі. Оны тақтаға жазып қоямыз. 5.Барлық сөздерді пайдаланып қысқаша мәтін құрастырады. Диалогпен өзара әңгімелеседі

Оқушылар ойнау арқылы сөзді тез үйренеді. «Оңай, тез, жылдам, оңай айтылады, тез жатталады, жылдам айтамын» сөздерін айта алады, сауатты жаза алады және қолдана алады. Кез келген жаңа сөзді жаттарда осы сөздерді қайталауға дағдыланады Күз мезгіліне қатысты берілген сөздермен қоса өздерінің білетін сөздерімен бөліседі. Карточкада берілген сөздерді аударады. Қысқаша мәтін құрастырады. Мәтіннің әр сөйлеміне сұрақ қоя отырып, диалогқа құрайды.

1. «Мен үшін не оңай айтылды, не тез жатталды, не жылдам айтылды? » деген сұраққа жауап береді

1. Жаңа сөздерді қайталау; 2. ПОДКАСТИНГ міндетті түрде « Күзгі уақыт, сарғайған жапырақтар, сабақ басталды, сыныптастарым, ауа райы, жаңбыр, күн шықты, жел соқты» сөздерін қолдану керек.

3

«Күздің көркі»

3-апта

1.Ары жүр, оңға жүр, солға жүр, баспа, алға жүр, аяғыңды бас

2.Таңертең, күндіз, кешқұрым, жер, түнде, алтын, күміс, ағаш, орман, жапырақ, суық, жылы

Сабақ «Мина» әдісімен басталады. 1.Оқушылар келмес бұрыс аудиторияның еденіне алдыңғы өткен сабақтағы сөздер жапсырылған стикерлер тасталады. 2.Оқушылар сабаққа келгенде қолдарына «.Ары жүр, оңға жүр, солға жүр, баспа, алға жүр, аяғыңды бас» деген сөздерді орысша аудармасымен беремін. Оқушылар оның орысша аудармасына қарайды, бірақ қазақшасын ғана айту керек. 3. Оқушылардың біреуін ортаға алып шығып, көзін байлаймыз. Ол жерде жатқан стикерді баспай белгіленген жерге өтуі керек. Оған оқушылар қолдарында екі тілде жазылған қағаз арқылы ғана көмектеседі. Егер оқушы стикерді басып керсе, онда сол стикерде жазылған сөздің аудармасын айтады немесе сөйлем құрастырады (бірнеше рет қайталанады) 4. Подкастингтерінің қорытындысы айтылады. Үздік жұмыс көрсетіледі. Талданады. 5. Оқушыларды жұптастырып жаңа сөздерді бөліп беремін. Оқиды, аударады, сөйлем құрастырады. Тексеремін. Дұрыс болған уақытта өзге жұптарға түсіндіруге рұқсат алады. 6. Шеңбер бойынша барлық оқушыға «Сен білесің бе?» әдісі бойынша айтып шығады.

1.Оқушылар «.Ары жүр, оңға жүр, солға жүр, баспа, алға жүр, аяғыңды бас» деген сөздерді ойын барысында қазақша айтуға дағдыланады. 2.Жұппен жұмыс арқылы жаңа сөздерді талдайды, мағынасын ұғады, қолдана алады. 3. «Сен білесің бе?» әдісі арқылы жаңа сөздерді қолданады, түсіндіреді, айту дағдысы қалыптасады.

«Мен үйренген жаңа сөздер» үйренген сөздерін ауызша айтып береді. Қай оқушы көп айтса, сол жеңімпаз.

ПОДКАСТИНГ міндетті түрде «Ары жүр, оңға жүр, солға жүр, баспа, алға жүр, аяғыңды бас, таңертең, күндіз, кешқұрым, жер, түнде, алтын, күміс, ағаш, орман, жапырақ, суық, жылы» сөздерін қолдану керек.

4

Күздің ерекшеліктері

4-апта

1.Сіз күздің ерекшеліктерін білесіз бе? 2.Күз несімен ерекше? 3.Сіз күз айын жақсы көресіз бе? 4. Күз ай Сізге несімен қызықты? 5. Күзде құстар неге жылы жаққа ұшады? 6. Сіз жылы жаққа керткен құсты көрдіңіз бе?

Сабақ «Сұрақтар аллеясымен» басталады. Оқушылар сұрақтар ілінген жолмен жүреді. Оқиды. Өздері түсінген сұрақты таңдап алады. Ол сұрақтың орысшасын айтады. Сұраққа қазақша жауап дайындайды. Ғаламтор, кітап, сөздіктерді пайдалануға рұқсат беріледі. Сұрақты тапсырмған соң, басқа сұрақты алады. Уақыт біткенше көп сұраққа жауап беруге тиіс

Оқушылар өздері таңдаған сұраққа жауап беруге тырысады. Алдыңғы өткен сабақтағы сөздерді пайдаланады. Өзге де ресурстардан ақпараттарды пайдаланып, сөйлей алады.

«Мен бүгін неше сұраққа жауап бердім?» өзіндік саралау жүргізеді

ПОДКАСТИНГ – интервьюде міндетті түрде «1.Сіз күздің ерекшеліктерін білесіз бе? 2.Күз несімен ерекше? 3.Сіз күз айын жақсы көресіз бе? 4. Күз ай Сізге несімен қызықты? 5. Күзде құстар неге жылы жаққа ұшады? 6. Сіз жылы жаққа кеткен құсты көрдіңіз бе?» сұрақтарын қолдану керек.

5

Күздегі менің жұмыс жоспарым

5-апта

Ерте тұрамын, түсте сабақтан қайтамын, сабаққа дайындаламын, сабақ оқимын, үй шаруасына көмектесемін, күзгі бақта қыдырамын, достарыммен ойнаймын, ата-анама көмектесемін

Жеке таныстырылым жасайды.

Барлық сөздерді қолдануға талпынады.

«Маған ұсынылған сөздердің нешеуін мен пайдаландым?» сұраққа жауап беру керек.

«Ерте тұрамын, түсте сабақтан қайтамын, сабаққа дайындаламын, сабақ оқимын, үй шаруасына көмектесемін, күзгі бақта қыдырамын, достарыммен ойнаймын, ата-анама көмектесемін» сөздерін қатыстырып, мәтін құрау

6

«Алтын күз» мерекесі

6-апта

Алтын күз, кұз кереметі, күз патшайымы, жемістер мерекесі

«Қабырғадағы рөл» стратегиясы бойынша жұмыс. Қабырғаға «Алтын күз!» мерекесінен суреттер ілінеді. Оқушылар өздері таңдаған суреттерін алып, оның астына кішігірім мәтін жазып, әсемдеп, қайта іледі.

Оқушылар өздері таңдаған сұраққа жаңа сөз тіркестерін пайдаланып, мәтін құрастыра алады

«Мен қызықты мәтін таптым!» айдарымен өзге оқушылардың еңбегінен қызықты мәтін іздеп табуы керек

Өткен сөздерді толықтай қайталап келеді.

7

Қайталауға арналған тапсырмалар

7-апта

Оқушылар осы уақытқа дейін үйренген сөз, сөз тіркестері мен сұрақтары

Оқушылар осы уақытқа дейін үйренген 60 сөз бен сөз тіркесін және 10 сұрақты қаншалықты меңгергендіктерін көрсетеді. Оны тексеру үшін олар жұппен жұмыс жасайды. Бір-біріне сұрақтар қою арқылы білгендерін айтып шығады, толықтырады, тексереді. Дайын болған уақытта топ алдына шығып сұрақтарына жауап береді. «Кім жылдам?» стратегиясын қолданамын

Оқушылар өздері үйренген сөздерін толық айтып шығады.

Сұрақтарға жауап бере алады.

Үйренген сөз тіркестерін дұрыс қолдана алады

«Мен не үйрендім?» өзіндік бағалау парағы бойынша жұмыс

Өткен сөздерді толықтай қайталап келеді.

8

Күзгі демалыс

8-апта

Күзгі демалыс, тоқсан қорытындысы, менің арманым, саяхат, үйірме, армансыз ойнау,

Жаңа сөздермен жұмыс. Аудару , дұрыс айту дағдысын қалыптастыру, сауатты жазу. «Күзгі демалысым» тақырыбында апталық жоспар құрып, оны жеке талдау.

«Күзгі демалысым» тақырыбында апталық жоспар құрғанда жаңа сөздерді сауатты қолдана алады. Ауызша өз жоспарын талдауға талпынады

««Менің күзгі демалысым» деген жоспарымда қолданылған сөздер саны нешеу?» сұрағына талдап жауап беру

Өткен сөздерді толықтай қайталап келеді.

9

Күзгі демалысым

9-апта

Өткен сөздерді қайталау; «Мен күзгі демалысымды қалай өткіздім?»


«Күзгі демалысым» тақырыбында жасаған апталық жоспарлары бойынша жұмыс. «Мен күзгі демалысымды қалай өткіздім?» деген сұраққа ауызша жауап береді. Жетек сұрақтар арқылы коммуникативті қарым-қатынасқа түсу керек.

Оқушылар «Мен күзгі демалысымды қалай өткіздім?» деген сұраққа жауап беру арқылы коммуникативті қарым-қатынасқа түсе алады. Бір – біріне сұрақ қоя алады.

«Мен бүгін қанша сұраққа еркін жауап бердім?» сұрағына ауызша жауап береді

«Күз» тақырыбына таныстырылым дайындау

10

«Күздің қараша айы»

10-апта

Қоңыр күз, суық күн, алғашқы қар, Таңертең, күндіз, кешқұрым, жер, түнде, суық, жылы

Сабақ «Партадағы тапсырма» әдісімен басталады. 1.Оқушылар келмес бұрын әр партаға жаңа сөздер жазылған стикерлер тасталады. 2. Алдыңғы 2 айдың қорытындысы айтылады. Үздік оқушылар аталады. Талданады. 3. Оқушыларды жұптасып жаңа сөздерді оқиды, айтады , аударады, сөйлем құрастырады. Тексеремін. Дұрыс болған уақытта өзге жұптарға түсіндіруге рұқсат алады. 4. Шеңбер бойынша барлық оқушыға «Сен білесің бе?» әдісі бойынша айтып шығады.

«Сен білесің бе?» әдісі арқылы жаңа сөздерді қолданады, түсіндіреді, айту дағдысы қалыптасады.

«Мен үйренген жаңа сөздер» үйренген сөздерін ауызша айтып береді. Қай оқушы көп айтса, сол жеңімпаз.

ПОДКАСТИНГ міндетті түрде бүгінгі үйренген сөздерін қолдану керек.

11

Сұрақтар жаңбыры

11-апта

Оқушылар дайындаған сұрақтармен жұмыс

1.Оқушылар екі топқа бөлініп, дайындаған сұрақтарын реттейді. 2. А3 қағазына жазып, уақытын белгілеп, келесі топқа береді. Сұрақтармен алмасады. 3. Сұрақтарды оқып, жауаптарын белгіленген уақытта дайындап үлгеруі тиіс. 4. Уақыт болғанда бір топ сұрақтарын тез-тез оқиды. Келесі топ жауап беріп үлгеруі керек.Жауаптары дайын болғанда қолдарындағы қолшатырды көтереді. Қолшатыр көтерілгенде сұрақ қоюшылар тыңдау керек. Жауап дұрыс болмаса, «Су болдың» деп, келесі сұрағын оқиды.

Оқушылар сұрақ дайындай алады және сұраққа жылдам жауап беруге тырысады

«Біз бүгін неше рет су болдық?» топтық талдау жасайды

Реттелген сұрақтармен үйде жұмыс жасау керек

12

Қайталауға арналған тапсырмалар

12-апта

Оқушылар осы уақытқа дейін үйренген сөз, сөз тіркестері мен сұрақтары

Оқушылар осы уақытқа дейін үйренген сөз бен сөз тіркесін, сұрақтарды қаншалықты меңгергендіктерін көрсетеді. Оны тексеру үшін олар жұппен жұмыс жасайды. Бір-біріне сұрақтар қою арқылы білгендерін айтып шығады, толықтырады, тексереді. Дайын болған уақытта топ алдына шығып сұрақтарына жауап береді. «Кім жылдам?» стратегиясын қолданамын

Оқушылар өздері үйренген сөздерін толық айтып шығады. Сұрақтарға жауап бере алады.

Үйренген сөз тіркестерін дұрыс қолдана алады

«Мен не үйрендім?» өзіндік бағалау парағы бойынша жұмыс

Өткен сөздерді толықтай қайталап келеді.

13

Қыстың ерекшеліктері

13-апта

1.Сіз қыстың ерекшеліктерін білесіз бе? 2. Қыс несімен ерекше? 3.Сіз қыс айын жақсы көресіз бе? 4. Қыс ай Сізге несімен қызықты? 5. Жаңа жыл туралы не айта аласың?


Сабақ «Сұрақтар аллеясымен» басталады. Оқушылар сұрақтар ілінген жолмен жүреді. Оқиды. Өздері түсінген сұрақты таңдап алады. Ол сұрақтың орысшасын айтады. Сұраққа қазақша жауап дайындайды. Ғаламтор, кітап, сөздіктерді пайдалануға рұқсат беріледі. Сұрақты тапсырмған соң, басқа сұрақты алады. Уақыт біткенше көп сұраққа жауап беруге тиіс

Оқушылар өздері таңдаған сұраққа жауап беруге тырысады. Алдыңғы өткен сабақтағы сөздерді пайдаланады. Өзге де ресурстардан ақпараттарды пайдаланып, сөйлей алады.

«Мен бүгін неше сұраққа жауап бердім?» өзіндік саралау жүргізеді

ПОДКАСТИНГ – интервьюде міндетті түрде «1.Сіз қыстың ерекшеліктерін білесіз бе? 2. Қыс несімен ерекше? 3.Сіз қыс айын жақсы көресіз бе? 4. Қыс ай Сізге несімен қызықты? 5. Жаңа жыл туралы не айта аласың?» сұрақтарын қолдану керек.

14

Қыстағы менің жұмыс жоспарым

14-апта

Ерте тұрамын, түсте сабақтан қайтамын, сабаққа дайындаламын, сабақ оқимын, үй шаруасына көмектесемін, қысқы бақта қыдырамын, достарыммен ойнаймын, шана, шаңғы, коньки тебемін.

Жеке таныстырылым жасайды.

Барлық сөздерді қолдануға талпынады.

«Маған ұсынылған сөздердің нешеуін мен пайдаландым?» сұраққа жауап беру керек.

«Ерте тұрамын, түсте сабақтан қайтамын, сабаққа дайындаламын, сабақ оқимын, үй шаруасына көмектесемін, күзгі бақта қыдырамын, достарыммен ойнаймын, шана, шаңғы, коньки тебемін.» сөздерін қатыстырып, мәтін құрау

15

Желтоқсандағы мереке

15-апта

Алғашқы президент, желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздік күні, азаттық, еркіндік

«Қабырғадағы рөл» стратегиясы бойынша жұмыс. Қабырғаға Елбасының, Тәуелсіздік монументінің суреттері ілінеді. Оқушылар өздері таңдаған суреттерін алып, оның астына кішігірім мәтін жазып, әсемдеп, қайта іледі.

Оқушылар өздері таңдаған сұраққа жаңа сөз тіркестерін пайдаланып, мәтін құрастыра алады

«Маған ұнаған мәтін» айдарымен өзге оқушылардың еңбегін бағалайды

Өткен сөздерді толықтай қайталап келеді.

16

Қыс кереметі

16-апта

Аяз, сықырлаған қар, боран, суық күн, жылы киім,

Жаңа сөздермен жұмыс. Аудару , дұрыс айту дағдысын қалыптастыру, сауатты жазу. «Қыс кереметі» тақырыбында мәтін құрып, оны жұппен талдау.

Жаңа сөздерді сауатты қолдана алады. Ауызша өз мәтінін талдауға талпынады

«Қыс кереметі! » деген мәтінде қолданылған жаңа сөздердің саны нешеу?» сұрағына талдап жауап беру

Өткен сөздерді толықтай қайталап келеді.

17

Қысқы демалысым

17-апта

Өткен сөздерді қайталау; «Мен қысқы демалысымды қалай өткіздім?»


«Қысқы демалысым» тақырыбы бойынша жұмыс. «Мен қысқы демалысымды қалай өткіздім?» деген сұраққа ауызша жауап береді. Жетек сұрақтар арқылы коммуникативті қарым-қатынасқа түсу керек.

Оқушылар «Мен қысқы демалысымды қалай өткіздім?» деген сұраққа жауап беру арқылы коммуникативті қарым-қатынасқа түсе алады. Бір – біріне сұрақ қоя алады.

«Мен бүгін қанша сұраққа еркін жауап бердім?» сұрағына ауызша жауап береді

«Қыс» тақырыбына таныстырылым дайындау

18

« Қысқы ойын түрлері»

18-апта

Қысқы ойын, ойын түрлері, шанамен сырғанау, коньки тебу, қар лақтыру, шаңғы

Сабақ «Партадағы тапсырма» әдісімен басталады. 1.Оқушылар келмес бұрын әр партаға жаңа сөздер жазылған стикерлер тасталады. 2. Оқушыларды жұптасып жаңа сөздерді оқиды, айтады , аударады, сөйлем құрастырады. Тексеремін. Дұрыс болған уақытта өзге жұптарға түсіндіруге рұқсат алады. 3. Шеңбер бойынша барлық оқушыға «Сен білесің бе?» әдісі бойынша айтып шығады.

«Сен білесің бе?» әдісі арқылы жаңа сөздерді қолданады, түсіндіреді, айту дағдысы қалыптасады.

«Мен үйренген жаңа сөздер» үйренген сөздерін ауызша айтып береді. Қай оқушы көп айтса, сол жеңімпаз.

ПОДКАСТИНГ міндетті түрде бүгінгі үйренген сөздерін қолдану керек.

19

Сұрақтар жаңбыры

19-апта

Оқушылар дайындаған сұрақтармен жұмыс

1.Оқушылар екі топқа бөлініп, дайындаған сұрақтарын реттейді. 2. А3 қағазына жазып, уақытын белгілеп, келесі топқа береді. Сұрақтармен алмасады. 3. Сұрақтарды оқып, жауаптарын белгіленген уақытта дайындап үлгеруі тиіс. 4. Уақыт болғанда бір топ сұрақтарын тез-тез оқиды. Келесі топ жауап беріп үлгеруі керек.Жауаптары дайын болғанда қолдарындағы қолшатырды көтереді. Қолшатыр көтерілгенде сұрақ қоюшылар тыңдау керек. Жауап дұрыс болмаса, «Су болдың» деп, келесі сұрағын оқиды.

Оқушылар сұрақ дайындай алады және сұраққа жылдам жауап беруге тырысады

«Біз бүгін неше рет су болдық?» топтық талдау жасайды

Реттелген сұрақтармен үйде жұмыс жасау керек

20

Шығармашылық жұмыс

20-апта

Оқушылар осы уақытқа дейін үйренген сөз, сөз тіркестері мен сұрақтары

Барлық сөздер тақтаға ілінеді. Оқушылар өздеріне керектерін таңдап алады да, сонымен қатыстырып, таныстырылым немесе сурет салып, мәтін құрастырады

Оқушылар таныстырылым немесе сурет салып, мәтін құрастыра алады

«Менің жұмысым несімен ерекше?» өзіндік бағалау

Өлең жаттау

21

Қайталауға арналған тапсырмалар

21-апта

Оқушылар осы уақытқа дейін үйренген сөз, сөз тіркестері мен сұрақтары

Оқушылар осы уақытқа дейін үйренген сөз бен сөз тіркесін және сұрақты қаншалықты меңгергендіктерін көрсетеді. Оны тексеру үшін олар жұппен жұмыс жасайды. Бір-біріне сұрақтар қою арқылы білгендерін айтып шығады, толықтырады, тексереді. Дайын болған уақытта топ алдына шығып сұрақтарына жауап береді. «Кім жылдам?» стратегиясын қолданамын

Оқушылар өздері үйренген сөздерін толық айтып шығады.

Сұрақтарға жауап бере алады.

Үйренген сөз тіркестерін дұрыс қолдана алады

«Мен не үйрендім?» өзіндік бағалау парағы бойынша жұмыс

Өткен сөздерді толықтай қайталап келеді.

22

Көктем ерекшеліктері

22-апта

1.Сіз көктем ерекшеліктерін білесіз бе? 2. Көктем несімен ерекше? 3.Сіз көктем айын жақсы көресіз бе? 4. Көктем айы Сізге несімен қызықты? 5. Әз Наурыз туралы не айта аласың?


Сабақ «Сұрақтар аллеясымен» басталады. Оқушылар сұрақтар ілінген жолмен жүреді. Оқиды. Өздері түсінген сұрақты таңдап алады. Ол сұрақтың орысшасын айтады. Сұраққа қазақша жауап дайындайды. Ғаламтор, кітап, сөздіктерді пайдалануға рұқсат беріледі. Сұрақты тапсырмған соң, басқа сұрақты алады. Уақыт біткенше көп сұраққа жауап беруге тиіс

Оқушылар өздері таңдаған сұраққа жауап беруге тырысады. Алдыңғы өткен сабақтағы сөздерді пайдаланады. Өзге де ресурстардан ақпараттарды пайдаланып, сөйлей алады.

«Мен бүгін неше сұраққа жауап бердім?» өзіндік саралау жүргізеді

ПОДКАСТИНГ – интервьюде міндетті түрде «1.Сіз көктем ерекшеліктерін білесіз бе? 2. Көктем несімен ерекше? 3.Сіз көктем айын жақсы көресіз бе? 4. Көктем айы Сізге несімен қызықты? 5. Әз Наурыз туралы не айта аласың?» сұрақтарын қолдану керек.

23

Көктемгі күн шуағы

23-апта

Еріген қар, жылы кұн, сай-сала су, Тамаша ауа райы, көңілді кез.

  1. Жаңа сөздермен жұмыс. Айтамыз, жазамыз, оқимыз, аударамыз.

  2. Жұптасып сөйлем құрастырамыз

  3. «Автобус аялдамасы» стратегиясы бойынша жұмыс

Барлық сөздерді қолдануға талпынады.

«Маған ұсынылған сөздердің нешеуін біз пайдаландық?» сұраққа жауап беру керек.

«Еріген қар, жылы кұн, сай-сала су, Тамаша ауа райы, көңілді кез.» сөздерін қатыстырып, мәтін құрау

24

Наурыз айы – мерекелі ай

24-апта

Наурыздағы мереке, көктемнің алғашқы күні, жылы лебіз, аналар мерекесі, қуаныш, гүл шоқтары

«Қабырғадағы рөл» стратегиясы бойынша жұмыс. Қабырғада көктем мерекесіне арналған суреттері ілінеді. Оқушылар өздері таңдаған суреттерін алып, оның астына кішігірім мәтін жазып, әсемдеп, қайта іледі.

Оқушылар өздері таңдаған сұраққа жаңа сөз тіркестерін пайдаланып, мәтін құрастыра алады

«Маған ұнаған мәтін» айдарымен өзге оқушылардың еңбегін бағалайды

Өткен сөздерді толықтай қайталап келеді.

25

Көктем кереметі

25-апта

Бүршік атқан ағаш, жаңбырлы күн, еріген қар

Жаңа сөздермен жұмыс. Аудару , дұрыс айту дағдысын қалыптастыру, сауатты жазу. « Көктем кереметі» тақырыбында мәтін құрып, оны жұппен талдау.

Жаңа сөздерді сауатты қолдана алады. Ауызша өз мәтінін талдауға талпынады

« Көктем кереметі! » деген мәтінде қолданылған жаңа сөздердің саны нешеу?» сұрағына талдап жауап беру

Өткен сөздерді толықтай қайталап келеді.

26

Көктемгі демалысым

26-апта

Өткен сөздерді қайталау; «Мен көктемгі демалысымды қалай өткіздім?»


« Көктемгі демалысым» тақырыбы бойынша жұмыс. «Мен көктемгі демалысымды қалай өткіздім?» деген сұраққа ауызша жауап береді. Жетек сұрақтар арқылы коммуникативті қарым-қатынасқа түсу керек.

Оқушылар «Мен көктемгі демалысымды қалай өткіздім?» деген сұраққа жауап беру арқылы коммуникативті қарым-қатынасқа түсе алады. Бір – біріне сұрақ қоя алады.

«Мен бүгін қанша сұраққа еркін жауап бердім?» сұрағына ауызша жауап береді

«Көктем» тақырыбына таныстырылым дайындау

27

Көктемдегі серуен

27-апта

Жасырынбақ, асықпай аяңдау, самал жел, сыңғырлаған күлкі, асыр салған бала, достармен қыдыру

Сабақ «Партадағы тапсырма» әдісімен басталады. 1.Оқушылар келмес бұрын әр партаға жаңа сөздер жазылған стикерлер тасталады. 2. Оқушыларды жұптасып жаңа сөздерді оқиды, айтады , аударады, сөйлем құрастырады. Тексеремін. Дұрыс болған уақытта өзге жұптарға түсіндіруге рұқсат алады. 3. Шеңбер бойынша барлық оқушыға «Сен білесің бе?» әдісі бойынша айтып шығады.

«Сен білесің бе?» әдісі арқылы жаңа сөздерді қолданады, түсіндіреді, айту дағдысы қалыптасады.

«Мен үйренген жаңа сөздер» үйренген сөздерін ауызша айтып береді. Қай оқушы көп айтса, сол жеңімпаз.

ПОДКАСТИНГ міндетті түрде бүгінгі үйренген сөздерін қолдану керек.

28

Сұрақтар жаңбыры

28-апта

Оқушылар дайындаған сұрақтармен жұмыс

1.Оқушылар екі топқа бөлініп, дайындаған сұрақтарын реттейді. 2. А3 қағазына жазып, уақытын белгілеп, келесі топқа береді. Сұрақтармен алмасады. 3. Сұрақтарды оқып, жауаптарын белгіленген уақытта дайындап үлгеруі тиіс. 4. Уақыт болғанда бір топ сұрақтарын тез-тез оқиды. Келесі топ жауап беріп үлгеруі керек.Жауаптары дайын болғанда қолдарындағы қолшатырды көтереді. Қолшатыр көтерілгенде сұрақ қоюшылар тыңдау керек. Жауап дұрыс болмаса, «Су болдың» деп, келесі сұрағын оқиды.

Оқушылар сұрақ дайындай алады және сұраққа жылдам жауап беруге тырысады

«Біз бүгін неше рет су болдық?» топтық талдау жасайды

Реттелген сұрақтармен үйде жұмыс жасау керек

29

Шығармашы лық жұмыс

29-апта

Оқушылар осы уақытқа дейін үйренген сөз, сөз тіркестері мен сұрақтары

Барлық сөздер тақтаға ілінеді. Оқушылар өздеріне керектерін таңдап алады да, сонымен қатыстырып, таныстырылым немесе сурет салып, мәтін құрастырады

Оқушылар таныстырылым немесе сурет салып, мәтін құрастыра алады

«Менің жұмысым несімен ерекше?» өзіндік бағалау

Өлең жаттау

30

Қайталауға арналған тапсырмалар

30-апта

Оқушылар осы уақытқа дейін үйренген сөз, сөз тіркестері мен сұрақтары

Оқушылар осы уақытқа дейін үйренген сөз бен сөз тіркесін және сұрақты қаншалықты меңгергендіктерін көрсетеді. Оны тексеру үшін олар жұппен жұмыс жасайды. Бір-біріне сұрақтар қою арқылы білгендерін айтып шығады, толықтырады, тексереді. Дайын болған уақытта топ алдына шығып сұрақтарына жауап береді. «Кім жылдам?» стратегиясын қолданамын

Оқушылар өздері үйренген сөздерін толық айтып шығады.

Сұрақтарға жауап бере алады.

Үйренген сөз тіркестерін дұрыс қолдана алады

«Мен не үйрендім?» өзіндік бағалау парағы бойынша жұмыс

Өткен сөздерді толықтай қайталап келеді.

31

Мамыр мерекесі

31-апта

Жеңіс күні, Отан қорғаушылар , батыр , ерлік, тағзым

Жаңа сөздермен жұмыс. Аудару , дұрыс айту дағдысын қалыптастыру, сауатты жазу. « Мамыр мерекесі» тақырыбында мәтін құрып, оны жұппен талдау.

Жаңа сөздерді сауатты қолдана алады. Ауызша өз мәтінін талдауға талпынады

« Мамыр мерекесі ! » деген мәтінде қолданылған жаңа сөздердің саны нешеу?» сұрағына талдап жауап беру

Өткен сөздерді толықтай қайталап келеді.

32

Шығармашы лық жұмыс

32-апта

Оқушылар осы уақытқа дейін үйренген сөз, сөз тіркестері мен сұрақтары

Барлық сөздер тақтаға ілінеді. Оқушылар өздеріне керектерін таңдап алады да, сонымен қатыстырып, таныстырылым немесе сурет салып, мәтін құрастырады

Оқушылар таныстырылым немесе сурет салып, мәтін құрастыра алады

«Менің жұмысым несімен ерекше?» өзіндік бағалау

Өлең жаттау

33

Қайталауға арналған тапсырмалар

33-апта

Оқушылар осы уақытқа дейін үйренген сөз, сөз тіркестері мен сұрақтары

Оқушылар осы уақытқа дейін үйренген сөз бен сөз тіркесін және сұрақты қаншалықты меңгергендіктерін көрсетеді. Оны тексеру үшін олар жұппен жұмыс жасайды. Бір-біріне сұрақтар қою арқылы білгендерін айтып шығады, толықтырады, тексереді. Дайын болған уақытта топ алдына шығып сұрақтарына жауап береді. «Кім жылдам?» стратегиясын қолданамын

Оқушылар өздері үйренген сөздерін толық айтып шығады.

Сұрақтарға жауап бере алады.

Үйренген сөз тіркестерін дұрыс қолдана алады

«Мен не үйрендім?» өзіндік бағалау парағы бойынша жұмыс

Өткен сөздерді толықтай қайталап келеді.

34

Дөңгелек стол

34-апта


Жыл бойы үйренгендерімен ой бөлісу

Әр оқушы өзіне СВОД талдау жасау керек.

Жылдық жұмысы туралы пікірін , үйренгенін ортада талдай алады





 Құрастырған қазақ тілі пән мұғалімі

Досыкенова Алма Рахымберлиновна


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
5563
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі